Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету
Химия УМКД 2019-2020
Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған (Нобель сыйлығының лауреаты, 1903 жылы) Ол еруді тек физикалық құбылыс деп карастырды, диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай көзқарасты калыптастырып дамытқан әрі С. Аррениус теориясын толықтырған ғалымдар - И. А. Каблуков, В.А. Кистяковский, Д.И. Менделеев. Ал қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физика-химиялық үдеріс деп қарастырады. Аррениус теориясының негізгі қағидалары:
Иондардың формулаларыада зарядтың таңбасы (+, - ) оның сан мәнінен кейін жазылады. Ac тұзы ерітіндісіндегі иондардың гидраттану механизмін карастырайық. Зат суда еріген кезде оның молекуласы иондарға ажырап қана қоймайды, осы иондар су молекулаларымен әрекеттесіп гидраттар түзеді. Полюсті су молекуласын былай белгілейміз (+ -), ол диполь (диполь - екі полюс) деп аталады:H+→0←H+ Диссоциация нәтижесінде пайда болган иондар қасиеттері молекуланы құраушы атомдар мен молекулалардың қасиеттерінен өзгеше болады. Оның себебі олардың электрондық құрылысында. Осы айтылғанды ас тұзы молекуласы мысалында қарастырайық. Na элементі мен ионын салыстырайық:
Сl элементі мен ионын салыстырайық:
Na+ иондарына судың диполь молекуласы теріс полюсімен, ал С1- иондарына оң полюсімен бағытталады. Ac тұзындағы хлор ион күйінде тамаққа пайдаланылады да, ал хлор молекуласы С12 - улы газ. Гидраттанған иондардың кейде түсі де өзгереді. Мысалы, сусыз CuS04 - түссіз, гидраттанғаны CuS04 • 5Н20 - көгілдір түсті. Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:
шамы жанады.
Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тогын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.[2] жүктеу/скачать 1,79 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |