Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021



бет1/3
Дата11.09.2024
өлшемі31,61 Kb.
#204145
  1   2   3
Байланысты:
204 бұйрық МОДО






Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22711 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.


3. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;


3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасына жүктелсін.


5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі




А. Аймагамбетов




"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылық министрлігі


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Денсаулық министрлігі


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрлігі


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрлігі


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Мәдениет және спорт министрлігі



Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 204 бұйрығына
1-қосымша

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.04.2023 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-бабына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.


Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

3. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.


4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.


5. Қағидалар меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан, орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.


6. ББЖМ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 4-тармағына сәйкес бастауыш және орта білім беру ұйымдарында 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.


Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


7. Тест тапсырмаларын әзірлеуді және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым (бұдан әрі – Ұлттық үйлестіруші) жүзеге асырады.
2-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі

8. ББЖМ 4-сыныптарда тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.


9. ББЖМ 9-сыныптарда тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.


10. ББЖМ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде жүргізіледі.


11.Тестілеу жыл сайын жылдың екінші тоқсанында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және екінші курс білім алушылары жылдың төртінші тоқсанында және (немесе) үшінші курс білім алушылары жылдың екінші тоқсанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.


12. ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдарды қоспағанда осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген білім алушылар қатысады.


13. Білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қатысушылар мен жұршылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.


14. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:


– аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);


– жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);


– меншік нысаны (мемлекеттік, жеке);


– оқыту тілі (қазақ/орыс);


– білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).


Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.


Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.


15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.


16. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.


Тест спецификациясын Ұлттық үйлестіруші әзірлейді және бекітеді уәкілетті органның келісімі бойынша.


17. Бiлiм беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің уәкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдер) кіреді.


18. Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрліктің уәкілетті өкілдері осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.


19. Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.


Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).


Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ны жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.


20. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.


Тестілеуден өту кезінде анықтамалық әдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.


Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды, тестіленушінің нәтижелері жойылады.


21. Бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды.


22. Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уәкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.


23. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.


24. Тестілеуден кейін оқу нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтау үшін білім алушылар, мұғалімдер және білім беру ұйымдарының басшылары арасында анонимді сауалнама жүргізіледі. Сауалнамада жеке сипаттағы сұрақтар жоқ.


25. Ұлттық үйлестіруші уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рәсімін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етеді және ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.

3-тарау. Нәтижелерді жариялау және қолжетімді ету

26. ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.


27. ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.


28. ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдарына ол аяқталған күннен кейін алты ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.


29. Уәкілетті орган рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдардың пайдалануы және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есепті қалыптастырады.


30. Жыл сайын ББЖМ тапсырмаларының 10%-ы құпиялылық режимінен шығарылып, Ұлттық үйлестірушінің интернет-ресурсында тапсырмалар жинақтары және оқу-әдістемелік кешендер түрінде жарияланады.


ББЖМ аяқталғаннан кейін алты ай ішінде Ұлттық үйлестірушінің интернет-ресурсында өзіндік талдау жүргізу мақсатында зерттеушілер үшін қатысушылардың иесіздендірілген тестілік және сауалнамалық деректер базасы жарияланады.



Білім алушылардың білім
жетістіктеріне мониторинг
жүргізу қағидаларына
1 - қосымша

Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы
Акт

Білім беру ұйымы _______________ _________________________________________


(код) (атауы)


Күні "____" ____________ 20 ___ жыл Уақыты ________ сағат ________ минут


Министрліктің уәкілетті өкілі_______________________________________________


Т.А.Ә.


Тестілеу уақытында: №_____ аудиторияның, №_____ орнында отырған тестіленуші


Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________________________,


СЖК ________________ нұсқа № _________


Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларының


20 - тармағы бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:


________________________________________________________________________


(табылған заттың атауы (маркасы, саны))


Аталған фактіні ескере отырып,


емтихан материалын алу;


тестіленуші: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________________________________,


СЖК_______________, № _______


аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды


________________________________________________________________________


________________________________________________________________________


(осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолдары)


Актімен таныстым:


________________________________________________________________________


(тестіленушінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))


________________________________________________________________________


(Министрліктің уәкілетті өкілінің қолы және Т.А.Ә..)












Білім алушылардың білім
жетістіктеріне мониторинг
жүргізу қағидаларына
2 - қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет