Жауабы:1. Қазақ қауымының XV - XҮІІІ ғ.-дың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың “ақ сүйек” және “қара сүйек” дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктеріне қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысында танылды. Оларға екі ақсүйектік топ – төрелер мен қожалар жатты.
2. Орталық Азия аймағының кең даласында сан ғасырлар бойы бастапқы табиғи-демократиялық дәстүрлерi бар тайпалар мен этностардың тағдырлары тоғысып, олардың негiзiнде өзi жайында тарихта өміршең ережелер мен құқықтық тәртіптер қалдырып, бiрiн-бiрi ауыстырып отырған ұлы да кiшi мемлекеттiк бiрлестiктер қалыптасып келдi. Осы ережелер мен құқықтық тәртіптерді оларды ұстанушыларымен қоса Дала қамтып отырды, осы арқылы оның «бостандық» идеялары мен мәдени шекаралары артып келді.Орталық Азияның кең аймағы тарихта Кең Дала атауымен белгiлi (бертiндегi тарихи әдебиеттерде Кең Дала қыпшақтар мекені немесе осында мекендеген этникалық бiрлестiктердiң атауымен Қазақия деп аталады). Кең Дала цивилизациясы немесе Дала цивилизациясы айрықша социожүйелiк бiрлестiк болып табылады, оның шектерiнде көптеген эпохалар барысында этностың қалыптасуын қамтамасыз еткен қоғамды реттеудің тұрақты мемлекеттік жүйесi мен тұрақтылығы сақталып келдi. Мұнда негiз қалаушы этникалық топ түріктep мен олардың ата тектepi болған, сондықтан осы Дала да мәдени-этникалық мағынада Tұран немесе Tүpкicтaн деп аталып келдi.Tүpкi тiлдi көшпелi өркениеттiң мәдени құндылықтарының бiрi, оның өнімi және өсиетi «Жарғы» атты қазақ құқығы болды. Көшпелi өркениет шеңберiнде қалыптаса отырып, ол Қазақстан аумағында көптеген ғасырлар бойында бiрiн-бiрi ауыстырып отырған түpкi тiлдi және түpкi тiлдi емес мемлекеттiк бiрлестiктер мен халықтардың көшпелi және жартылай көшпелi бiрлестiктерiнiң құқықтық дүниетанымдарының және өміршең нормативтepiнің негiзiнде жинақталып келдi. Мыңжылдық тарихы бар «Жарғы» қазақ құқығы жартылай көшпепi бiрлестiктердiң өмip сүру жағдайларына бейiм әдет-ғұрыптарды, дәстүрлер мен пайдалы нормативтiк активтердiң модельдерiн сiңiрген болатын. Ол қазақ мемлекеттiгiнен де, тіпті қалыптасқан этникалық қауымдастық peтіндeгі қазақтың өзінен де ерте қалыптасқан саналады, шартты алғанда оның қалыптасуын XIV-XVIII ғасырларға жатқызады Негiзгi қайнар көздерi Ұлы Даланың әдет-ғұрыптық нормативтiк жүйесi мен мәдени дәстүрлерi болған «Жарғы» қазақ құқығы қазақ халқын қоршаған табиғи жағдайларға бола сан ғасырлар бойында қалыптасқан нақты тарихи және мәдени ерекше құбылыс болып табылады. Яғни ол адамның бiр қадамдық aктici емес, ол осы адамның табиғатқа, қоғамға және басқа адамғa деген қатынасын көpceтeтiн кажеттiлiгi.
3. Қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастауларыҚазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты: а) әдет-ғұрыптар — адат; б) билер сотының практикасы (сот-прецеденті); в) билер сьездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады.Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды.Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшырап, оларға ресми сипат беріп отырды. Әдет-ғұрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның зандары бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім — мүліктік және жер қатынастарын реттеуші нормалардан тұрды. Екінші бөлім — қылмыс пен жазаға қатысты құқық нормаларын жинақтады. Үшінші бөлім әскери міндеттілік жәнс оны орындау, сондай-ақ әскери тәртіпті бұзғандағы жазаларға байланысты құқықты нормаларды қарастырды. Төртінші бөлім — елшілік жораларға қатысты, елшілерді тағайындау және қабылдау тәртібі, шет ел өкілдерімен келіссөздер жүргізу, дипломатиялық этикет мәселелері туралы нормалардан тұрды. Бесінші бөлім — қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер өткізу т.б. рәсімдерге арналды.