МӨЖ тапсырмалары: Тілдің əлеуметтік орталары мен салаларда түрлі мақсаттар мен жағдаяттардақолданылуының көрінісі
Тапсырмалар: мысал келтіре отырып тақырып мазмұнын ашу
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Сулейменова Э.Д.,Шаймерденова Н. Ж. Словарь социолингвистических терминов.
А., 2002.
Мажетаева Ш. Əлеуметтік лингвистика: Электрон. оқу-əдістемелікқұрал.Қарағанды: Инновациялық-технологиялық орталық, 2009
Абасилов А. Əлеуметтік лингвистика. Қызылорда, 2009.
Он екінші апта
№12-дәрістің тақырыбы: Тілдер қарым-қатынасының теориясы: біртілділік, қостілділік, көптілділік
Қарастырылатын мәселелер:
1. Диглоссия мен билингвизм
2. Табиғи жəне жасанды билингвизм
3. Қостілді адам (билигв) жəне билингв тілдерінің типологиясы. «Билингв» түсінігі
4.Тілдік бөгетті жеңу тəсілдері жəне тілдердің қызметтік жүктемелері
5. Тілдік əсер бағыты
Терминдер мен анықтамалар.
Диглоссия(грек. di екі + glossa тіл, орыс. диглоссия) - бір ұлттық тілдің əртүрлі қосымша жүйелерін (əдетте кодификацияланған əдеби тіл немесе стандартты тіл VSмен кодификацияланбаған ауызекі сөйлеу тілі.
Дискриминация(лат. discriminatio - бөлектеу, орыс. дискриминация, ағылш.Discrimination) – ұлттық белгісі, əлеуметтік тегі, саяси жəне діни көзқарасы, жынысы,жасы жəне басқа да белгілері бойынша елдің жекелеген адамын жəне тұрғындарыныңбелгілі бір категориясын теңдіктен айыру, құқықтық шектеу.
Көптілділік(мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнешетілді пайдалану. Бір адамның (адамдардың) бірнеше тілде сөйлеуі. К. Ірі, көп ұлттыелдерге тəн.
Тіл таңдау (орыс. выбор языка) – Қостілділік жағдайында екі тілдің бірінқолдануға ерік беру. 2. Код ауыстыру кезінде белгілі бір сөйлеу жағдайында бір тілдіқолдануға ерік беру (қара: Тіл ауыстыру). 3. Диглоссия жағдайында тілдің өмір сүруформаларының бірін қолдануға ерік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |