Қытайдан келген қазақ



Дата31.12.2019
өлшемі14,05 Kb.
#55097
Қытайдан келген қазақ

Жуырда Б. Қолдасбаев атындағы орта мектепте «Қытайдан оралған қандасымыз» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Ол қандасымыз – аудан орталыағы Аманкелді селосындағы «Балдырған» балабақшасының дене тәрбиесі мұғалімі Оразбек Біләлұлы. Оразбек 2005 жылы Үрімші қаласы Гангу (қазақша Кеткенсай) ауылынан тарихи Отаны – Қазақстанға оралып , Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің екі жылдық дайындық бөліміне қабылданып, ҰБТ тапсырып, нәтижесінде институтқа түсті. Оны мемлекеттік комиссия Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мемлекеттік педогогикалық институтына оқуға жолдама берді. 2007-2011 жылдар аралығында осы институтта оқып, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Сол жылы аталмыс институтта өзімен қатарлас оқыған Аманкелді ауданынң перзенті Әсем Торғайқызымен көңіл жарастырып, шаңырақ көтерді. Сөйтіп Аманкелді ауданына келді. Аудандық білім бөлімінің басшылары Оразбекті «Балдырған» балабақшасына дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі етіп орналастырды.

Бүгінде Оразбек пен Әсемнің Кәусар, Әлихан, Мәдина, Мәдихан атты 4 балалары бар. Үлгілі отбасы иелерінің бірі. Оразбек мектепті Қытай Халық Республикасында А. Байтұрсыновтың Әліпбиі бойынша оқыған. Арапшаны да жақсы біледі. Қытай тілін де меңгерген. Жұмысқа ыждағатты, инабатты.

Кездесуде Оразбек Біләлұлы оқушыларға бүгінде Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан Қытай Республикасы туралы мол мағлұматтар берді. Оқушылардың өзіне қойған сұрақтарына жауап берді.

-Қытай халқы - өте еңбекқор. Олар ерте тұрып кеш жатады. Онда әрбірадам еңбек етеді. Бос жүрген адамды көрмейсіз. Тағы бір артықшылығы – Қытайда тәртіп жоғары деңгейде. Біз,Қтайдағы азұлт өкілдері олардың осы қасиеттерін жоғары бағалаймыз. Жалпы, қытайлықтардан үйренетін нәрсе көп. Ол елдіңбалаларыесін білгенненбастап, адал еңбек етуге тәриеленеді. Мен біздің елдің жас ұрпағы да солар секілді білім мен еңбекке құштар, тәртіпті, инабатты өссе екен деп тілеймін, - деді кездесуде Оразбек Біләлұлы.

Кездесу соңындаол өмірбаяны, балалық шағы, білім алған ортасы, Қытайдағы тұрмыс-тіршілігі менөзі оқыған12 жылдық мектеп өмірінен қызықты әңгімелер айтып берді.

Сөз орайы келгенде Оразбек Қытайдан қытайдан келген өздеріне қамқорлық көрсеткен атажұртының халқы мен Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа жүрекжарды ыстық лебізін білдірді.

Мен тарихи Отанымызға оралған мыңдаған бауырларым секілді біздің жоғарғы тегін білім алып, өмірге араласуымызға қамқорлық көрсеткен халқымыз бен Елбасымызға шексіз алғыс айтамын. Егер бізге жағдай жасалмаса, институт бітіріп, жоғарғы білім алып, қазіргі жағдайғажете алмас едік,- деді ол.



Хамитбек Мұсабаев «Қостанай таңы» газеті 02.03.2018 ж.
Каталог: rukhani-zha-yru
rukhani-zha-yru -> Бағдарламасы «Рухани жаңғыру»
rukhani-zha-yru -> Мағжанның 125 жылдығы аясында 250-ге жуық іс-шара өтеді
rukhani-zha-yru -> Бір суреттің сыры: Сұлтанбекке серік болған Ескендір
rukhani-zha-yru -> Жаңғыруға темірқазық болған шаһар
rukhani-zha-yru -> «Соңғықазақ Герольд Бельгер» әдеби портреті Литературный портрет «Последний казах – Герольд Бельгер»
rukhani-zha-yru -> Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан»
rukhani-zha-yru -> «Высокогорье его прозы» кітап сандықшасы Книжный сундучок «Высокогорье его прозы»
rukhani-zha-yru -> Болашақ – латын әліпбиінде
rukhani-zha-yru -> Музей тарихпен тілдесу мүйісі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет