«Оқуға құштар балабақша» атты челлендж ұйымдастыру Ережесі Жалпы ережелер



Дата22.12.2021
өлшемі18,08 Kb.
#127566
Байланысты:
ЕРЕЖЕ ОҚУҒА ҚҰШТАР БАЛАБАҚША


БЕКІТЕМІН
Облыстық білім беруді

дамыту оқу-әдістемелік

орталығының директоры

_____________А. Қабдұлова

2021 жыл
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепке дейінгі ұйымдары педагогтері, тәрбиеленушілері мен ата-аналарына арналған

«Оқуға құштар балабақша» атты челлендж ұйымдастыру Ережесі
1. Жалпы  ережелер

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепке дейінгі ұйымдары педагогтері, тәрбиеленушілері мен ата-аналарға арналған «Оқуға құштар балабақша» атты челлендж ұйымдастырады.



2. Челлендж мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту, педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру.

3. Челленджді  рәсімдеу талаптары мен шарттары:

- әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық өлеңдер (ҚР ақындарының жеке шығармаларынан үзінділер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, ертегілер, әңгімелер, поэмалар т.с.с.);

- челендж кезінде музыкалық сүйемелдеу, декорация, иллюстрацияларды, фотосуреттерді, кітап мұқабаларын қолдануға болады;

- челенджге қатысушылар әдеби көрме, бұрыш, тәрбиеленушілерге арналған картотека, ата-аналарға әдеби шығармалар тізбесі т.б. жұмыс түрлерін ұсына отырып қорытындылауы тиіс.

Челенджге меншік нысанына, тәрбие мен оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар қатыса алады.

Бейнежазба форматы мен пішімі:


  • рұқсат етілген пішім: MP4, MOV;

  • бір файлдың өлшемі-300 Mb артық емес;

- бейнежазбаның ұзақтығы – 3 минуттан аспайды.

4. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

4.1 Іріктелген челлендж бейнематериалын облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының электронды почтасына tal.metod@mail.ru көрсетілген мерзімге сәйкес жіберіледі.



4.2 Челленджді жолдау мерзімі:  а.ж. 20-24 қазан аралығы.

4.3 Челлендж бейнежазбасы оқу-әдістемелік орталығының Facebook әлеуметтік желісі (https://www.facebook.com/100034054873372/posts/373724387106054/), YouTube каналы (https://www.youtube.com/channel/UC-EbFWv-MqReZ5WSh4e8exg?view_as=subscriber), uchebno_metodicheski_sentr инстаграмм парақшасында жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет