Саяси билік таптық,
топтық жеке адамның
саясатта тұжырымдаған
өз еркін жүргізу мүмкіндігі
2. Саяси биліктің ерекшеліктерін жазыңыз?
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттің билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке – дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі),вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т. б. ) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгендей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Биліктің субъектілері:
1. Мемлекет.
2.Әлеуметтік топ, тап.
3.Әлеуметтік топтар жүйесі.
4.Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.
Биліктің объектілері:
1. Мемлекет. 6. Әкімшілік.
2.Ел. 7. Ведомстволар.
3.Аймақ. 8. Ұйымдар.
4.Штат. 9. Өндірістер.
5.Республика. 10. Жеке тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |