Білім беру бағдарламасы 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет73/80
Дата31.01.2022
өлшемі342,43 Kb.
#116533
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80
Байланысты:
Әлеуметтік лингвистика

МӨЖ тапсырмалары: Тілдің ойді жарыққа шығару қызметі

Тапсырмалар: тақырып бойынша тезис жазу

Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. М., 1996.

Хасанұлы Б. Ана тілі –ата мұра. – А.: Ғылым, 1992

Мажетаева Ш. Əлеуметтік лингвистика: Электрон. оқу-əдістемелік құрал.

Қарағанды: Инновациялық-технологиялық орталық, 2009

Абасилов А. Əлеуметтік лингвистика. Қызылорда, 2009.


Он бесінші апта

15-дәрістің тақырыбы: Қазақстандық əлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы

Қарастырылатын мәселелер:

1. Қазақ жəне орыс тілдерінің əлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі, ол

жөніндегі еңбектер

2. Қазақстандағы тілдер: қызметі, дамуы

3. Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, құқықтық нормалар, олардың зерттелу жайы.

Терминдер мен анықтамалар.



Тіл саясаты – мемлекет, қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатынқоғамдағы тілдік жағдаятты өзгертуге немесе тұрақтандыруға бағытталған саяси,əлеуметтік жəне лингвистикалық шаралар жүйесі.

Қазақстандағы əлеуметтік лингвистика бұрынғы КСРО-дағы əлеуметтіклингвистика бағыттың негізінде қалыптасты. Еліміздің тəуелсіздік алғанынан бергіжылдарда республикадағы тілдік жағдаят, тіл саясаты, оның өзіндік бағыттары арнайы зерттелді. Еліміздің өзіндік тілдік құрылысы жəне онымен байланысты мəселелер ғылымишешімін таба бастады. Бұл бағытта Б.Хасанұлы, М.М. Копыленко, А.Е. Карлинский,М.К.Исаев, Э.Д Сүлейменова, З.К.Ахметжанова, С.ТСайна, Н.Ж.Шаймерденова т.б. ағабуын ғалымдармен қатар К.М Байбосынова, А.М.Құмарова, А.Абасилов, Г.С.Суюнова,С.А.Асанбаева, Д.Ж. Қасымова, Г.Д.Алдабергенова, Г.М.Əлімжанова, т.б. жасғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Қазақстандағы тілдік құрылыс пен тілдік ахуалды зерттеуші ғалымдардыңеңбектерінде əлеуметтік лингвистиканың ең өзекті деген проблемалары жан-жақтыталданады. Қолда бар материалдарды сараптай отырып солардың бірқатарына қысқашашолулар жасап өтейік.

Б.Хасанұлы 1976 жылы жарық көрген «Языки народов Казахстана и ихвзаймодействие» атты еңбегінде Қазақстандағы тілдік жағдаятқа кең түрде мінездемебереді. Қазақстан халықтары тілдерінің өзара қарым-қатынасын, олардыңтұтынушыларын, тіл меңгеру деңгейлерін, өмір салаларында қолданылуын, қоғадыққызметтерін нақтылы статистикалық мəліметтермен талдап көрсетеді. Негізгіпроблемаларына ғылыми сипаттамалар береді.1982 жылы М.М.Копыленко мен С.Т.Саинаның «Функционирование русскогоязыка в различных слоях казахского языка», 1984 жылы М.М.Копыленко менЗ.К.Ахметжанованың «Фонетическая интерференция в русской речи казахов», 1987 жылыосы еңбектің екінші бөлімі «Лексическая и морфологическая интерференция в русскойречи казахов» деген атпен басылып шықты.

Бұл еңбектерде қазақтардың орыс тілінқолданудағы фонетикалық, лексикалық жəне морфологиялық қателіктері зерттелді.Интерференциялық құбылыстарды əлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттеу əдістерімынадай бағытта қарастырылды:

1) қазақ жəне орыс тілдерін зерттеу кезеңіндегі интерференциялық құбылыстардың

қысқаша салыстырмалы талдауы;

2) потенциалды интерференцияның аумағын айқындау;

3) информанттарды экспедициялық бақылау;

4)нақты интерференцияны лингвистикалық тұрғыдан сипаттау, талдау;

5) тест жəне сауалнама сұрақтары арқылы интерференциялық құбылыстарды

зерттеу, талдаулар жүргізу;

6) интерференциялық құбылысқа əлеуметтік лингвистикалық талдаулар жасау.

1990 жылы жарық көрген А.Е.Карлинскийдің «Основы теории взаимодействиеязыков» деген еңбегінде тілдердің бір-біріне əсер ету мəселесі, қостілділік, оның пайдаболуы жəне қоғамдағы орны, табиғи жəне жасанды билингвизм, тілдік ұжым,интерференция, оның типтері, интеркаляция типологиясы т.б. мəселелер қамтылған.

Қазақстандағы тіл саясаты мəселесіне қатысты 1990 жылы «Языковая политика вКазахстанеи пути ее реализации» атты жинақ жарық көрсе, 1991 жылы қостілділікмəселесін талдаған М.М.Копыленко мен З.К.Ахметжанованың «Психолингвистическийаспект двуязычия. Проблемы национально-русского двуязычие» деген зерттеуларіқостілділік теориясына қосылған қомақты еңбек болды.

Б.Хасанұлы осы еңбегінде бүгінгі таңда күн тəртібінде тұрған өзекті мəселе – қазақтілінің мемлекеттік мəртебесіне сай қызмет етуі мен дамуын, қоғамдық өмір салаларындақолданылу жағдайларын сөз ете келе, мемлекеттік тілді дамытудың мынадайпринциптерін атап көрсетеді:

Бірінші принцип –мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық жағдайды туғызаотырып, кезең-кезеңімен барлық мекеме, ұйым, кəсіпорындардың қызмет бабындағықарым-қатынас құралына айналдыру.

Екінші принцип – мемлекеттік тілді жоспарлы түрде, барлық жағдайды туғызаотырып, кезеңімен барлық мекемелерде, ұйымдар мен кəсіпорындарда іс қағаздарынжүргізуге пайдалану.

Үшінші принцип – мемлекеттік тілді қаржыландыру мəселесін түбегейлі шешу.

Төртінші принцип – мемлекеттік тілді оқыту ісін кадрмен, оқу құралдарымен толыққамтамасыз ету.

Бесінші принцип – мемлекеттік тілді бір ғана қазақ тілінде емес, орыс жəне басқатілдерде де насихаттаудың іс-шаралар жүйесін қалыптастыру.

Алтыншы принцип – Тіл заңының іске асуы мен мемлекеттік тілді өмірге енгізужөнінде жоғары орындар мен көпшілік қауымалдында жыл сайын есеп беріп отырудыдағдыға айналдыру (Аталған еңбек. 219220-беттер).

Жұмыстардың барлығында да қазақстандық əлеуметтік лингвистиканың ең өзектідеген мəселелері сөз болады. Əсіресе, мемлекеттік тілдің қолданылуы, қоғамдық мəні менқызметі, орыс тілінің жəне өзге тілдердің əлеуметтік коммуникативтік жүйедегі орны,қостілділік, көптілділік, тіл дамытуды саналы басқару мен реттеу, тіл саясаты т.б.проблемалар жан-жақты қаралып, ғылыми айналымға түсті. Қазақстан ғылымында осыбасталған жұмыстар одан əрі жалғаса түсуде. Олардың өміршеңдігі күнделікті тілдікжағдаятты тұрақтандыру, реттеу мен жоспарлауда, тілдерді дамытудың əлеуметтіклингвистикалық тетігін айқындауда көрініп, қоғам сұранысына ие болуда.

15 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақстандық əлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы

Тапсырмалар:

1. Қазақ жəне орыс тілдерінің əлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі, ол

жөніндегі еңбектер

2. Қазақстандағы тілдер: қызметі, дамуы

3. Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, құқықтық нормалар, олардың зерттелу

жайы


15 ОЖМӨЖ мазмұны: Қазіргі кезде қазақстандықəлеуметтік лингвистиканың даму

сипаты.


Тапсырмалар: тақырып бойынша жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу.

Есеп беру түрі:Реферат, сұрақ жауап, жоба қорғау, деңгейлік тапсырмалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет