1-апта: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
|
1 Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз
2 Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. «Әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз Қазіргі адамға неліктен «әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.
3. Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.
|
жазбаша
|
1
|
1-5
|
2-апта: Әлеуметтану теорияларына кіріспе
|
Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы және дамуы – кесте толтыру.
1 Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын кесте түрінде салыстырыңыз, өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз (О. Конттың, Г. Спенсердің, Э.Дюркгейм)
2. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз
|
жазбаша
|
2
|
1-5
|
3-апта: Әлеуметтанулық зерттеулер
|
1. Әлеуметтік зерттеу сұрақтарының түрлері – кесте толтыру.
2.Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз.
3.Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз)
4.Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз
|
жазбаша
|
3
|
1-5
|
4-апта: Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
|
1 Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз,олардың ерекшеліктерін анықтаңыз
2.«Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері» тақырыбы бойынша
топтық жоба (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөліңіз) мысал келтіріңіз
|
жазбаша
|
4
|
1-5
|
5-апта: Әлеуметтену және бірегейлік
|
1«Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері» тақырыбында презентация дайындаңыз
2. «Әлеуметтену агенттері» тақырыбын қарастырып, әлеуметтенудің әрбір агентін сипаттаңыз. Сіздің әлеуметтануіңіздегі оның рөлін талдаңыз
3. « Жеке адамдар «әлеуметтік тіршілік иелері» ретінде» тақырыбында эссе-баяндама жазыңыз
|
жазбаша
|
5
|
1-5
|
6-апта: Отбасы және қазіргі заман
|
1 Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.
2. «Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).
3. Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз.Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз.
|
жазбаша
|
6
|
1-5
|
7-апта: Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
|
1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып,суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.
2.Сараптамалық шолу. Э.Дюркгеймнің «девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі» деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
3. Г.Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г.Сазерландтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріңіз. «Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді» эссе.
|
жазбаша
|
7
|
1-5
|
8-апта: Дін, мәдениет және қоғам
|
1 Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б.
2. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз.
|
жазбаша
|
8
|
1-5
|
9-апта: Этнос және ұлт әлеуметтануы
|
1«Этнос», «халық», «ұлт», «этникалық топ» ұғымдарын салыстырыңыз
2 Этникалық топтар арасындағы өзара байланысты сипаттаңыз.
«Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» тақырыбында эссе-талқылау жазыңыз.
|
жазбаша
|
9
|
1-5
|
10-апта: Білім және әлеуметтік теңсіздік
|
1 Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құрыңыз. Топтық жұмыс (4 адамнан көп емес). (Европа, шетел мысалымен салыстырыңыз)
2. Білім адамның мәртебесін айқындайтын басты фактор болу себебін негізді түрде түсіндіріңіз.
«Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы» эссе-негіздемесін дайындаңыз.
|
жазбаша
|
10
|
1-5
|
11-апта: Масс-медиа, технологиялар және қоғам
|
1 Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз.
2.Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып көрсететін схема дайындаңыз
|
жазбаша
|
11
|
1-5
|
12-апта: Экономика, жаһандану және еңбек пікір-таластар
|
1 Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас экономика,саяси экономиканың - ерекшеліктерін талдап беріңіз
2Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмның рөлі
эссе дайындаңыз.
|
жазбаша
|
12
|
1-5
|
13-апта: Денсаулық және медицина
|
1Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз.
2 Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін талқылаңыз.
|
жазбаша
|
13
|
1-5
|
14-апта: Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
|
ҚР демографиялық жағдайын әлемдегі мен салыстыру – сызба сызу.
1 Қоғамдағы урбанизация үдерісі мен миграциясының өзара байланысын анықтаңыз. Мысалдар келтіре отырып, Қазақстан ерекшелігін көрсетіңіз.
2 Бір мемлекет мысалында дамудың ерекшеліктерін ашыңыз.Орын алған демографиялық өзгерістер мен олардың қоғамға әсерін талқылаңыз.
|
жазбаша
|
14
|
1-5
|
15-апта: Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық
|
1 «Әлемде соңғы жарты ғасырда болған қоғамдық қозғалыстар: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар» тақырыбы бойынша жеке презентация.
2«Әлеуметтік өзгеріс» ұғымына анықтама беріңіз.
3 Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеудің негізі әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық- функционалдық, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм.
|
жазбаша
|
15
|
1-5
|