Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Билет №2 Шет тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет3/48
Дата13.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Øåò ò³ë³í î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³í³? áàñ?à ?ûëûìäàðìåí áàéëàíû

Билет №2

  1. Шет тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1) тәрбиелік
2) дамыту
3) ағартушылық
4) тәжірибелік (практикалық)
Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Оқытудың дамыту мақсаттары. Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет