Былғары бұйымдарына арналған материалдардың классификациясы және оларға қойылатын талаптар


Жануарлар терісінің химиялық құрамы



бет4/5
Дата25.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#104871
1   2   3   4   5
Байланысты:
Былғары бұйымдарына арналған материалдардың классификациясы

Жануарлар терісінің химиялық құрамы

Жануарлар терісінің 80% су құрайды. Барлық талдаулар ылғал есептелмейтін кептірілген үлгіде жүргізіледі.

Терідегі заттардың қатынасы төмендегідей :

100% = белок + май + минералдар .

Ірі қара мал үшін:

100% = 93% + 5% + 2%.

Шошқа терісі үшін

100% = 74% + 25% + 1% құрайды.

Тері дермадан алынатын болғандықтан, майлар мен минералдық заттарды былғары өндіру процесінде жою қажет, тек жануар терісінің дермасы ғана талдауға түседі, бірақ таза шикізаттық талдауы да болады. Терінің негізгі бөлігі белокты құрайды (белоктың құрамы көп болған сайын, беріктігі де жоғары) :

1) талшықты ( коллаген , эластин , ретикулин, кератин ) ;

2) глобулярлық ( шырыш тəріздес , глобулиндер , альбумин , муцин ) .

Тері құрамына көмірсулар, майлар, минералдық заттар ( негізінен натрий хлориді ), ферменттер кіреді. Дерманың негізі коллаген деп аталатын талшықты ақуыз құрайды. Жануарлардың терісі күрделі қайта өңдеуге түседі, онда коллагенді қалдырып керексіз заттар жойылады, нәтижесінде былғары алынады.

Коллаген ( лат. - желімбергіш) - «өмір ақуызы» онсыз ( жасанды өндірілетін ) тірі ештеңе жоқ. Орташа молекулалық салмағы 300; макромолекула ұзындығы 2800 Å ; диаметрі 14.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет