Жауаптары: Аналептиктер ОЖЖ-сін жалпы ынталатындар заттар.Олар жүйелік импульстердің нейронаралық берілулерін жеңілдете отырып, қозу үрдістерін күшейтеді немесе тежегіш механизмдерін басады.Аналептиктер ОЖЖ-нің барлық деңгейлерінде әсер етеді,бірақ препараттардың әрқайсысы ОЖЖ-нің жеке бөлімдеріне әсерлерінің айқындылығымен сипатталады.Сонымен бір заттар сопақша мидың орталықтарына таңдамалы ықпал көрсетсе (коразол,бемегрид,кордиамин),басқалары-жұлынға әсер етеді(стрихнин).Аналептиктер тобында қаралатын кофеиннің ми қыртысына әсеріне байланысты оның психостимуляторлық қасиеті басым.