Көкірекаралық, бөліктері, ағзалары



Дата14.12.2021
өлшемі132,57 Kb.
#100763
Байланысты:
Өкпелердің және плевраның құрылысы




"Көкірекаралық, бөліктері, ағзалары"

Көкірекаралық, mediastinum, екі өкпкқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы. Көкірекаралық, mediastinum, алдынан төспен, артынан омыртқа жотасының кеуде бөлігімен, бүйірінен оң және сол көкірекаралықпен шектеледі. Көкірекаралық жоғарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасына, төменде көкетке дейін жетеді.

Париж номенклатурасы бойынша көкірекаралықты шарты түрде жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.

Жоғарғы көкірекаралық, mediastinum superius, төс сабын IV және V кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталатын тамырлар, кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі,кеуде түтігінің сәйкес бқлігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасады. Көкірек аралықтың құрылысы

Шекаралы:

Алдыңғы жағынан -төс және төсарты фасция;

Артқы жағынан - омыртқалардың кеуделік бөлімі, қабырғалардың мойыны және омыртқаалдылық фасция;

Бүйір жағы – плевра және кеудеішілік фасцияның жапырақшалары.

Төменнен – диафрагма және диафрагмальды фасция.

Жоғарғы жағы - фасциалды тяждар және пластинкалар арқылы мойынның фасциалды – клеткалық кеңістігінен бөлініп тұрады.

Кеуде қуысы

Шартты 4 бөлімге бөлінген: жоғарғы, алдыңғы, ортаңғы, артқы.

Жоғарғы – айырша без, иықбас веналары, жоғарғы қуысты венаның жоғарғы бөлігі, аорта доғасы, трахея, өңеш, кеуде лимфа ағымы, симпатикалық бағандар, кезбе жүйке және диафрагмальды жүйкелер, фасциялар және клетчаткалы кеңістіктер.

Алдыңғы – төс денесі мен перикардтың алдыңғы қабырғасы арасында, кеудеішілік фасциялар бар (тамырлар мен лимфа түйіндері).

Ортаңғы бөлімі – жүрек, трахеяның бифуркациясы, негізгі бронхтар, өкпелік артериялар мен веналар, диафрагмалды жүйкелер, лимфа түйіндері.

Артқы бөлімі – трахеяның шектелген бифуркациясы, перикардтың артқы қабырғасы, IV - XII кеуде омыртқаларының денелері.



Шартты горизантальді жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық, mediastinum inferius, орналасады.Ол өзі 3 бөлінеді: Алдыңғы-алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңға қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары, төс маңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады. Ортыңғы- жүрек және ірі қантамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап, басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкет-жүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральды жүрекқаптық лимфа түйіндері бар. Артқы- алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген. Онда: төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылайсыңар веналар,ішкі мүшелік нервтер, кезбе нерв, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы көкірекаралық, алдыңғы лимфа түйіндерінен тұрады.

Базель номенклатурасы бойынша: Алдыңғы көкірекаралықта- жүрек және жүрекқап, жүрекке кіріп, шығатын ірі артерия мен вена қантамырлары, айырша без, көкет нерві, Артқы көкірекаралықта- өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, кезбе нерв, оң және сол симпатикалық сабау.Алдыңғы көкірекаралық пен артқы көкірекаралықтың межелік шекарасы фронтальды жазықтықтың бойында орналасқан өкпе түбірі,radix pulmonis,болып саналады. Өкпеқаптың алдыңғы жиегіоң және сол жағында бірдей, өкпенің ұшынан apex pulmones, төмен медиальді бағытта өтіп, төс- бұғана буынының articulation sternoclavicularis, артқы бетіне өтеді.Одан әрі параллель бағытта II– қабырғадан IV қабырғаға дейін параллель төмен өтеді.

- Oң өкпенің алдыңғы жиегі, төс-бұғана буынының артқы бетінің тұсынан, алдыңғы орталық сызықтың linea mediana anterior, оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді. Одан әрі, төмен бағытта қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндісінен , processus xiphoideus төмен оң жаққа өтіп, оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады.

- Солөкпеқаптың алдыңғы жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі сияқты, төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен, төс сүйегінің сол қырының бойымен IV-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол IV- қабырғаның тұсында, жүректік тілікті, incisura cardiaca, (pulmonis sinistri)құрап, төмен бағытта өтіп, қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.

Төменгі жиегі, қабырғалық өкпеқаптың көкеттік өкпеқапқа жалғасқан жиегі немесе қыры болып саналады.

- Оң өкпеқаптың т.ж., алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы.Төмен латеральді өтіп, емшектік сызықта,linea mamillaris,VII- қабырғаны, ортаңғы қолтық сызықтың,linea axillaris mediana, IX-қабырғаны кесіп өтіп,одан әрі горизонтальді бағытта X және XI-қабырғаны кесіп өтіп, XII-қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

Көкірек қуысы — оң және сол жақ сірі қабық қапшықтары аралығында орналасқан, алды-тос сүйегімен, арты — омыртқаның кеуде түсы бөлігімен, төменнен- диафрагмамен, жоғарыдан — кеуде қуысының жоғарғы апертурасымен шектелген кеуде қуысының бір бөлігі.[2]



Көкірекаралық өкпеқаптар арасындағы кеңстікті толтыратын ағзалар кешені Көкірекаралық деп аталады. Бұл ағзалар кешені екі өкпе қаптары арасында перде түзетін сияқты. Көкірекаралық ағзалар күрделі нерв-тамыр түзілістері бар шелмаймен қоршалған.

Көкірек қуысының ішкі беті сір қабығы мен көмекерілген. Көкірек қуысы 12 жұп қабырға, төстік және омыртқа жотасын кеуде бөлігінің омыртқаларынан құралған. Көкірек қуысының жоғарғы және төмеңгі тесігі бар. Оның төменгі жағы мен іш қуысының аралығын көкет (диафрагма) бөліп тұрады. Көкірек қуысының пішіні адамның жынысына қарай әртүрлі болып келеді, сондай-ақ мамандығына және түрлі аурулар әсеріне қарай өзгеруі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет