Түсініп оқу оқушының оқыған текстің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады.
Шапшаң оқу - оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу.
Мәнерлеп оқу - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру,
R ead the text and analyze it. The Verger
Speak on topic «Shopping for clothes is the most exiting kind of shopping»
Shopping for clothes is the most exiting kind of shopping for me, because I really like to buy new clothes and shoes. Of course it is cool to do it with my mum. She can give me interesting advice, for example, how to combine different colours and things. But most of all I like to go shopping with my friends. We can not deny shopping centers are very popular nowadays, because people need to buy necessary things for their life every day. But there are some people who do not like shopping at all. There are many reasons for it. Some of them think that shopping is a waste of time. They prefer do online-shopping. Other people hate to spend a lot of money. I am really interested in fashion and clothes. I even thought about a career of designer, but I do not think I will be successful in this area. I do not follow every fashion trend. In conclusion I would like to say that shopping is a good way to spend your time and to relax. Just choose your favourite kind of shopping.
Билет №8
Шет тілінде жазуға үйрету дағдысын қалыптастыру.
Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстардың бірі – жазу.
Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз – сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта, қолдана білу. Жазу каллинһграфиядан, орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады:
1. Алғашқы алфавиттің әрпін жаза білу дағдысы
2. Дыбыстарды жаза білу дағдысы
3. Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы.
4. Әртүрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
1) Сөзді тыңдай білу
2) Сөзді айта білу
3) Көру факторы
4) Қолдын саусақтарын дұрыс пайдалану
Сонымен жазу процессінде адамның сезіну мүшелері – көз, құлақ, тіл, сөйлеу мүшелері қатысады.
Жазуға үйретудің жолдары. Оқушыларды шет тілінде әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру, жақсы үлгілермен таныстыру керек.
Каллиграфияға оқытудың кезеңдері:
1. Мұғалім балаларға карточкада жазылған үлкен және кішкентай әріпті көрсетеді.
Мысалы: Bb
Карточканың бірінші бетінде әріптер жазылған болса, екінші жағында сөздер жазылады.
Мысалы: Bb – Bed, book.
2. Мұғалім тақтаға сөзді жазып көрсетіп, қиын жерлерінің жазылуын түсіндіреді. Мысалы, Q әрпін қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек құйрығын жазғанда ғана қолды қағаздан айыруға болады, «r» әрпін жазғанда оны «v» әрпімен ұқсастырмау керек, «b» мен «d», «p» мен «q» әріптерін шатастырмау керек екенің түсіндіріп, мұғалім осы әріптері бар сөздерді жазады.
Әріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, содан кейін дәптерлерінде қайталайды.
3. Мұғалім балалардан әріптерді, сөздерді жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазу қабілетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді, сөздерді жазуға жаттығады.
Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшін мұғалім өзі жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекі құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы керек.
Орфография, қатесіз жазу, әріптерге бөОрфография, қатесіз жазу, әріптерге бөліп жазу. Жазуға үйрету және орфографияда кездесетін қиыншылықтарды жою үшін мұғалім төмендегідей жаттығуларды жасата алады:
1. Көшіру
а) ұқсас сөздер: room – spoon – moon
ә) естілуі ұқсас жазылуы әртүрлі сөздер:
Two – too
Sea – see
One – won
Оқушылар бұл сөздерді жазғанда оның құрамындағы әріптерді атауы керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңіл бөлу керек:
Sure; usual; clerk; soldier.
Оқушыларды таныс фразаларды, сөйлемдерді көшіру арқылы жазуға үйретуге болады.
2. Диктант – жаттығудың қиындау түрі. Диктанттың мынадай түрлері бар:
а) Көріп жазу диктанты. Мұғалім тақтаға сөзді, фразаны, сөйлемді жазады, ал балалар оларды оқып жазылу жолдарын есте сақтауға тырысады. Содан кейін мұғалім сөздерді тақтадан өшіріп тастайды, ал балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады.
ә) Жаттығу диктанты. Мұғалім сөйлемді оқиды. Жазуға қиын сөз тақтаға жазылады, келесі бір оқушы сөздің ішіндегі әріптерді атап шығады. Содан кейін, балалар сөздерді дәптерлеріне жазады, ал мұғалім қатарлардың арасында жүріп оқушылардың жұмысын қадағалайды. Сөйлемді дұрыс жазған бала тақтаға шығып, сөйлемді жазады.
Диктанттың бұл түрі 10 – 12 минутқа созылады.
б) Диктантты өз бетімен жазу. Үйде жаттап келген мәтінді не тақпақты оқушылар сыныпта жатқа айтады, кейін сол тақпақты не мәтінді дәптерлеріне жазады.
3. Үлгі бойынша сөйлемді жазу.
Бұл диктанттың қиын түрлерінің бірі, себебі оқушылар оны жазу үшін сөйлемді өз бетімен жалғастырады.
А) Сәйкестендіру: nick has a sister
Ә) Аяқтау: he smiled because…
Б) Жалғастыру: The students wrote+adj. + noun+adv
4. Сұрақтарға жауап беру
5. Шығарма
Шығарма жазуды үйрету үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады:
А) естіген немесе оқыған әңгімені жазу. Білім деңгейі төмен сыныптарда әңгіменің маңызды сөздерін тақтаға жазып қою керек.
Ә) суретті, затты немесе белгілі бір оқиғаны суреттеу.
Б) бір тақырыпқа арналған мәтіннің бір бөлігін суреттеу
В) оқыған мәтінге жоспар құру.
Г) тақырып туралы шығарма. Басында оқушылар жоспар құрады, кейін жоспар бойынша әңгіме жазады.
Ғ) хат жазу.
Әдетте мұғалім ағылшындықтардың хатты қалай бастап жазып, немен аяқталатының түсіндіреді.
Жазу біліктіліктерін бағалау үшін мұғалім оқушыларға таныс бақылау жұмыстарының түрін қолдануы керек.
Тест жазу арқылы бақылау.
1) Оқушының әріп жазуды қалай игергенің тексеру үшін мұғалім баланы тақтаның алдында жеке жұмыс жасатқызады.
2) Коллиграфия және орфография саласындағы оқушылардың біліктілігін мұғалім диктант арқылы тексереді. Диктант жазғанда мұғалім сөйлемдерді екі рет оқиды.
Біріншіден диктанттың мазмұның толық оқып шығып, содан кейін сөздерді бір-бірден оқиды. Диктантты жазып болғаннан кейін мұғалім тағы бір рет оны оқып шығуы керек.
5 – 6 сыныптарда диктант жазу 5-6 минутқа созылады.
7 – 11 сыныптарда 15 – 20 минут
Әр сыныптағы диктанттың көлемі.
6-сынып – 20 сөз
7-сынып – 30 сөз
8-сынып – 50-60 сөз
9-сынып – 60-70 сөз
10-сынып – 70-80 сөз
11-сынып – 80-100 сөз
3) Оқушының жазу біліктілігін мұғалім шығарма арқылы да тексереді. Мысалы:
Put a few questions to the text.
Answer the questions
Write a letter
Мұғалімдер мен әдіскерлердің көбі қате жазылған сөздердің астын сызып қою керектігін айтады, себебі оқушылар осы қателіктерді түзеп өзінің жазу, грамматика салаларындағы біліктіліктерін әрі қарай дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |