1. Тілдің қоғамдық қызметі. Тіл - адамзат қоғамында өмір сүретін əлеуметтікқұбылыс. Демек, кез келген қоғамда тіл коммуникативтік (қарым-қатынас құралы), экспресивтік (ойды жарыққа шығару құралы), конструктивтік (ойлау құралы) жəне аккумулятивтік (тəжірибе мен білімнен жиналған дағды) қызметтерін атқарады. Бұлар тілдің түрлі кезеңдеріндегі даму деңгейлеріне тəн жəне өзіндік жүйесінде өзгермейтін туа бітті компоненттері болып табылатын негізгі қызметтері деп аталады. Ал тілдің қоғамдық қызметі – бұл тілдің сол негізгі қызметтерінің түрлі əлеуметтік орталарда, қоғамдық өмір салаларында жəне əр түрлі мақсаттар мен жағдаяттарда пайдаланылуы мен қолданылуының көрінісі.