2 Құмарлық бұзылысының түрлері
Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сандық бұзылысы күшеюмен немесе әлсіреумен, сапалық бұзылысы-бұрмаланумен көрініс береді.
Барлық әуестіктің күшеюі (гипербулия) маниакальды және гипоманиакальды жағдайға тән: науқас мешкей,сексуальды, әйелдер кербез болады. Науқастар кез-келген жұмысқа тез кірісіп кетеді, кейде бірнеше жұмысты бірден бастайды, бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты жұмысты аяқтамайды, кеңпейіл болады, жыныстық қатынасқа таңдаусыз түседі. Мидың органикалық зақымдануларында булимия-семіздікке әкелетін тәбеттің патологиялық күшеюі, полидипсия-басылмайтын шөл, гиперсексуалдылық-жыныстық инстинкттің күшеюі байқалады.
Әуестіктің әлсіреуі (гипобулия), толық жойылуы-абулия депрессивті жағдаймен жүреді: тәбеті жоғалады, осының әсерінен тамақтан бас тартады(анорексия), сексуалды сезім басылады, суицидалды жағдайға қауіптілік жоғарылайды. Абулия шизофрениялық дефектке тән немқұрайдылық (апато-абулиялық жағдай) көрініс береді.
Суицидальды тенденциялар-галлюцинациялапмен,соңына түсу сандырағымен соңына түсушілерден қорғанам деп мерт болады.
Әуестік бұрмалануы (парабулия) жарамайтын заттарды-нәжіс(капрофагия) жеуге, өзіне зақым келтіруге, перверсияларда жыныстық қанағат сезімін алуға (гомосексуализм, саддизм, мазохизм және т.б). Бұндай бұзылыстар тұлғаның ауыр патологияларында, психопатияларда, психопатия тәрізді жағдайларда, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.
Импульсивті құбылыс-жедел туатын әлденеге бағытталған күшті талпыныс.Импульсивті әуестіктерге клептоманияны-өз пайдасына қатыссыз ұрлыққа құштарлықты жатқызуға болады. Импульсивті әрекет аяқталған соң зат иесіне қайтарылып беріледі немесе лақтырылып тасталынады. Пиромания-ешқандай зұлым ойсыз өрт шығаруға әуестік. Дромомания-қаңғыруға құштарлық. Дипсомания-салынып ішуге әкелетін спиртті ішімдікке кенеттен пайда болған әуестік.
Амбиваленттілік- қарама-қарсы сезімдердің, тілектердің, әуестіктердің бірге жүруі. Амбиваленттілік психикалық үрдіс бірлігінің ыдырау белгісі болып табылады, ол шизофренияға тән.
№35 билет.
2 Естің бұзылыстары,клиникалық көрінісі,систематика,нозологиялық құралдар.
Ес-бұл ақпаратты бекіту,сақтау,және өткен шақ тәжірбиесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс.
1)Ақпаратты бекіту қабылдаудың бұзылысы(фиксация)Ақпаратты бекіту жетк/гі клиникасы ағымындағы оқиғаларды есте сақтаудың бұзылыстарымен көрінеді.бұл фиксациялық амнезия деп аталады:Қарттық психозда,ми қоректену бұзылысында кездеседі.Бұндай аурулар өткен нәрсені есіне түсіре алмайды,яғни болған нәрсені есінде сақтай алмайды.
2)Өткен тәжірбиені есте сақталуының бұзылысы-Қабылдаған ақпараттың (ретенция)сақталуы жөнінде оны қайта еске түсіругенегізделіп,пікір жасалады,бұл дұрыс емес.Шындығында келгенде біздің жадымыз көлемі және мазмұны жағынан біз ойланғаннан едәуір мықты.Бұл гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады.Өткенді ұмыту ретсіз емес,белгілі заңдылықпен өтеді.Рибо заңы бойынша бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған,нашар ұйымдастырылған дағдылар зардап шегеді;одан кейін біртіндеп естегі көне оқиғалар жойылады.Мұндай науқас бір жыл бұрын әйелінің қайтыс болғанын,2 жыл бұрын тұрғылықты орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды,бұрынғы мекен-жайын айтады,зейнетке 5 жыл бұрын немесе 10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды,бірақ балалық шағын ,көшесін,мектепке барғанын,алғашқы ұстазының есімін айтып бере алады.
3)Өткен тәжірбиені қайта жаңғырту бұзылысы –репродукция.Репродукция бұзылысы фиксация және ретекция бұзылысында үнемі көрініс береді.Церебральды атеросклерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады:жауапты жағдайда қажеттіні есіне түсіре алмайды;есімін,атаулы күндерді ,нақты атауларды.Белгілі бір уақыт өткеннен кейін,оның қажеті болмаған кезде бұл мәліметтер оңай еске түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |