Билет тыныс алу жүйесіне әсер ететін препараттар


Жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромына қолданылатын препараттар



бет20/35
Дата25.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#129786
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
ФАРМ ПОЛНЫЙ (копия)

Жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромына қолданылатын препараттар.

Жауабы: Жана туған нәрестелердінң респираторлық дистресс-синдромы тыныстың жедел жетіспеушілігінін бір көрінісі болып табылады. Әдетте, өкпеде арнайы альвеолалық жасушалар өкпе сұйықтығының беттік керілуін темендететін және альвеола тіндерінің эластикалығы үшін маңызды рөл атқаратын, беткейлік белсенді заттар сурфактанттарды (фосфотидилхолиндер, сфингомиелиндер) өндіреді. Жаңа туған нәрестелерде сурфактанттың жетіспеушілігі оларда респираторлық дистресс-синдромының себебі болуы мүмкін. Ол өкпенің интерстициалды ісінуімен және көптеген ателектазбен (ауасыз бүрісу) көрінеді. Бұл кезде газдардың альвеолярлы-капиллярлық мембрана аркылы диффизиясы бұзылады және тыныстың жедел жетіспеушілігі дамиды. Мұндай жағдайда жасанды тыныс алдырумен қатар эндогенді сурфактанттардың жеткіліксіздігін қалпына келтіретін заттарды колданады. Дәрілік сурфактанттар тобына жататын сондай препараттың бірі кольфосцерил пальмитат (экзосурф педиатриялық). Препаратты кеңірдек ішіне, әдетте 2 реттен артық енгізбейді.

Сонымен катар, кейде іpі қара малдың өкпесінен алынған жоғары тазартылған сурфактант альвеофакт колданылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет