U=Eк+Еп
Ішкі энергияның абсолютті мәнін өлшей алмаймыз, тек оның өзгерісін анықтаймыз:
U=Uсоңғы-Uбастапқы
Термодинамиканың І-ші бастамасы.
Жүйе дегеніміз – зерттеу үшін ойша немесе әдейі қоршаған ортадан жекеленетін заттар немесе заттар жиыны. Энергия мүмкін болатын екі формада беріле алады: жылу (Q) және жұмыс (А) арқылы.
Кез-келген процесте жүйе сіңіретін жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне (U) және сыртқы күшке қарсы істелетін жұмысқа (А) кетеді:
Q=U+А
Бұл термодинамиканың І-заңының математикалық өрнегі. Жылу эффектісі реакцияны жүргізу жағдайына байланысты: тұрақты көлемде – изохоралық, тұрақты қысымда – изобаралық режим болады.
Изохоралық-изотермиялық реакциялар арнайы калориметрде жүргізіледі, көлемі өзгермейді, жұмыста істелінбейді. А=0,
Q= U
Яғни тұрақты көлемде жылу эффектісі ішкі энергияның өзгеруімен ғана анықталынады:
Достарыңызбен бөлісу: |