2. Операциялық қимыл (іс-әрекет) - операцияның негізгі бөлігі, қажетті
емдік және диагностикалық шаралар орындалады;
3. Операцияны аяқтау- ағзаға жету кезінде, тілінген тіндерді бұрынғы
калпына келтіру.
Операцияны жасау барысында тіндерді барынша ұқыптылықпен сақтап
отыружәне қансырауды біржолата тоқтатуқажет. Осы талаптардың орындалуы
екіншілік қансыраудың және қабыну асқынуларының алдын-алуына ықпал
етеді.
Операция кезінде жараға инфекцияны түсірмеу - операцияның бірден-бір
шарты болып табылады.
Операция алдындағы кезең Бірнешеғасырлар бойы хирургтар анатомияны оқып келді. ХХ-шы ғасырда
хирургиялық көмектің ұлғаюына байланысты хирургтар операциядан кейінгі
өлімді және асқынуларды азайту үшін, физиологияны дұрыс түсіну керек
екендігіне көзі жетті. Сондықтан, науқасты операция алдындағы және содан
кейінгі кезендерде дүрыс жүргізіп, оны физиологиялык калыпты жағдайға
келтіру ғылыми түрғыдан қаралды. Қазіргі кезде хирургтар тек операция
жасау тәсілдеріне ғана емес, сонымен катар науқаста аурудың әсерінен
болатын аскыну мәселелеріне де көп көніл болуде.