Білім беру бағдарламасы: 5В130100 «Жалпы медицина» «Жалпы дәрігерлік тәжірибе»



бет2/7
Дата04.12.2023
өлшемі53,52 Kb.
#194953
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sil ped.ozek.sur.

Оқытудың соңғы нәтижелері

Білім беру бағдарламасынан оқыту нәтижелері

Пәннің оқыту нәтижелері
(5-8-ден көп емес)

Оқыту әдістері

Бағалау әдістері

1.Дәрілік заттардың әсер ету механизмі, емдік әсері және фармакокинетикасы, жанама әсерлері және дәрілік өзара әрекеттесулері, ұзақ емдеудің әсерлері, соның ішінде популяция деңгейіндегі әсерлері туралы білімдерін көрсету.
2. Тәжірибе саласында жиі кездесетін синдромдар мен жағдайларды дифференциалды диагностикалау алгоритмін түсінуді көрсету.
3.Негізгі ауруларды емдеу және алдын алудың тиісті әдістерінің әсер ету механизмі мен қауіптерін түсіндіру
4. Алғашқы/клиникалық диагнозды тексеру және негіздеу үшін аурулардың диагностикалық критерийлері туралы білімді пайдалану
5.Коммуникациялар: ақпараттық технологияларды қолдануды қоса алғанда, пациенттермен, олардың отбасыларымен және медициналық қызмет көрсетушілермен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық және коммуникациялық дағдыларды көрсету
6. Медициналық құжаттаманы жүргізу, науқастың денсаулық жағдайы туралы жазбаша ақпаратты уақтылы, нақты және қысқа көрсету
7. Анамнез, физикалық тексеру және зертханалық деректерді, бейнелеуді және басқа да тергеу әдістерін қолдану арқылы пациенттер және олардың жалпы жағдайы туралы маңызды және нақты ақпаратты жинау
8. Зертханалық мәліметтерді интерпретациялау, тәжірибе саласына сәйкес көрнекі және басқа зерттеу әдістерін талдау
9. Ақпараттық базаларда емдеу мен диагностиканың заманауи ғылыми негізделген әдістері туралы ақпаратты тиімді іздеу

1.Ауруханадағы балалардың негізгі соматикалық ауруларын диагностикалаудың заманауи әдістерін білу.
2. Өкпе, кардиологиялық, ревматологиялық, гематологиялық, эндокринологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық патологиялары бар баланы толық клиникалық тексеруден өткізу.
3. Зертханалық және арнайы зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау (морфологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, қанның, зәрдің, қақырықтың, нәжістің серологиялық көрсеткіштерінің, коагулограмма көрсеткіштерінің);
4. Ауруханадағы балалардың негізгі соматикалық ауруларының заманауи фармакотерапиясын білу.
5.Балалық шақтағы фармакотерапия негіздерін, дәрілік заттарды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді, оларды өкпе, кардиологиялық, ревматологиялық, гематологиялық, эндокринологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық патологиялары бар балаларда қолдану кезіндегі асқынуларды білу

Практикалық сабақтар: CBL, PBL, TBL, семинар, шағын топтық жұмыс, жоба, бағытталған оқыту.
ОБӨЖ: техникалық құралдарды қолдана отырып, оқу тапсырмаларының кешені, электронды мәліметтер базасы мен кітапхана ресурстарын қолдана отырып реферат, эссе жазу.
БӨЖ: сабақтарға зерттеу компонентін қосу (презентациялар, зерттелетін мәселе бойынша журнал мақалаларын талқылау)

Фронтальды сауалнама - ауызша кері байланыс.
Салыстыру (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау) - тыңдаушыларға басқа топтың жұмысын салыстыруды, айырмашылықтарды табуды, туындаған сәйкессіздіктерді түсіндіруді, оларды талдауды және қорытынды жасауды ұсыну.
Ағымдық бақылау: жазбаша тест тапсырмалары, жазбаша/ауызша сауалнама, жағдаяттық есептерді шешу, тапсырмалардың орындалу нәтижелерінің рәсімделуін тексеру
және т.б., шағын топтарда (CBL, PBL, TBL).
Әр кредиттен кейін тапсырмалар бойынша жазбаша бағалау
Қорытынды бақылау: емтихан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет