Әскерилер билігі. Армия саласы мен күштік құрылымДардағы әскерилердің билігін қоғамдағы әскери биліктен айырып алғанымыз жөн. Армия, күштік құрылымдар төтенше жағдайларда ғана әрекет ету ұшін бағытталғандықтан биліктік импульстар жоғарыдан келеді, олар ешқандай талқылауға жатпайды және сөзсіз орындалуға тиісті
Саясат — адамдар бұкарасының жүріс-тұрыстарына ықпалын жүргізу, манипуляциялау, сондықтан саяси билік, ең алдымен, биліктік әсер етудің объектісі ретінде ерекшеленеді, яғни адамдардың аса үлкен бұқарасын қамтып, биліктік әсер етудің әрқилы құралдарын пайдаланады. Саясатта адамдардың шынайы мүдделері жинақталған, шоғырланған формада болса, саяси билік мейлінше басым сипатта болады. Ол мемлекет пен мемлекеттік билікті, мемлекеттік билікті қалыптастыруға қатыстыру мен оған қысым көрсету жолымен пайдалануға ұмтылады.
Пайдаланылған әдебиет:
Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005.