P1V1=P2V2=PnVn=const
Осы екі заңды біріктіре отырып және қалыпты жағдайдағы газдардың күйін P0, V0, T0 деп белгілеп Клайперон теңдеуін аламыз:
Б ұл теңдеу көмегімен кез-келген газ көлемін қалыпты жағдайға келтіруге (қ.ж) болады:
Қалыпты жағдайда:
Р0=101,325 кПа, немесе 1 атм. немесе 760 мм сн. бағ.
Т0=273 К, немесе 00С, V0=22.4 л.
Тұрақты шамалар қатынасы да тұрақты R-шама.
Газ тұрақтысы деп аталады, берілген жағдайға байланысты өлшем бірлігі әр түрлі болады:
R1=8.314Дж/моль*К,
R2=1.987кал/моль*град,
R3=0.082л*атм/моль*град.
І-теңдеу n-моль газ мөлшері үшін:
P1V1= n*RT немесе (ІІ) Клайперон-Менделеев теңдеуі деп аталады. Бұл тең-деу көмегімен белгісіз заттың (m) массасын, М – молярлық массасын, жүйедегі Р - қысымды, V - көлемімен Т - температураны есептеуге болады.
Авогадро заңы.. Мольдік көлем. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
1811 жылы Авогадро ашқан заң анықтамасы: кез-келгшен газдың бірдей көлемінде бірдей жағдайда молекулалар саны тең (бірдей) болады.
Кез-келген газ немесе бу күйіндегі заттың 1 моль қалыпты жағдайда 22,4л көлем алады. Бұл көлемді – молярлық көлем деп, Vm – деп белгілейді, өлшемі – л/моль, см3/моль:
Vm=22,4 л/моль
Бірдей көлемдегі, бірдей молекула саны болатын кез-келген газдардың массасының қатынасы, олардың молярлық массасының қатынасындай болады:
Д – газдың салыстырмалы тығыздығы, өлшемі бірліксіз шама. Мұның мәні – берілген газ-дың массасы осындай көлемдегі басқа газдың массасына қарағанда неше есе ауыр немесе же-ңіл екенін көрсеті. Д – салыстырмалы тығыздықты әдетте сутегі бойынша М(Н2)=2 г/моль не-месе ауа бойынша Мауа=29 г/моль анықтайды. Салыстырмалы тығыздығын біле отырып белгі-сіз газдың молярлық массасын немесе массасын анықтауға болады: М1=Д*М2 немесе m1=Д*m2
Қорытынды Атом молекулалық ілім химияның негізгі теориясы болып табылады. Химияның негізгі заңдылықтары эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы, Авогадро заңы, Заттың газ күйіндегі заңына толық қорытынды жасауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |