Білім беру бағдарламасы: 6B10155- «Жалпы медицина» Академиялық кредит/сағат: 4/120 Тәжірибелік сабақ: 1,5/45 обөЖ: 1,25/37



бет2/15
Дата04.06.2022
өлшемі33,03 Kb.
#145966
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2 курс силлабус ЖМ (1) (2) (2)

Оқытушылар туралы мәлімет
Назарова Ләззат Кенесбековна –Профилактикалық медицина кафедрасының магистр оқытушысы.
Есентаева Жулдыз Мадиевна – Профилактикалық медицина кафедрасының магистр оқытушысы.
Шайхаттарова Улбала Сейтжаппаровна –Профилактикалық медицина кафедрасының магистр оқытушысы.
Жанибекова Мерей Полатовна –Профилактикалық медицина кафедрасының магистр оқытушысы.


Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, университет қалашығы, Профилактикалық медицина кафедрасы (2-корпус 4-этаж, ауд. 410,414 ) . e-mail: prof.med001@gmail.com


Пәннің саясаты: Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес білімгердің сабаққа қатысуы міндетті. Білімгердің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Білімгер сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген білімгерлер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Білімгер семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан білімгерге хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол білімгер деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.


2 Бағдарлама
2.1. Кіріспе
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Д.К. Заболотный және Л.В. Громашевскийдің эпидемиологияның аса ірі теориялық жетістігі болып саналатын эпидемиялық процесс туралы ілімін жасап қалыптастырғаннан кейін эпидемиология медицинаның дербес тармағы ретінде қалыптаса бастады.
Е.Н. Павловскийдің жасаған инфекциялардың табиғи-ошақтық ілімі, К.И. Скрябиннің гельминтоздарды жою теориясы, В.Д. Беляковтың паразиттік жүйенің өзін-өзі реттеу теориясы, Б.Л. Черкасскийдің эпидемиялық процесстің әлеуметтік-экологиялық концепциясы және басқа да эпидемиолог-ғалымдардың жұмыстары эпидемиологияның дамуына қосқан аса ірі үлестері болып саналады. Бүкіл әлем бойынша қара шешекті біржола жер шарының барлық елдерінде жою әлемдік эпидемиологияның ерекше жетістігі.
Білімгерлердің жалпы және жеке эпидемиология туралы көзқарасын қалыптастыруда эпидемиялық процесс туралы ілімнің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін, оның табиғатын, құрылымын, қозғаушы күштерін және көріністерін толық меңгеру. Бұл адамның жұқпалы ауруларының даму эволюциясын түсіндіруге көмектесуі және оларды біржола жоюға ғылыми-негізделегн жолдарын іздеуі. Бұл жерде зерттеп түсіндірудегі жұқпалы аурулармен күресу, алдын алу барысында, нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайды ескере отырып, әдістемелік талаптарды қолдану ашып көрсетіледі.
Паразит пен ие жүйесі популяциялары арасындағы эпидемиялық процестің өзін-өзі реттеуін және даму механизмдерін, жұқпалы аурулар және инвазиялар қоздырғыштарының эволюциясын оқыту аса маңызды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы медициналық білім беру аясындағы төмендегі құзіреттіліктерді дамытуға бағытталады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет