Байланысты: Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер
көрнекті педагогтардың ұжым туралы зерттеулері*11.2 Кеңес педагогтарының (Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б.) еңбектеріндегі ұжымдық тәрбиенің негізгі идеяларыМақсатты бағытталған оқу-тәрбие жұмысы жағдайында балаларда ұжымдықты дамытудың қажеттілігін А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, және басқада көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады. А.С. Макаренконың идеяларын кейін В.А. Сухомлинский өз тәжірибесі мен зерттеу еңбектерінде одан әрі дамытты.Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы сынды бағыттарда жүргізіліп келеді.Тәрбиелік ұжымның қазіргі кездегі тұжырымдамасы (Т.А. Куракин, Л.И. Новикова, А.В. Мудрик) ұжымды қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады. Ал балалар ұжымы қоғамның бүгінгі күнгі қатынастары мен оның болашақтағы даму тенденцияларын көрсететін қоғам моделі ретінде көрсетіледі. А.С. Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі.В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелген.Қорыта айтқанда, ұжым – тәрбиенің маңызды құралы