Глоссарий Қаржы - елдегі ақша қатынастары процесстерін сипаттайтын экономикалық, категория ретінде мемлекеттің пайда болуымен және ақша қозғалысымен байланысты мемлекеттің мұхтаждығын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын қамтамасыздандыратын ақша қорлары
Мемлекеттің қаржылық қызметі - қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі.
Мемлекеттің қаржылық жүйесі- мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу шегіндегі мемлекеттік қаржы қатынастардың жиынтығы
Қаржылық құқықтық акт - қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзіреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер
Тапсырмалар, келесілер бойынша сызбалар сызу 1.ҚР Қаржы жүйесінің негізгі элементтерін ашатын сызба сызыңыз
2.Қаржылық қызметті жүзеге асыру әдістері негізінде оларды көрнектеп және іске асыруға мысал келтіріңіз Өзіңіз оқитын Университеттің басқару органдарында пайдалынылатын қандай құқықтық әдістерді білесіз?
3.Мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асырудың құқықтық және құқықтық емес нысандарына кем дегенде 5 мысал келтіріңіз
4.Келесі айтылғандар дұрыс па екендігін көрсетіңіз:
«Мемлекет – қаржылық қызмет субъектісі»
«Мемлекет – қаржылық құқық субъектісі»
«Мемлекет – қаржылық ққықтық қатынастар субъектісі»
Осы тезистердің мәнін түсіндіріңіз.
Есептер 1.Арманов деген азамат радионы қосқанда, жаңалықтардан салық ставкаларының өзгергендігін естіді. Келесі күні ол өзінің таныс заңгер студентінен: «бұл өзгерістерді қай заңмен қолданылатындығын және қайдан оқуға болатындығын сұрады. (Арманов қойған сұрақтарға жауап беріңіз)
2.Азаматов деген студент әкімшілік аумақтық бөлініс бойынша қаржыларды топтастыра отырып, келесі қаржы түрлерін атады:
ҚР қаржылары
Ортақ қаржылар
Жергілікті қаржылар
Мемлекеттік қаржылар
Мемлекеттік емес қаржылар
Кәсіпорындардың қаржылары
Несие ұйымдарының қаржылары
Халықаралық қаржылар
Осы топтастырудың дұрыстығына кейбір студенттерде күмән туды.(Сіздің пікіріңіз қандай)