Депрессивті, депрессивті-параноидты синдромдар өкпенің ауыр ағымды ауруларында қатерлі ісікте галлюцинаторлы синдроммен бірге жүреді.
Жүрек патологиясы бар науқастар арасында психоздар жиі миокард инфарктісі кезінде кездеседі. Оған үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективті бұзылыстар, қозғалыстық қозу элементтері, вегетативті және цереброваскулярлы бұзылыстар кіреді.
Емі. Науқастарға, әсіресе жедел психоз жағдайындағы науқастарғатәулік бойы қатаң медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек. Астениялық және психоорганикалық синдромдарда массивті жалпы қуаттандырушы терапия, витаминдер және ноотроптар тағайындалады. Ұйқы бұзылыстары кезінде транквилизаторлар беріледі.
№20 билет.
1 Жүйке жүйесінің вегетативті аурулары. Жіктелуі этиологиясы эпидемиологиясы клиникасы диагностика және емі.
Гипоталамикалық синдром-вегетативті, эндокринді,зат алмасу және трофикалық бұзылыстары қосарланып жүретін, гипоталамустың зақымдалуынан болатын синдром.
Этиологиясы. Жедел және созылмалы инфекциялар, интоксикациялар, бас-ми жарақаты, ми қанайналым жеткіліксіздігі, созылмалы психикалық травма, эндокринді аурулар, ішкі мүшелердің жедел және созылмалы аурулары.
Клиникасы. Гипоталамустың зақымдалуы вегетативті-тамырлы және нейроэндокринді бұзылыстармен,термореттелу, су-тұз, минерал,ақуыз-май алмасу тепе-теңдіктерінің бұзылыстарымен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |