ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН
ЖОЛБАСШЫ-АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Астана, 2016
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ
№
|
Оқу, бақылау және басқа шаралар
|
Өткізу мерзімі
|
КҮЗГІ СЕМЕСТР
|
1
|
Білім күні
|
1 қыркүйек 2016 жыл
|
2
|
Теориялық оқыту
|
1 қыркүйек – 17 желтоқсан 2016 жыл
|
3
|
Межелік бақылау
|
17 қазан – 22 қазан 2016 жыл (сабақтан кейін)
12 желтоқсан – 17 желтоқсан 2016 жыл (сабақтан кейін)
|
4
|
Мереке күндері
|
12 қыркүйек 2016 жыл – Құрбан Айт;
1 желтоқсан 2016 жыл –Тұңғыш Президент күні;
16, 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;
1,2 қаңтар2017 жыл – Жаңа жыл;
7 қаңтар 2017 жыл – Рождество Христово
|
5
|
Аралық аттестаттау
(емтихан сессиясы)
|
19 желтоқсан 2016 жыл – 7 қаңтар 2017 жыл
|
6
|
Демалыс күндер
|
9 қаңтар – 21 қаңтар 2017 жыл
|
7
|
Практика
|
|
Барлық апта саны: теориялық оқыту – 15 апта
сессия – 3 апта
демалыс – 3апта
КӨКТЕМГІ СЕМЕСТР
|
1
|
Теориялық оқыту
|
23 қаңтар – 13 мамыр 2017 жыл
|
2
|
Межелік бақылау
|
13 наурыз – 18 наурыз 2017 жыл (сабақтан кейін)
08 мамыр – 13мамыр 2017 жыл (сабақтан кейін)
|
3
|
Мереке күндері
|
8 наурыз 2017 жыл – Халықаралық әйелдер күні;
21, 22, 23 2017 жыл – Наурыз мейрамы;
1 мамыр 2017 жыл – Қазақстан халқының бірлігі күні;
7мамыр 2017 жыл – Отан қорғаушы күні;
9 мамыр 2017 жыл – Жеңіс күні
|
4
|
Аралық аттестаттау
(емтихан сессиясы)
|
15 мамыр – 03 маусым 2017 жыл
|
5
|
Практика
|
|
Барлық апта саны: теориялық оқыту – 16 апта
сессия – 3 апта
ЖАЗҒЫ СЕМЕСТР
|
1
|
Жазғы семестр
|
12 маусым – 22 шілде 2017 жыл
|
2
|
Демалыс күндер
|
05 маусым – 26 тамыз 2017 жыл
|
Құрастырғандар: Жұмыс тобы
Молдажанова А.А.– педагогика ғылымдарының докторы, доцент, -Оқу ісі жөніндегі проректор
Палымбетов Ш.Б. – Академиялық мәселелер департаментінің директоры;
Мадибеков А.С. – Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департамент директоры;
Қыдырбаева А.Т. – Тіркеу офисі жетекшісі;
Оразалиев Б.А. – Ғылыми кітапхана директоры;
Бияхметова Г.А. – Қаржы департаменті директорының орынбасары;
Аубакирова М.А. – Қызметкерлерді басқару бөлім басшысы;
Нұржанов Е.Б. – Ақпараттық технологиялар бөлім басшысы;
|
|
Рецензенттер:
Байгушева М.А. – Академиялық мәселелер департамент директорының орынбасары;
|
|
Анықтамалық көрсеткіш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылымы, кітапхананы пайдалану ережелері, білім алушылардың жатақханадағы тұрмыс жайы туралы жаңа мағлұматтар береді. Анықтамалықта оқу үдерісін кредиттік жүйемен ұйымдастыру жайлы түсініктемелер: білімді бағалау шкаласы, GPA бойынша басты талаптар, емтихан сессиялары, білім алушыларды оқудан шығару және оларды оқуға қайта қабылдау жайында мағлұмат беріледі.
Анықтамалық көрсеткіш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім алушыларына арналған.
Құрметті достар!
1996 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен құрылған еліміздегі ең үздік жоғары оқу орны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қош келдіңіздер.
Біз түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін анықтау арқылы, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, ғылыми-зерттеу қызметтерінің концепцияларын әзірлеу, ғылыми мектептердің қызметтерін іске қосу сияқты маңызды стратегиялық бағыттарды жүзеге асырамыз.
2016 жылы QS Халықаралық рейтингіде 345-ші, әлемнің үздік жас университеттері «QS 50х50» жаңа рейтингісінде 37-ші орынды, Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 3 жыл қатарынан 1-орынды иелендік. Еуропаның ғылыми жетілдірілген палатасының «Евростандарт» рейтингі бізді ең үздік қазақстандық жоғары оқу орны ретінде анықтады, және біз Достастық елдер арасындағы университеттердің үздігіміз. Басты жетістігіміздің бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы.
Кафедраларда, ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми орталықтарда сіздерге 1800-ге жуық оқытушылар: академиктер, ғылым академияларының мүше-корреспонденттері, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, профессорлар мен доценттер білім береді.
Көптеген ғалымдарымыздың есімі шетелдерде танымал, сондай-ақ біз негізінен әлемдік рейтингте үздік 500-дікке кіретін жоғары оқу орындарының оқытушыларымен жұмыс жасаймыз. Бұл университетіміздің ғылыми және білім беру қызметі үшін ғана емес, сонымен қатар сіздердің ғылыми мүмкіндіктеріңізді арттыруға ықпал етеді.
Құрметті достар, қазіргі таңда еліміздің ұлттық университеті қабырғасында он үш факультетте 65 бакалавр мамандығы, 68 магистратура және 39 PhD докторантура мамандықтары бойынша 17000-ға жуық білім алушылар оқиды. Осы деректер Еуразия ұлттық университетінің Қазақстандағы басты білім беру, ғылыми, мәдени орталығы екенін дәлеледейді. Біздің жоғары оқу орынында білім алу – үлкен абырой екендігі өмірде дәлелденген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері Қазақстандық және халықаралық ірі мекемелерде қызмет атқарып, әлемнің озық ғылыми орталықтарында өз білімдерін жалғастыруда.
Сіздер бүгін біздің жоғары оқу орнының босағасын аттаған талапкерлер болсаңыздар, ертең оның түлектері болып шығасыздар. Университет ұсынған барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыздар, жоғары мамандандырылған маман иесі болып, ұстаздарыңыздан оза біліңіздер, әрқайсысыңыз алға қойған мақсаттарыңызды бағындыруға ұмтылыңыздар!
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры
СЫДЫҚОВ Ерлан Бәтташұлы
Университет туралы мәліметтер
1996 жылы құрылған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Қазақстандағы ең ірі ЖОО-дың бірі. Университетті ашуға еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру идеясы негіз болды. Елбасының жеке бастамасымен университетке аса көрнекті еуразияшыл ғалым Лев Николаевич Гумилевтің есімі берілді.
2003 жылы 26 желтоқсанда университет «ұлттық» мәртебесіне ие болды. 2000 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық дәрежедегі жоғарғы оқу орны болып саналады.
2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды.
Көп салалы жоғары білікті мамандар дайындау 13 факультеттегі 74 білім беру бағдарламалары бойынша оқытылатын бакалавриатта, 91 білім бағдарламасы бойынша оқытылатын магистратурада және 39 бағдарлама бойынша оқытылатын PhD докторантурада жүзеге асырылады.
ЕҰУ – бұл жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы бар жоғарғы оқу орны. Университеттің 68 кафедрасында ҚР Бақылау комитетінің дипломын алған 265 ғылым докторы, 660 ғылым кандидаты мен доценттер, 119 PhD докторы жұмыс істейді.
Университетте оқытудың озық технологияларына сай Интернет жүйесіне қосылған компьтерлік сыныптар, лингофон кабинеттері мен дыбыс-бейне құрылғыларымен, интерактивті тақталармен жабдықталған дәрісханалар бар.
Еуразия ұлттық университеті – жоғарғы оқу орындарының Еуропалық ассоциациясының, Университеттердің халықаралық ассоциациясының, Еуразия университеттері ассоциациясының, Халықаралық Ғылым академиясы жоғарғы мектебінің, ТМД және Балтық жағалауы елдері халықаралық зерттеу ассоциациясының толық мүшесі. Бұл ЕҰУ-нің халықаралық деңгейде танымалдылығын айғақтайды. Университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамыту аясында Еуропа, Азия, Америка елдерінің 130-дан астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қатынас туралы келісім-шарт жасалды: Падуан университеті (Италия), Бабеш Боляй университеті (Румыния), Кордоба университеті (Испания), Сеуль университеті (Корея), Джорджия университеті (АҚШ), Клод Бернар Лион-1 және Лиль университеттері (Франция), Малайзия Технологиялық университеті (Малайзия), М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Ресей), Вильнюс университеті (Литва), Стамбул университеті (Түркия), Синдзянь университеті (Қытай), Олеся Гончар атындағы Днепропетровск ұлттық университеті (Украина) және әлемнің көптеген басқа университеттері.
Болон декаларациясына қосыла отырып, Қазақстан 2005 жылдан еліміздің кәсіби білім беру жүйесінің еуропалық білім беру кеңістігіне енуіне қатысты шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Бұл бағыттағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру және ғылым саласындағы қызметінің негізгі құраушы бөлігі – білім беру қызметтерін экспорттау және халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу.
Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушылары, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері келесі халықаралық білім беру бағдарламаларына белсенді түрде қатысуда: білім алушыларға, магистранттарға, оқытушыларға арналған Erasmus Mundus академиялық ұтқырлық бағдарламасы, Еуропалық Одақ қаржыландыратын TEMPUS университетаралық ынтымақтастық бағдарламасы, ITEC, DAAD бағдарламалары, шетелдік жоғарғы оқу орындарының, Елшіліктерінің, Үкіметтерінің, орталықтарының алмасу бағдарламалары.
Аталған бағдарламаларға қатысу Еуразия ұлттық университетінің әлемдік білім беру және ғылым кеңістігіне енуін жеделдетіп қана қоймай, өзі ұсынып отырған білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттырады, жоғарғы білім туралы дипломдарының мәртебесін өсіреді.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірге қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуы, сонымен бірге ШЫҰ елдері университеттерінің, ТМД желілік университетінің, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының жұмыстарына қатысуы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ықпал етеді.
Университетте жапон, неміс, үнді және иран мәдени орталықтары бар. Бұл орталықтар осы ұлттардың дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен, ежелгі мәдениетімен танысуға және неміс, үнді, иран тілдерін терең меңгеруге мүмкіндік береді.
ЕҰУ-де 6 оқу ғимараты, 8 жатақхана, спорт кешені, асхана, жүзу бассейні, «Зеренді» көлінің жанындағы шипажай-сауықтыру кешені бар. Ақмола облысы.
ЕҰУ-де Жастар саясаты орталығы, түрлі бағыттағы білім алушылық клубтар мен қоғамдық бірлестіктер белсенді жұмыс істейді: «Дипломатиялық альянс», «Көшбасшы (Лидер)», «Көңілділер мен тапқырлар клубы (Клуб веселых и находчивых)», «Қаржыгер (Финансист)» ғылыми-білім алушылық клубы, «Қазақ Елі» зияткерлік жарыссөз клубы, «Жас маман (Молодой специалист)» экономикалық бюросы, т.б. Белсенді және шығармашылық ізденісі бар білім алушылар үшін «Шабыт» шығармашылық бірлестігі мен оның студиясы қызмет етеді.
Университет құрылымы
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың құрылымына мыналар кіреді:
Ректорат
Тіркеу офисі
Академиялық мәселелер департаменті:
- жоспарлау және оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі;
- оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторингтеу бөлімі;
- карьера және бизнес-әріптестік бөлімі.
ұйымдастыру бөлімі
Ғылыми кітапхана
Ақпараттық технологиялар бөлімі
Даму және академиялық саясат департаменті:
стратегияны жүзеге асыру жөніндегі мониторинг бөлімі;
сапаны бағалау бөлімі
аккредиттеу мен рейтинг бөлімі
Халықаралық ынтымақтастық департаменті:
халықаралық қызметті дамыту бөлімі;
халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімі;
көптілді білім беру мен академиялық ресурстарды дамыту бөлімі.
ғылым бөлімі;
ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімі
|