3.Тілдердің дипломатиялық рангісі. Дипломатиялық хаттама бойыншахалықаралық басқосулар мен конференциялардың барлық құжаттары, хаттамалары жəнеқорытынды актілері сол босқосуға қатысқан барлық мемлекеттер тілдерінде берілуі тиіс.Өйткені бұлар дипломатиялық қатынастағы басқосудың ресми тілдері болып табылады.Ал оларға қарағанда жұмыс тілдерінің шеңбері біршама тар болады. Бұл тілдердемəмілелер жүргізіліп, баяндама немесе шешім жобалары жасалады.Егер халықаралық шарт екі немесе бірнеше тілдерде жасалса, онда соның соңғыбаптарында əрбір тілдегі мəтіндер бірдей заңдылық күші бар екендігі көрсетіледі, бəрі детүпнұсқа, бірдей мəнде саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |