Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет63/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил
Документ Microsoft Word, казіргі қазақ әдебиеті, 1 lesson
Бағалау критерийлері:

Әдебиет: 5,13,20,32,40

13 семинар сабақтың тақырыбы: Қ.Жұбановтың әліпби,емле туралы тұжырымдамалары


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Фонема туралы.

  2. Емле принципі туралы

  3. Қысаң езуліктердің емлесі туралы

  4. Әліпби жобасы.

  5. Кірме сөздер емлесі

Қазақ жазуының қалыптасу, даму жолдарының көшбасында тілдің жаңа жүйесінің бағыт-бағдарын айқындайтын екі мектеп тұрды.Оның бірі А.Байтұрсынұлы,Е.Омаров, Т.Шонанұлы,Қ.Кемеңгерұлы,Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамбетұлы ұстанымдары үйлескен сингармониялық жазу мектебі болса, екіншісі Қ.Жұбанов бастаған қазақ жазуы дамуының жаңа кезеңі өкілдерінің қалыптандыру мектебі болды.
Қазіргі қазақ графикасы мен әліпбиіндегі әріп-дыбыс қатынасы, емле принциптері, кірме сөздердің орфографиясы,кірме сөздерге қосымша жалғану қағидалары алдыңғы мектептен өзгеше бағыт алды десек, ол негізінен Қ.Жұбанов көзқарастарының өміршеңдігі мен ұсынған пікірлерінің қолдау тауып кеткеніне байланысты. Сондықтан қазіргі қазақ жазуы туралы сөз ету үшін Қ.Жұбановтың әліпби, фонема, орфография туралы ойларына тоқталған жөн.
Фонема туралы. Ғалымның ауыздан шыққан дыбыстың саны жоқ, олардың ішінде тек мағынаға ие болатындары ғана фонетика объектісі дегенін автордың жалпы тіл біліміндегі фонема ұғымынан хабардарлығы немесе фонема ұғымын өздігінен пайымдап отырғаны деп білеміз.Мысалы: "Баба дегендегі <б> екі басқа, бір емес.Сондықтан бұл екеуінің физиологиясы да асқа. Біз көп >-ның бәрінің басын қосып, бір белгісін ғана алғанбыз" дейді ғалым.
Сондай-ақ автордың сөзайырымдық қасиеті жоқ п-ф, қ-х дыбыстарын п,қ фонемаларының дыбыстары деп қана танығанын (Файзолла-Пайзолла), "дыбысты түгел таңбалайтын әліпби ешбір елде жоқ" дегенін фонематикалық жазу түрінің теориясын меңгергені деп түсінеміз.
Қ.Жұбановтың "Оқымыстылар тіл табыстарын, сөз тұрпаттарын, сөйлем құрылысын бір-біріне қоспай, аулақ ұстайды.Өйткені бұлардың өзара қатынасын зерттесе, бұлардың өзі де мәңгілікті категория болмай, бір-біріне өтіп, ауысып отырғанын көрер еді" деген сөзі құрылымдық тіл білімі зерттеулерінен кешенді тіл білімі зерттеу әдістеріне ауысып отырған бүгінгі қазақ тілі білімінің жайына келеді.Соған қарап тіл білімінде фонетика,морфология, лексикология, синтаксис салаларының екшеленіп зерттелінуін, өз зерттеу пәні мен әдістерін, нысанын ерте анықтауын, орфография, жазу тарихы сияқты кеш дамыған аралық ғылым саласына жете көңіл бөлінбеген себебін парықтауға болады. Өйткені жазу тарихы ең арғысы тарих пен ұлт, этнос, дін тарихымен бергісі каллиграфиямен байланысты болса,орфография фонетка, морфология, семасиология, синтаксис салаларындағы зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Ғалым структуралық тіл білімінің әр саласына қалам тартқанда оны міндетті түрде жазу мен практиканың қажеттілігіне байланыстырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет