3- кесте – 1929ж. латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі
Рет саны
|
әріп
|
фонема
|
Рет саны
|
әріп
|
фонема
|
1
|
а
|
|
16
|
B
|
<б>
|
2
|
ь
|
<ы>
|
17
|
d
|
<д>
|
3
|
о
|
<о>
|
18
|
g
|
<г>
|
4
|
u
|
<ұ>
|
19
|
ƣ
|
<ғ>
|
5
|
e
|
<е>
|
20
|
z
|
<з>
|
6
|
ә
|
<ә>
|
21
|
č
|
<ж>
|
7
|
i
|
<і>
|
22
|
h
|
<һ>
|
8
|
ө
|
<ө>
|
23
|
m
|
<м>
|
9
|
y
|
<ү>
|
24
|
n
|
<н>
|
10
|
p
|
<п>
|
25
|
ŋ
|
<ң>
|
11
|
t
|
<т>
|
26
|
v
|
<у>
|
12
|
k
|
<к>
|
27
|
l
|
<л>
|
13
|
q
|
<қ>
|
28
|
r
|
<р>
|
14
|
s
|
<с>
|
29
|
j
|
<й>
|
15
|
c
|
<ш>
|
|
|
|
Әліпби сипаты. Әліпбиде қазақ тілінің өзіне тән 9 дауыстысы мен 20 дауыссыз фонемасына әріп арналды. <қ>, <ғ> ,<к>, <г> дыбыстарының жеке таңбасы болды. ь таңбасы орыс алфавитінен алынды, ƣ , č, ŋ таңбалары болды және одағайларда ғана қолданылатын шығыс кірме сөздерінде жазы-латын һ дыбысының әрпі бар. Алфавитте бұдан басқа кірме сөздерде кездесетін әріп қатары болған жоқ.
№ 13 дәріс тақырыбы: 1938 жылы емлеге енген өзгерістер.
1938 жылдан бастап емлені өзгертуге байланысты ұсыныстар беріле бастайды. Алғашқы жобан Қ.Жұбанов ұсынды. Ғалым ұсынған жобада 24 әріп, бір дәйікші болды.
а <а>-<а`>, b <б>-<б`>, с<ш>-<ш`>, k <к>, q-<қ>, l <л>-<л`>, r <р>-<р`>, s<с>-<с`>, m<м`>-<м>, d<д>-<д`>, n <н>-<н`>, t <т>-<т`>, e -, ң <ң>-<ң`>, u --, g<г>-<ғ>, x <х>-<х`>, y<ұ>-<ү>, h<һ>-<һ`>, o<ө>-<о>, z<з>-<з`>, i<ыj>-<іj>, ь -<ы>, p<п>-<п>.
Қ.Жұбанов f, h, x әріптері кірме сөздерде ғана емес, Оңтүстік қазақтарының тілінде бар дыбыс және келешекте тілдің(1934) термин сөздермен баю мүмкіншілігін ескерсек, бұл әріптерден бас тарта алмаймыз және өзге түркі халықтарының әліпбиімен бірдецлестіру үшін бұл әріпиті әліпбиге енгізу керек еді. Pravda, avarie, vьempel, fabric, faktr сөздерін b, p әріптерімен таңбалаудың қиындығын айтты.
Giremәpon, Meknijke, Qarkop, sәbet сөздерінің әртүрлі орфограммалап кеткенін жазды.
1936 жылы « һ әрпі әліпбиде болғанмен, қазақ сөздерінде ұшырап жарымайды, тек одағайларда кездеседі» деп, әліпби құрамынан ө, ә, j(й) және с таңбаларын шығарып, һ әрпін <ғ> фонемасына беруді ұсынады. Ал j-ді і дауысыт дыбыс әрпімен, v-ны, u-мен беруге болады дейді. Сөздің жіңішкелігіне дәйекшеден басқа I, k, g әріптері қарақшы бола алатынын көрсетеді.
Сонда Қ.Жұбановтың әліпби қатарынан алып тастауға болады деген әріптері мыналар: ө, ә, j, ғ, v.
Және ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының орнына бір таңба алуды, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады.
Қазақ-латын графикасының кемшілігі деп «сызылған» ө, «құйрықты» з, q, «аударылған» е (ә), «созылған» g(q), «белі сызылған» z таңбаларын атайды. Сөітңп, «Таким образом вместо прежних 13 букв по значению и 17 букв по числу знаков оставляются 7 букв, 7 знаков» дейді.
« Сыз, сіз дегенде ы, і әріптері сөз дыбысталуының ғана жуандығы мен жіңішкелігін көрсету үшін тұрған жоқ, ол бүтін буынның жуан-жіңішкелігін көрсетуге қойылған қарақшы». «Жазуда буын сайын бір дыбыстың жуан-жіңішкелігін айырып таңбалағанда, әр буынның дауысты дауысыт дыбысының ғана жуан жіңішкелігін айырып таңбалаймыз. Әрқайсысына екі әріп алып әурелемей-ақ, буын-буынның ғана жуандығын я жіңішкелігін айыртқандай бірақ белгі қоятын болсақ, әрпіміздің санын бүгіндегімізден азайтып 26-ға түсіруге болар еді» деді А.Байтұрсынұлы жолымен (5-кесте).
Ал кірме сөздерді жазғанда орыс тіліндегі түбірін сақтап, қосымшаны қазақ тілінде жалғауды, сондай-ақ туынды кірме сөздердің жұрнағын қазақ тілінде беруге болатындығын ескертті(федератировать-федерациялау).
5-кесте. Қ.Жұбановтың латын жазуына енгізген өзгерісі.
1929ж латын жазуы
|
Қ.Жұбановтың ұсынысы
|
1929ж. латын жазуы
|
Қ.Жұбановтың ұсынысы
|
A<а>
|
a<а><ә>
|
O
|
O<о><ө>
|
ә<ә>
|
---
|
ө<ө>
|
---
|
b<б>
|
b<б>
|
p<п>
|
p<п>
|
С<ш>
|
с<ш>
|
r<р>
|
r<р>
|
З<ғ>
|
З<ғ>
|
s<с>
|
s<с>
|
d<д>
|
d<д>
|
t<т>
|
t<т>
|
E<е>
|
e<е>
|
U<ұ>
|
y<ұ><ү>
|
g<г>
|
g<г>
|
у<ү>
|
---
|
---
|
---
|
z<з>
|
z<з>
|
I<і>
|
i<й><и>
|
v<в>
|
v<в>
|
h<һ>
|
---
|
J<і>
|
i<і>
|
k<к>
|
k<к>
|
Ь<ы>
|
Ь<ы>
|
L<л>
|
l<л>
|
ё<ж>
|
ё<ж>
|
m<м>
|
m<м>
|
Uv
|
--
|
n<н>
|
n<н>
|
Yv
|
--
|
|
H
|
Ьj
|
--
|
q<қ>
|
q<қ>
|
Iy
|
--
|
Ғалымның 1929 жылғы әліпби мен емле ережелеріне айтқан сыны қазіргі қазақ емлесінде айтарлықтай дау тудыра қоймайтын сөздердің заңдастырылу тарихын көрсетеді.
Мысалы, Қ.Жұбанов орфография ережелері «термин сөздерді ғана емес, төл сөздердің де дұрыс жазылуына кедергі келтіріп келді». «Әсіресе асра,ру, көбрек,қойны,аулы,шаруа сөздерінің бірде ы-мен, бірде ы-сыз жазылуына өзі жол берді» деді.
Сондай-ақ мына сөздердің бірнеше вариантта жазылуына мүмкіндік жасады дейді: ғана / ғәне / гәне, ішкім / ешкім, шіймай / шыймай / шызбай, кервіш / керпіш / кірпіш, бійбастық / бейбастық / бійбастақ / бейбастақ, жәнтік / жәндік, шынара / шінара / шін-ара / ішін-ара / ішінара.
Сол сияқты күрделі біріккен сөздердің жазылуы да әртүрлі болды: жар-ғанат / жар қанат, қол-ғабыс / қол қабыс, жарымес / жәрмес, ійін ағаш / ійінәғаш, жаздыгүні/жаздыкүні/жаздыкүн, жазғы тұр / жазғтұрым / жазғытұр / жазғытұрым, баражатыр / баратыр / барат.
1929 жылы емледе тек кірме сөздердің жазылуында ала-құлалық бар, ал төл сөздердің емлесі мінсіз деген пікірлердің дұрыс еместігін осы мысалдардан да көруге болады дейді ғалым. Емле ережесінің аз болуы емленің жақсылығын емес, кемшілігін көрсетеді. Ал кірме сөздердің емлесі туралы жазушылар «шет тілдерден кіретін сөздердің емлесі қазақ тілінің фонетикасы мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керекдеп, бір әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөдердің түбірін бұзбай жазу керек» деп екі әуре болады дейді.
№14 дәріс тақырыбы: Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы
Қазақ жазуының 1940ж. латын графикасынан орыс графикасына көшуінің бірнеше себебі болды:
1) өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекеті мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергі жасау;
2) араб және латын графикасына негізделген қазақ жазуының негізін қалаған қайраткерлердің (Т. Шонанұлы, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е. Омаров, О. Жандосов, Н. Төреқұлов) “халық жауы” болып шығуы;
3) бір мемлекет (ССРО), ортақ астана (Мәскеу) астындағы халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керектегі (орыс тілі мен жазуы);
4) термин сөздердің орыс тілі арқылы игерілуі;
5) жазу емлесіндегі ала-құлалық т.б. 1926ж. I түркітанушылардың съезінде де, 1929ж. емле конференциясында да қатынасқан орыс ғалымдары әр халық өз жазуын өз мүмкіндіктері тұрғысынан шешуі керек деп, бейтарап позиция ұстанғанмен, термин сөздерді орыс тілі арқылы игер-ген жөн (К. Юдахин), орыс жазуының да латын графикасынан кемістігі жоқ (Н. Ф. Яковлев, Жирков), фонетикалық принципке сақтықпен қарау керек (Л. В. Щерба) деген ішінара, іріткі ойла-ры, сондай-ақ қазақ оқымыстыларының да ортақ жазу – орыс жазуына көшкен дұрыс, терминдер орыс тілі нұсқасынша жазы-лу керек (С. Аманжолов) деген көзқарастары, сөйтіп, ақырында орыс графикасын қабылдауымызға себеп болды. Әліпбиі мен графикасы. Бұл жазудың алғашқы әліпби жобасында (1939ж. 10-тамыз) 40 әріп болды, ал әліпби тәртібі төмендегідей: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Мұнда дауысты дыбыстар (ә, ө, ŷ, ү) орыс әліпбиіндегі жуан дауыстылармен (а, о, у) і-и, й жіңішке дауыссыздармен, ы әрпі жуандық белгісімен қатар келген. Ал қазақ тіліндегі , фонемаларының таңбасы х-әрпінен кейін орналасқан. Ал графикасында мынадай ерекшеліктер болды: біріншіден, дауысты дыбыстардың таңбасы ретінде 14 әріп көрсетілді: а, о, у, е, ы, и, ә, ө, і, ŷ, ү, я, ю, э. Әліпбиде ё әрпі болмады, ол әріп кездескен сөз ө-мен белгіленді: слёт – слөт; е, ө, ә, ү, і әріптері сөзді жіңішкертетіндіктен, бұлар жазылған сөзде ь-белгісі қойылмады; ы, і әріптері сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда, я буын араларында жазылмайды делінді: смағұл, рет, ахмет; я әрпі сөз басында, дауысты дыбыстан соң, қатаңдық, жұмсақтық (ъ, і) белгілерінен кейін жазылатын болды: Яков, химия, аяғы, таяу, мия. Мына мәселелер ескерту ретінде берілді: орыс тілінен енген сөздерде дауыссыздан кейінгі я әрпі ә әрпімен белгіленді (Колә, желәбов, трансләция). ю әрпі түбір ішінде жазылады да (қою, аю), түбір мен жұрнақ ішінде йу тіркесі арқылы беріледі (қойу, сойу). Әліпбиде һ әрпі болмағандықтан, оның қызметін ә, а, х таңбалары атқарды: қаарман (қаһарман), гауәр (гауһар), аһ (ах). Қосар дауыссызға аяқталған сөзге қосымша жалғанғанда бір дауыссыз түсірілмеді: класс/классқа. Дыбыстық құрамы игерілген кірме сөздер айтылуынша жазылды: газет, самауыр, қамыт, сиез, доға. Араб-парсы тілінен енген сөздердің ортақ әдеби ва272 273 риантын орфографиялық сөздіктен қарап, жазу керек делінді, себебі сөз мағынасы дифференцияланып, жазуда айқындала бастады: ғаскер – войска, әскер – армеец, ғылым – мәлім. Біріккен жалқы есімдер кіріктіріп те Талдықорған, Қожакелді кіріктірілмей де (Амангелді, Қазанғап) жазылатыны көрсетілді. Бір жылдан кейін 1940 ж. 30-тамызда жаңа алфавит жөніндегі ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жаңа әліпби туралы жоба ұсынды. Мұнда һ әрпі әліпбиге енгізілді және фонемасы э таңбасымен берілді (5-кесте). 1940 жылғы әліпби жобасын жетекшілік еткен С. Аманжолов жобаны талқылауда э әрпін қазақ тіліндегі е дыбысының орны-на қолдануды, ә әрпін екінші буындарға да жаза беруді, я әрпін қолдануды азайтуды, мысалы, түбір мен жұрнақ позициясына жазбауды, ы әрпін тек орыс сөздерінде ғана жазып, қазақ тіліндегі үшін басқа таңба алуды ұсынған пікірлердің болғанын және оларға негізді дәлелдер бар екенін айтады. я, ю әріптерінен қызметі арқылы жазу үнемділігіне қол жеткіземіз дейді. Автор ь таңбасын қазақ тіліндегі жер-су атаулары адам есімдерінде қолдануды мақұл көреді. Ш. Сарыбаев к әрпімен , , г әрпімен - дыбыстарын белгілеп, іргелес келген дауыстының жуан-жіңішкелігіне орай , , , екенін айыруды ұсынды. Сондай-ақ – къ, – къ деп алайық деген де, тіпті – қ, – ғ деп алу жазу жылдамдығына кедергі, сондықтан q, р таңбасын қалдырайық деген де пікірлер болады. А. Ысқақов э әрпінің мәнін е әрпі де бере алады, сондықтан әліпбиге э-нің қажеті жоқ деп табады. М. Балақаев керісінше э әрпін сөздің бас буынында жазайық, сонда тек ч, ц, ъ әріптері ғана орыс сөздерінде кездеседі де, қалған әріптер ортақ болады дейді. Және қысаң езуліктердің емле қиындығын азайту үшін мағна, рет сияқты сөздердегідей анық естілмейтін позицияда ы, і әріптерін түсіріп, қалған по-зицияда тәуелдік жалғауы жалғанғанда да, түсірілмегені жөн деді. М. Балақаев сөз бірігіп жазылу үшін сөздің екі сыңары да атау тұлғада және олар изафеттің III түрі болмауы керек деді. Ал фразеологиялық тіркестердің барлық түрі бөлек жазылуы уәжді деп табады. Сөйтіп, осындай талқылаулардан соң, жаңа әліпби 1940ж. 11- желтоқсанында түбегейлі бекиді. Әліпби тәртібіндегі қазақ тілінің төл дыбыстары жұмсалу жиілігіне сәйкес, і, қ, ң, ғ, у, ө, ә, һ болып реттеледі. Бірінші орыс алфавитінің әріптері, соңынан қазақ әріптері тіркеледі. Әріп атауы вэ, бэ деп, орыс алфавитіндегідей белгіленеді. Әліпбидің жоғарыдағыдай берілуі оның қосалқы қызметі (санау, инвентарлау) үшін қолайлы делінді. Графика мен сөйлеу екі басқа, бір-біріне сәйкес келмейді деген пікірлер де осы кезден шыға бастайды. Жазылған сөздегі әріп пен дыбыс арасында айырма қай кезде де болады, сондықтан 1940ж. емледе қабылданбай қалған ый, ій тіркестері орнына и жазу; түбір мен қосымша аралығына ю, я әріптерін салу (кию, боя), я әрпімен [йа], [йә], [ә], ю әрпімен [йу], [йүу], [ү] дыбыс тіркестерін беру сияқты пікірлер айтылады. Алғашқы емле сөздігі. Осы әліпби жобасының негізінде 1941ж. С. Аманжолов, С. Баишев, Ғ. Бұзырбаев, С. Кеңесбаев, Н. Сауранбаевтардың ұжымдық авторлығымен алғашқы емле сөздігі жарық көреді. Онда мынадай өзгешеліктер болды: а) ы, і әріптері түсірілді: жыйлыс, құрлыс, бұйрық, ұрлық, топрақ, жапрақ, көкрек, ә) жалқы есімдерде [йы] тіркесі үшін и (Баир, Раис), жалпы есімдерде йы жазылды: айыл, кейін, б) кір-ме сөздерде я әрпінің алдынан и (пияла, пияз, зияш), ал қазақ сөздерінде ы жазылады: қыялы, сыяқты, тыянақты, в) йы, йі-ға аяқталған сөзге көсемшенің й жұрнағы қосылса, и әрпі жазылады (байыйды емес, баиды). Сөздікке а) жер-су аттары б) біріккен, қысқарған, кірме сөздер в) терминдер г) кісі есімдері д) жазылуы қиын сөздер кірді. Қазіргі орфограммадан өзгеше мына сөздер біріктіріліп жазылды: Алааяқ, алакөлеңке, антатқан, антұрған, асықжілік, ататек, атсалысу, атшаптырым, атышулы, атқора, ауажайы-лу, ауылшаруашылық, ахрет, ахуал, ашішек, аяқкиім, аяқтұзақ, бақайқулық, бейнетхор, бейпілауыз, белкүрек, белорақ, боссөз, бытра, бытраңқы, біркүні, бірнәрсе, бұрнағыкүн, дарқан, дастарқан, диқан, емізік (еміздік емес), етбетінен (етпетінен), жалахор, жандік, жапрақ (жапырақ емес), жетіата, жый-лыс (жиналыс), жыйырма, кеңпейіл, күретамыр, көжеқатық, көзбайлау, махлұқ, мағна, мұраб, мұқыят, мұғаллім, нахақ, суд (сот емес), тәбиғат, тәбиғи, хажет, хата, хатер, хауіп, хиял, хиянат, хұдды, хұрмет, ішкиім, қаблет, ғібрат, ұйқтау, өкмет. Жалпы, 1938ж., 1939ж., 1940ж. ұсынылған әліпби жобаларында қосар [u] дыбысын бір таңбамен беру ұсынылып, ол қолдау тапқанмен, u әрпінің емлесі айқындалып, шешіле қоймаған еді. 274 275 Мысалы, М.Балақаев 1940 ж. орфографияда тек 4 параграфта “что и пишется во всех словах как мягкий гласный, в других слу-чаях (13 параграф) – буква и пишется для обозначения звуков ый (йық, иса), в третьих случаях, правда без специального пун-кта правил и употребляется для обозначения звуков [і] [й] (ки, жи)” делінгенін айтады. Сондықтан и әрпінің емлесін жүйелеуді ұсынады. Мысалы, жіңішке сингармотембрде бір әріппен (ки); жуан сингармотембрде екі таңбамен берілді (қый). Жалпы, Кирил-қазақ әліпбиінің қабылдану, емле ережелерін жетілдіру тарихына барсақ, жазуды қазақ тілі табиғатының тұрғысынан (М. Балақаев) және орыс тілі табиғатына жақындатып, бағындырып жазу тұрғысынан ұсынатын (С. Аманжолов) екі бағыттың болғанын көреміз. Емле мәселелері. М.Балақаев қазақ орфографиясының 40ж. қиындықтары ретінде мыналарды көрсетті: күрделі сөздер емлесі, и, ы, і әріптерінің емлесі, қ-х әріптерінің емлесі, ә әрпінің жазылуы, термин сөздердің қосымшалануы, жалпы есімдерінің жазылуы. М.Балақаев біріккен сөзге бір зат, бір ұғымның мағынасын беретін сөз деп анықтама берілген соң ауажайылу, басқатыру сияқты тіркестердің де бірге жазылып кеткенін, ал аяқ киім, темір жол анықталғыш-анықтағыш қатынастағы сөз екенін айтады. Кісі аттарының фонетикалық принциппен жазылуы уәжді деп табады, сондай-ақ жарыя – жәрия – жария, қайтып – кәйтіп деген сөздердің әдеби вариантын анықтау емле сөздігінің құзырына тиеді дейді. Ғалым һ әрпін х-мен беруге, қ, ғ фонемаларын г, к әріптерімен таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. Ал ог, уг, к-ға аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (полктік, педагогке) екі сыңардан құралған біріккен сөздер жігіндегі қ/ғ, к/г алмасуын таңбалауды ұсынады. Біріккен сөздердің емлесін орыс тіліндегі баламасының жазылуына қарап анықтаудың қателігін айтады. Және қазақ әліпби жүйесінің тәртібіне, оны қабылдаған үкімет қаулысына наразылығын білдіреді. Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтында (1952 III) осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден һ әрпін алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, ый, ій, ұу, үу қосарын и, у таңбаларымен беруді қабылдайды. Бірақ С. Аманжолов керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-тарына арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып жүр ме” деген бағытта жүруі керек дейді. Автордың ойынша, ә әрпінің қызметін я әрпі де атқара алады (Куляш, сіря, Жамиля); к, г-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп жазбау ақкөңіл, асырасілтеу сияқты сөздерді бірге жазу уәжді. Сондай-ақ С. Аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы болды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмірлеу – қызметіне кедергі болады деді. Және қосар дыбыстарды бір таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің айтылуы мен жазылуын алшақтады. к, г-ге біткен орыс сөздеріне жіңішке қосымша жалғау орыс тіліндегі сөздердің айтылуын бұзады деді. Осы екі бағыттың соңғысының ұсынысы ескеріліп һ әрпі әліпбиде қалдырылсын деген пікір, бірінші буыннан басқа буынға ә әрпін жазбау, орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынына қарап қосымша жалғау сияқты пікірлер тұрақтана бас-тайды. Ал э таңбасын ұ таңбасымен ауыстыру туралы ұсыныс 1951ж. 15 тамызында ресми түрде қабылданады (э – ұ). 1957ж. Қазақ тілі негізгі емле ережелері қабылдағанға дейін қазақ жазуының тарихында бірнеше ұсыныс болған. Оның алдыңғысы 1939ж. әліпби жобасы, 1940ж. емле жобалары болса, соңғысы 1953ж. 28 ақпанда “Қазақстан мұғалімі” газетінде ұсыныс ретінде жарияланды. Әліпбиде 40 әріп рет санымен бел-гіленді, ә әрпі е таңбасынан кейін орналастырса да, әліпбидің рет санына алынбады. Ал һ әрпі алфавитте болмады. Әліпбедегі әріп реті қазіргі әліпби тәртібімен бірдей. Ереженің 1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының арасындағы өзгешеліктерге на-зар аударайық (6-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |