1. Кенесары Қасымұлының хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар.
2. Қазақ хандығының құрылуы.
3. Қоғамдық-саяси құрылысы.
Жауабы:1). Патша өкіметінің қазақ жеріне тереңдеп еніп ондаған әскерін бекіністер салуы. Орта жғне Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін ендіруі. орыс әскерлерінің озбырлықтары қазақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Қазақтардың ондаған ірі ұлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ерекше маңызға ие болып, терең тарихи із қалдырғаның Кенесары Қасымұлы бастаған (і837-1847) көтеріліс болды.Көтеріліске шыққан халық Кенесарыны 1841 жылы хан көтерді, Кенесары бір орталыққа бағынған қатаң тғртіпке негізделген хандық құрды. Ол Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп тұрды. Қазақ халкының бір бөлігі патша өкіметінің жактап Кенесарыны қарсы күресті.Кенесары мемлекетінде баскару ісін, сот, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды. Көтеріліс жағдайында мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік басқару ісі жетіліп үлгермегенін еске алған жөн.Жергілікті жердегі атқару билігін ханның жасауылдары жүргізді. Жасауылдар әр руға бекітіліп салық жинау, көшу. халықтын пікірін зерттеу, көтеріліске үндеу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төленгіттер көтеріліс жүріп жатқан жерлерде көтерілісшілерге жағдай жасауды ұйымдастырып бақылап отырды.Хандық ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемеушілер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды.Сот реформасын жасауда Кенесары бұрынгы қазақ хандарының үлгісіне сүйенді, қазақтың әдет-ғұрып құқығын онан ғрі дамытты. Кенесары ру билерін жойды. Сот билігін өзі тағайындаған билер мен жасауылдарға берді.Аса маңызды руаралық даулар мен күрделі істерді ханның өзі немесе оның арнайы жіберген жасауылдары қарады.Руаралық жанжалдар мен барынтаға жол бермеу хандыктық маңызды міндеттерінің бірі болды.Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тиым салынып, жалпы хандық салықтаендірілді. Малдан зекет, астықтал үшін жиналды. Сонымен қатар ор ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттіліктеріне жұмсалды.Кенесары отаршылдарға қарсы соғыста 20 мыңға дейін жігіттермен тұратын әскер құрды. Оның негізін батырлар мен төлеңгіттер құрады. Сонымен қатар уақытша жасақтар да құрылды. Бас қолбасшы ханның өзі балған. Атақты батырлар мен қолбасшылардан тұратын ханның жанында ғскери кеңес жұмыс істеді. әскерді ескі тғртіп бойынша онбасы, жүзбасы, мынбасылар басқарды.Кенесарының хандығы қазақтардың уақытша тәуелсіздігі қалпына келтірген соңғы тәуелсіз мемлекеті болды. Бұл хандық үнемі соғыс жағдайында өмір сүрді. Күші басым патша әскерімен 10 жылдан аса күрескен Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресі қазақ, тарихының ерекше кезеңдерінің бірі.
2) Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.3) Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра бастады. Қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комиттері сияқты басқа да қоғамдық ұйымдар маңызды жұмыстар атқарды. Ауылдық-селолық жердегі 20-жылдары жүргізілген басқа да бұқаралық іс-шаралардың бәріне шаруалар ұйымдары қатысқан. Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі 30-жылдардың басына қарай тоқтатылды. Сталиндік, голощекиндік ұжымдастыру басталып, демократияның шектелуіне байланысты жоғарыда аталған бұқаралық ұйымдар, алдымен, Қосшы одағын таратып, мүліктер мен оларға қарасты кәсіпорындарды ұжымшарлардың бөлінбес қорына берді. 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді сөз еткенде төмендегі мәселеге ерекше назар аудару қажет. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға кірісті. Бұл зерденің иелері ұлттық зиялы топтың көрнекті өкілдері болатын. Соларға қысым көрсетуге бағытталған кең көлемді шаралар жүргізіле бастады. Кеңестік Шығыс халықтары мен ішінара Еділ бойының халықтары жүздеген жылдар бойы араб әліпбиін пайдаланып келгені мәлім. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша 1929 жылы латын әліпбиіне, ал 1940 жылы кириллицаға көшірілді. Осының салдарынан қазақтар бір ұрпақтың өмірінде ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің інжу-маржандары саналып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдарынан айырылды.