Әсері рефлекторлы Бұл дәрілердің құрамында алколоидтар мен бірге өсімдік сапониндері бар. Дәрілерді ішке қабылдағанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлағыш эпителийлердің белсенділігі жоғарлайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтел мен бөлінуі жеңілденеді. Тамақтан ½ сағ. бұрын белгіленеді. Термопсистің тамыры (тұнба, құрғақ сығынды) Дәрілік жалбыз тікеннің тамыры (тұнба, сығынды, мукалтин препараты) Мия тамыры (сығынды, кеуде элексирі, Доктор Мом) Киікоттың тамыры (қайнатпа) Өгейшөптің жапырағы (тұнба) Терпингидрат Натрий бензоаты
|
Тікелей әсерлі (резорбтивті) Тікелей әсер ететін препараттар ішекте сіңіріліп, бронх шырышында белсенді бөлініп, бронх бездеріне тікелей әсер етіп және олардың секрециясын күшейтеді. Ол қақырықтың сұйғырақ болып жөтелмен бөлінуін күшейтеді. Na(K) I NaHCO3 Аммоний хлориді Кәдімгі әніс жемісі (тұнба, әніс майы, тамшысы) Тасшөп (тұнба, сұйық сығынды, пертуссин препараты) Аңдыз тамыры мен тамырсабағы (қайнатпа) Жұпаргүл шөбі (тұнба) Қарағайдың бүршігі (қайнатпа)
|
Бұл препараттардың протеолитикалық әсері бар (қақырықтың, ақуыз бен басқа да молекулаларын ыдыратып және оның тұтқырлығын төмендетеді (сұйғырақ)). Интратрахеальды енгізгенде (ингаляциялық) бронхтың дренажды қызметін күшейтіп, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. а) ферментті препараттары: Кристаллды трипсин Кристаллды химотрисин Рибонуклеза Дезоксирибонуклеаза б) синтетикалық препараттар: Ацетилцистеин (мукосольвин) Амброксол гидрохлориді (амбробене, ласольван) Бромгексин (сольвин)
|