Билікке тырысу адамның белгілі бір кемшілігімен түсіндірінеді. Егер адам қандайда бір жетіспеушілік сезінсе (моральдық) бұл оны мазалайды. Өмірінде белгілі бір жайсыздық қалыптасады, сондықтан бұл жетіспеушілікті билікке жету арқылы өтеуге тырысады. Билік жүргізу - бірлік және бағынушылық қалайды. Оның екі элементті бар екендігін болжайды. 1) қалайда біреу билік етуді қалауы қажет 2) бағынуға дайын адамдар болуы қажет сондықтан да билікті қатынастарда барлық адамдар 2 категорияға бөлінеді биліктің субъектілерімен объектілері. Билік субъектісі – қағидағыдай 2 түрлі қасиетті меңгеруі қажет а) бұйрық беруді қалаушылық б) субъект жұмысындағы кейбір мәселелерде белгілі бір компетенция қажет. Айта кететіні, билікке ұмтылушылық барлық адамға тән емес. Көптеген адамдар үшін (билік) басқа адамдарға билік жүргізу тым қажетсіз, өткені оларда жауапкершілік сезімі, адамгершілік борымы тым жоғары және бұл категориядағы адамдар басқа адамдар өміріне өкпемдер жүргізу жауап кершілінен өорқады, яғни олар билік жүргізуге дайын емес. Басқаша айтқанда билік объектісі кеңірек, түрлі. Объектінің өз еркімен субъектіге бағынып және оның айтқанын орындауының бірнеше түсініктемесі бар. а) объект субъектінің еркін қорыққанынан және билік құрылымдар жағынан қандай да бір санкциялардан сескенгенінен өз еркімен бағынады. Мұндай ситуация көбіне демократиялық емес мемлекеттерде кездеседі. (тоталитарлық, автолитарлық). б) табиғы бағыну жеке адамның (индивидтің) әдеттерінің күшінде жатыр, жүз жеге бойы қандай да бір белгілі билікке әдеттенген халық (индивидтер) осы әдеттен өте қиын шықты және соның ішінде басым бөлігі ОССРОның орнатқан тоталитарлық режимі. Билік көздері – билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелгілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және ұйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. Билік көздері өз қалауын орындатуы үшін қорқытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. Билік көздері жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да билік көздері болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, құс қанатты құбыжық Фива халқын жұмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жұмбақты шешкен адамға Фиваны билеу құқығын беруді ұйғарады. Жұмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік құрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бұл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе тұлғаның әлеуметтік статусы билік көздері аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік құзыры да тыйылады. Қазіргі кезде ұйымдастыру аса күшті билік көздері болып табылады. Ұйымдастыру ежелден адамдарды жұмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Іс жүзінде лауазымды қызмет билік көздері ретінде тек ұйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |