Сабақ тақырыбы: Изопроцестер. Изотермалық процесс. Изобаралық және изохоралық процестер
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
Үш параметрдің (Р, V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдарды тұжырымдау. Изопроцестер туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық:
Изопроцестердің өзара байланысын түсіне білуге, формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:
Пәнаралық байланысты арттыра отырып, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге, өз бетінше ізденуге, зерттеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация
Пән аралық байланыс: математика
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин;
Оқушылардың білімін айқындау – 15 мин;
Жаңа білімді қалыптастыру – 30 мин;
Жаңа білімді бекіту – 20 мин;
Қорытындылау – 10 мин;
Үйге тапсырма беру – 3 мин.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен сәлемдесу;
оқушыларды түгелдеу;
оқушыларды бүгінгі сабақ барысымен таныстыру.
ІІ. Оқушылардың білімін айқындау
А) Кестені толтырып келу
Температура
Б) Тапқырыпқа байланысты құрған жоспарларын және сұрақтарын тексеру.
В) Пысықтау сұрақтары:
Ауа ағыны күшейгенде май шам неге сөнеді? (Салқын ауаның ағыны май шамның пілтесінен жалынды ығыстырып, стеарин буының температурасын стеарин мен оттектің қосылатын температурасынан да төмен температураға төмендетеді)
Сумен толтырылған қағаз стақанды отқа салса, ол жана ма? (Жанбайды. Өйткені қағаздың температурасы су құйылып тұрғанда тан (атмосфералық қысым қалыпты болған жағдайда) артық бола алмайды. Демек, ол қағаз тұтататын температурадан төмен)
Мұз қандай жағдайда жылытқыш болуы мүмкін? (Басқа дененің температурасы мұздың температурасынан төмен болғанда, мұз жылытқыш бола алады)
Екі термометрдің шарлары бірдей және олардың бірінде су, екіншісінде сынап бар. Температуралары бірдей жағдайда сынапты термометр су термометріне қарағанда екі есе тез суына бастайды. Оның себебі неде? (Сумен салыстырғанда сынаптың меншікті жылусыйымдылығы аз да, ал жылуөткізгіштігі үлкен)
Медицина термометрлерінде спирт пен эфирді қолданбай, неге сынапты қолданады? (Сынаптың жылуөткізгіштігі көп, ал меншікті жылусыйымдылығының аз болуы эфирмен, содан кейін спиртпен салыстырғанда науқас адамның температурасын аз уақытта өлшеуге мүмкіндік береді)
Сынапты немесе спиртті термометрлердің қайсысы сезімтал? (Спиртті. Өйткені спирттің көлемдік ұлғаю коэффициенті сынапқа қарағанда үлкен)
Термометр түтігінің диаметрі тұрақты болуы қажетті ме? (Сызықтық шкала болғандықтан қажет)
Реомюр мен Цельсий термометрлері қандай температурада бірдей градусты көрсетеді? (Мұздың еру температурасы мен қалыпты атмосфералық қысымда бірдей температураны көрсетеді)
ІІІ. Жаңа білімді қалыптастыру
Мына ретпен түсіндіріледі:
Изопроцестер. Изотермалық процесс (слайд);
Изобаралық және изохоралық процестер (слайд).
Изопроцестер деп газ массасы мен осы үш параметрдің бірі тұрақты болғандағы басқа екі параметр өзгеретін процесс.
1) Изотермалық процесс
Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі
изотермалық процесс деп аталады.
Изотермалық процесті тәжірибе жүзінде алғаш рет ағылшын ғалымы Р. Бойль зерттеп, газ заңын ашты. Кейінірек басқа газдармен, осыған ұқсас тәжірибені Бойльдан тәуелсіз, француз ғалымы Э.Мариотт жасады және ол да осындай қорытындыға келді. Сондықтан олар тағайындаған заң Бойль – Мариотт заңы деп аталып, былай оқылады:
Достарыңызбен бөлісу: |