Алматы облысы,
Панфилов ауданы,
Алмалы ауылы
Елтінді батыр атындағы орта мектебінің
кітапханашысы Аманжолова Гулжан Мұқашқызы
«Білім қазынасы»
(5-7 сынып оқушылары арасындағы ауызша журнал)
Мақсаты: Оқушыларды кітапты қалай шыққандығы жайлы мағлұмат беру.
Кітап туралы мақал – мәтелдерді үйрете отырып, кітапты ұқыпты
ұстауға, кітап арқылы ұштасатын кең дүниені ұқтыру
Қайырлы күн құрметті балалар! Бүгін біз сендерді«Білім қазынасы» тақырыбындағы ауызша журналға шақырамыз.
Ауызша журналымыз 3 бөлімнен тұрады.
«Кітап – тәрбие көзі»
«Ең алғашқы кітап қайдан шықты»
«Кім көп біледі»
Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жатып ап
Көтеріп күйін көңілдің.
Айдыны шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
- Адам жарық дүние есігін ашып шыр етіп жерге түскен шағынан бастап оның бойында мінез қалыптаса бастайды.Мінездің жақсы болып қалыптасуына әсер ететін .үш бастау қайнар көздер бар.Бірінші баланы нәресте кезінен әлпештеп алақанына салып, аялап тәрбие беретін ата –анасының бойына сіңген «Бесік жыры» , «Бесік жырынан» бала өнегесінің басталуы бекер емес,себебі ол жыр құдіретті жыр батыр да, хан да ғалым да, бәрі де бесік жыры әнімен есейіп толысқан.
Ал екінші тәрбие көзі – мектеп, оның әшәнде ектеп жүрегі – ұстаз. Ұстаздың бала тәліміне қосатын үлесізор. Әрбір мейірлі ұстазда. Пейілді шәкірт болмақ.
Бала өсе келе өскен орта ерекшеліктеріне ден қояды. Әр нәрсенің жауабын іздейді. Міне осы кезде тәрбиенің үшінші бастауы – кітап көмекке келеді. Кітап арқылы бала өз дүниетанымын кеңейтеді, жақсыға еліктеп, жаманнан жиреніп өседі. Мәнді , әрі қызықты кітап қана бала санасының бойына сіңімді болады.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның ір бетін
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып білуге.
Ал енді балалар әңгімеміздің екінші бөлімін бастамас бұрын мен сенерге бірінеше жұмбақ жасырайын,жауабын тауып көріңдер.
Көп әңгіме ,өлеңім
күнде ақыл беремін
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де жақсы көремін.
Тілі бар үні жоқ, өзін адам түсінген. жүрегі бар ,қаны жоқ.
Қабат –қабат қаптама,
Қаттамадан аттама
Ақылын оның ала бер
Айтқан сөзін жатта да
Кітапханашы: Бүгінгі әңгімемізді тақпақпен , жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпыз. Бүгінгі әңгімеміз кітап жайлы болмақ. «Кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді?
Олай болса мен өзім айтып берейін. Кітап арабша «жазба» , түрікше «дәптер », «мерзімді басылым» дегенді білдіреді.Кітап - рухани қазына, байлық , өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу – тәрбие құралы.
Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасы мен монахтар білген.Сондықтан дүние жүзінде тұңғыш кітаптар «Таурат», Чин қытай тілінде Конфучий, парсы тілінде Авеста , грекше «» Юнан , қазақша «Құран» шыққан.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы XI ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би- Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет XV ғасырда неміс өнертапқышы Гутенберг баспа станргін жасады. Русте тұңғыш баспаны 1564 жылы Мәскеуде Иван Феодоров пен Петр Мешоловец басып шығара бастайды. Міне балалар кітаптың алғашқы тарихы.
Енді шарамыздың екінші бөліміне көшейік «Кім көп біледі»
Мен кітап туралы мақал – мәтелдің басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар. Ал бастаймыз
Кітап білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
Кітап ғалым, тілсіз мұғалім
Кітап – алтын қазына
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл
Оқу білім озығы,
Білім – ырыс қазығы
Оқымаған бір бала, оқыған екі бала
Оқу инемен құдық қазғандай
Оқу – өрге тартады, Надандық жерге тартады
Енді балалар әңгімеміздің «Кім көп оқиды» атты үшінші бөлімі
көшейік.
«Көксерек» шығармасының авторы кім?
Қазақ филіміне арқау болған кітапты ата?
Атақты балалар ақыны кім?
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте- өлең жолдарының авторы кім?
Жан – жануарлар туралы ертегіні ата?
«Балдәурен балалық» шығармасының авторы кім?
«Бала Шоқан» кітабының авторы кім?
Жерлес ақын жазышылардан кімді білесің
Б. Соқпақбаевтың қандай кітаптарын білесің?
«Менің атым Қожа» кітабының авторы кім?
Сонымен балалар кітап ең ғажайып дүние. Әуелі есік сияқты ашасың. Содан кейін ішін аралай бастайсың. Әр беті бір бөлім. Іші толы қазына Білім қазынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |