Білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмаларының мәтіндік жиынтығы, әрбір тақырып бойынша өзін–өзі бақылау материалдары, жұмыстың ағымдағы түрлерін орындау бойынша тапсырмалар



бет27/29
Дата08.12.2023
өлшемі97,53 Kb.
#195502
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
срсп

Бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастың субъектісі кімдер?

  2. Еңбек шартының түрлері

  3. Қандай жағдайда, қандай заңға сүйене отырып, жұмыс беруші жұмысшыныны жұмыстан шығара алады?

  4. Тәртіптік жауапкершілікті қолданудың негіздемелері

  5. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дегеніміз не?

  6. Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері қандай?

  7. Жәрдемақы түсініг түрлері қандай?

  8. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.

  9. Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау қалай жүзеге асады?

  10. Жұмыс бойынша кепілдік пен компенсацияларды қалай түсінесің?

Глоссарий:
Еңбек құқығы – жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын, жеке еңбекті қолдануға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқықтың нормалар жиынтығы. Еңбек құқығының ең басты қайнар көзі- Заңдар, заң күші бар жарлықтар,Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары, ҚР Конституциялық кеңесі мен Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары, Министірліктер мен ведомоствалардың нормативтік құқықтың актілері.
Еңбек шарты- қызметкер өз мамандығы бойынша жұмыс берушінін актісін орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және басқа да заңдылықтармен және тараптардың келісімімен қарастырылған ақшалай өтемдерді төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жұмыс уақыты -Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес, еңбек міндеттерін орындауға міндетті уакыт болып есептеледі.
Мерзімінен тыс жұмыстар -Белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы- Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орыны мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық- Қазақстан Республикасының азаматы үлкейген жасқа келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де занды негіздерде оған ең төменгі жалакы мен зейнетакының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуы.
Кестелер, тапсырмалар, жағдайлар
Еңбек шартының үлгісін жасау.
Жұмыс уақыты және оның түрлері бойынша кесте құрастыру
ҚР-дағы мерекелердің тізімі мен сипаттамаларын жасау

  • Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Еңбек құқығының субъектілері тақырыбына есеп шығару. Есеп шығару кезінде еңбек құқығының субъектілері туралы терең түсінік болу керек және ол субъектілерді студент ажырата білу керек.
Есеп. Жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдерін Білім департаменті жұмысқа алып, жұмыстан шығарады. Зауыт директоры мекеме жарғысына сәйкес қызметкерлердің жалпы жиналысында сайланып, жұмыстан шығарылады.
Аталған жағдайлардағы еңбек құқықтық қатынасының тараптары кімдер болып табылады?

  • Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Тақырып бойынша терминдік сөздік жасау. Терминдік сөздік тақырып бойынша кездесетін түрлі бейтаныс сөздер мен ұғымдардың мазмұнын ашуға және тақырып бойынша кеңірек мағлұматтар алуға көмек береді. Сол себепті мысалға, келесідей ұғымдарға глоссарий жасауға болады: жалақы, кепілдік, өтемақы, тариф, тарифтік кесте, тарифтік ақы т.б. Терминдік сөздік 10 жаңа сөзден кем болмау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет