Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет66/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Кірме сөздер емлесі. Fалымның кірме сөздердің емлесі жайлы айтқан пікірлері арнайы сөз қылуды кажет етеді.
Fалым шеттілдік сөздерді орыс тіліндегі орфографиясымен қоса қабылдауды ұсынды, бул ұсыныс қолдау тауып, қазірде біз екі түрлі алфавит, екі түрлі орфография пайдаланамыз: қазақ тілінің төл сөздерін таңбалайтын және шеттілдік сөздерді жазу орфографиясы. Жазылған сөз ішінде ц, щ, ъ, b, ч таңбалары кірме сөз екеніне маркер болып тұрады. Директор деп жазып, [ди- ректр] деп оқысак, ол орыс орфоэпиялык нормасын да қабылдап отырмыз дегенді білдіреді. "Перспектива развития казахского языка, тенденция обогащения его терминами и словами, обозначающими технику и действия современной культуры, из иностранных языков не дадут возможности так просто их игнорировать следует ввести h, х. Federatsija — Federatsijalay. Кlаssifikatsija —klaxsifikatsijalaу" деп табады автор. Оның үстіне h, х, ф-п дыбыстары бір фонеманың варианттары екенін біле тұрып, Онтүстік қазақтарының тілінде h, х дауыссыздарының анык айтылатынын ескертеді. Осы орайда терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына бағындырып жазғаннан гөрі, түбірін цитаталық, қосымшасын фонетиқалык принциппен жазғанды ұсыну Қ.Жұбанов тарапынан шыққанын айта кеткеніміз жөн. Бұл кірме сөздер қазақ тіліне сай орфограммалаудың қиындығынан, жазудағы ала-кұлалыққа тосқауыл қоюды ойластырған ниетінен шықты дейміз.
Пысықтау сұрақтары
1. Қ.Жұбанов ұсынған әліпбиде не себептен 24 әріп, бір дәйекші болды?
2. Кірме сөздерді таңбалауда Қ.Жұбановтың ұсынысы қандай болды?
3. 1938ж. әліпби мен емледе болған өзгерістердің себебі неде болды?
4.uv (ұу) мен yv (үу) қосар әріп орнына бір ғана u жазу не себептен қабылданды?
5. С.Аманжоловтың қандай ұсыныстары қазіргі қазақ емлесінде сақталған?
1-тапсырма 1938 ж. әліпбиге түзету енгізгеннен кейінгі төмендегі емлеге сипаттама беріңіз. Provinsia, pozitsia, Эspania, artileria, aviatsia, armia, aiaƣь.
2-тапсырма 1938 ж әліпбимен жазылған термин сөздердің, төл сөздердің, күрделі сөздердің, қосымшалардың емлесіне талдау жасаңыз: Испаниа, Еспан ушаскесі, позитсиа, артиилериа, оператсиа, авиатсиа, самолөт, килограммалық, танк екипажы, Григори, Мехаил, оқитын, Қыир шығыс, лұқсат, Қалқ Комиссары, аброй, комсомолетс, дайарлайтын, кәзір, колхоз председателі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет