Бесінші апта
№5-дәрістің тақырыбы: Əлеуметтік лингвистиканың зерттеу бағыттары
Қарастырылатын мәселелер:
1.Синхрониялық социолингвистика
2.Диахорниялық социолингвистика
3.Макросоциолингвистика жəне микросоциолингвистика
Терминдер мен анықтамалар.
Синхрондық əлеуметтік лингвистика – тіл жəне қоғамғабайланысты қатынастар (статика) мен процестерді (динамика), соның ішінде тілдіңəлеуметтік процесін зерттейтін əлеуметтік лингвистиканың саласы.
Микроəлеуметтік лингвистика (грек. mіcros – кіші; ағылш. Mіcrosociolinguistics) – микро/кіші деңгейдегі, яғни кіші əлеуметтік топтардағы,микроəлеуметтік қауымдастықтағы (отбасы, басқа да кіші топтар, ұжымдар т.б.) тілдікпроцестер мен құбылыстарды зерттейтін əлеуметтік лингвистиканың саласы (қар.:Макроəлеуметтік лингвистика).
Микроəлеуметтік қауымдастық (грек. mіcros – кіші) – бұл да кіші əлеуметтік топ (отбасы, мектептегі класс, өндірістік бригада, студенттер легі, спорткомандасы т.б.). Ол демографиялық жəне əлеуметтік қауымдастық көрсеткіштерімен,сондай-ақ күнделікті қатынас ортасындағы үнемі коммуникативтік қатынастарменсипатталады. М.-ə.қ. аз болған сайын тілдік бірыңғайлық жоғары болады, М.-ə.қ. бір топтүріне жақын болған сайын тілдік қатынас үлгісі де бірыңғайлық жоғары болады. Мыс., тілдік құралдар саны, оларды қолдану, сөйлеу қатынасы стандартты бола береді.
Достарыңызбен бөлісу: |