Білім: Аманкелді Нұрай



Дата19.02.2022
өлшемі15,33 Kb.
#132531
Байланысты:
\'cct


Білім: Аманкелді Нұрай
Нұрсұлтан Назарбаев, 2018 жыл: «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда». Мен бұл пікірмен толықтай келісемін, себебі, бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін де олардың білім деңгейімен де санаса білуіміз қажет. Дегенмен, 2020 жылғы әлемдік статистикаға сәйкес, Қазақстан 73 мемлекеттің арасынан 70-орынды иеленген болатын. Сондықтан да, автордың пікірі барлық талаптарды ескере отырғанда толықтай орынды және дұрыс. Сонымен қатар, еліміз білім деңгейін арттыру мақсатында көптеген стратегиялық бағдарламалар мен жобалар ұйымдастыруда. Мәселен, 2018 жылы құрылған «5 әлеуметтік бастама» бағдарламасындағы 4-бағыт білім мен кәсіпкерлікке басымдылық берілген, 1994 жылы іске қосылған «Болашақ бағдарламасы», «Қазақстан – 2050» стратегиясының да 4-бағыт білім мен кәсіпкерлікке көңіл бөлген. Сонымен, 26 жыл ішінде еліміздің 12000-нан астам студенттері шет елге алмастырылып, жақсы тәрбие жинаса, білім беру орындарының жаңа оқыту әдістеріне көшуі және 7514 мектеп, 180 ЖОО қамтылған. Жалпы, білім деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекеттегі барша халықтың сауаттылық деңгейінің қамтитын көрсеткіш. Сонымен, Қазақстанды еркін ел ететін сала білімділік пе?
Негізінен, еліміз білімге қанша басымдылық берсе де білімділікті көтеру әзір мүмкін болмай жатыр. Бұл еліміздегі төменгі әлеуметтік жағдайдың болуынан білімге талпынысы аз жастар көбейіп, білімділері ақыл-оймен сытылуда. Бірақ, еліміздің білімге ерекше көңіл бөлуі нәтижесінде қазір 3 тілде оқытатын 127 мектеп бар. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100% қамту қарастырылған. Мұғалімдікке кәсіби қызметкерлерді тарту үшін жалақысын көбейтіп, мемлекеттік тесттер арқылы олардың білім деңгейін тексеруде. Балаларға арналған білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы білім алу деңгейі 55%-дан асты. Студенттердің жақсы білім алуы үшін жылына 74 000 грант бөлініп, жатақхана 75 000 адамға орын берілуде. Бұндай өзгерістер ішінде білім сапасына ерекше көңіл бөлетін әрекеттер жеткіліксіз, яғни тек білім берумен шектелмей, сапалы білім беруді де қолға алу керек. Мәселен, шет ел мамандарымен көбірек тәжірибе алмасу.
Алайда, қанша оң өзгеріске қарамастан, еліміздің даму деңгейі өте төмен жүріп жатқанын байқауға болады. Мемлекетте кәсіби мамандардың жетіспеушілігі мен инвестицияның аз болуы.2018 жылы Қазақстаннан 41,9 мың адам кетіп қалған, бұл бұрынғы жылмен салыстырғанда 11,1%-ға көп. Ал еліміз адам даму индексі деңгейімен 189 ел бойынша 50- орында тұр. Білім мен ғылым саласына құйылған инвестиция көлемі жеткіліксіз және көп жағдайда ақталмай қалады. Ал мектептердің, ауыл мектептерінің техникамен жабдықталуы 42,5 пайызды құрайды. Бұл кемшіліктер еліміздің сапасынан гөрі санына қатты мән беруі әсерінен болып жатқандай. Олармен күресу үшін, еліміздің еркін болуы үшін «Болашақ бағдарламасы», «Қазақстан – 2050» секілді бағдарламалар мен шетел мемлекеттерінің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Алдағы уақытта, еліміз ғылымның дамуының ең тиімді әдісін табады деген ойдамын. Жалпы, еліміздегі білім сапасы әлі де төмен және ғылымның күнін ашу үшін алда көптеген қиыншылықтар мен жұмыстар күтіп тұр.
Қорытындылай келе, еліміздің жарқын болашағы білімділер қолында. Алайда, әзірге мемлекетіміз білім деңгейі жағынан ақсап тұр. Оны шешу үшін шет ел тәжірибесін қолдану тиімді әдіс болар еді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет