15. 1 Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы



Дата20.03.2020
өлшемі37,59 Kb.
#60530
Байланысты:
Дәрістер кешені, русский, русский, 12.1 и 12.3
15.1 Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы.

1.Патшалыққа қарсы революциялық қозғалыс пен ұлт-азаттық қозғалыстың әсері.

1.1 Халық ағарту ісі.

1.2 Халық ауыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті.

1. 3 Музыка және көркемдік мәдениет.

2.Қазақстанның Ресей және басқа елдермен мәдени байланысы.

2.1. 20 — 30 жылдардағы баспасөз және баспа жұмысы.

2.2. Сауатсыздықты жою жоғары және орта арнайы білім беру жүйесін жарыққа шығару, жұмысшылар факультеті. Қазақстан халық шаруашылығына ұлттық кадрлар дайындау.

2.3. Қазақстан ғылымының дамуы. Ұлттық театрдың шығуы.

2.4.Мәдениет құрылысындағы басшылықта демократиялық принциптердің бұзылуы. Қазақ зиялыларына заңсыз жаза қолдануы.


Патшалыққа қарсы революциялық қозғалыс пен ұлт-азаттық қозғалыс халыққа аса ауыр қайғы-қасіреттер алып келді. Отарлық өзгінің күшеюі, қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрғын, жергілікті халықтары жөнінде царизмның жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, қалың халық бұқарасының жағдайына ықпалын тигізбей қоймады. Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңуіне байланысты бұрыңғы буржуазиялық помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Жер-жерде газеттер шығаруға тиым салынды. 1916 жылғы көтерілістің ірі орталығының бірі Торғай облысы болды.

Көтеріліске шыққан халық қозғалыс басшысы етіп атақты Иман батыр немересі Амангелдіні қолбасшы етіп тағайындады. Көтерілістің сардарбегі Амангелді халық даналығы мен қаһармандығының үлгі-өнегесін бойына жинағанын іс жүзіңде дәлелдеді.

Көтеріліс қазақ халқының революциялық таптық сана-сезімінің өскенін көрсетті. Бұл көтеріліс тарихын қазақ әдебиетінің классиктері Ж.Аймауытов “Қартқожа”, М.Әуезов “Қилы заман”, С.Сейфуллин “Тар жол тайғақ кешу” шығармаларында мейлінше толық ашып көрсетті. Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттық азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының сана-сезімін оятушы, отаршылыққа қарсы дем беруші болды. Оны Әлихан Бөкейханов басқарды.

Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Досмухамбетовтар және басқа көптеген адамдар оның пікірлеріне қосылып, серіктеріне айналды.

XIX ғасырдың екінші жарытысындағы Қазақстан мәдениетінің дамуына осы өлкеге жер аударылған мерзімдерін өтеп жүрген революцияшыл өртектілер үлес қосты. Өлкеде көп мәселелерді соның ішінде негізгі бағыты халық ағартушылық мақсатқа құрылды. Қазақстанның ғылыми-зерттеу орталықтарында соның бірі Торғай статистикалық комитеті орналасқан Орынбор болды. Олардың мүшелері қатарында Соколов, Добровольский және тағы басқалары болды. Маңызды мәдени орталық болған Омскіде шоғырланған. Қазақ халқының өткені мен бүгінгі күнін халықшылдық көзқарас тұрғысынан зерттеді.

Олардың зерттеулері тұтас алғанда халықшылдар қазақ қоғамының құрылымын аяғына дейін талдап түсіне алмағанымен, біреуді екінші біреудің қанайтындығын атап көрсетті, орыс-қазақ халықтары еңбекшілер бөлігінің езіліп қалғанына қоғам назарын аудартуға тырысты. Қазақстанды зерттеуге, бірқатар еңбектер жариялауда пәрменді рөл атқарған Орыс географиялық қоғамының ғылыми экспедициялары екені белгілі. Қазақстан жерінде көптеген тарихи ститистикалық, этнографиялық, геологиялық экспедициялар жұмыс істеді.

Халық өкілдерінің осындай өзара байланыс, қарым-қатынастары, олардың арасындағы алғашқы көптеген байланыстар қазақтар мен орыстардың жақындасуына мүмкіндік берді. Қазақ және орыс өкілдерінің шығармашылық достықтары қазақ қоғамдық пікірі дамуының демократиялық негіздерін қабылдады. Орыс демократиялық және революциялық ойының өкілдері патша отаршыларына қарама-қарсы орыс қазақ халықтары арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына күш салды. Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті. Халықтын неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердін, ұлы міндетің өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қасиетті кеңістіктер едәуір шектедді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік — мәдениетгік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.

1867-1868 жылдардағы әкімшілік-территориялық реформалар, біртіндеп қарқын ала бастаған қоғамдық қозғалыс империяның ұлттық аудандарында ағарту ісінің дамуына әсер етті. XIX ғасырдың 60-70 жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми қоғамдар, көпшілдікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің басқа ошақтарының ашыла бастауы соның ішінде музей ісінің жолға қойылуы қоғамдық өмірдің жандануына алғы шарт тудырды. Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да көп ұлтты қазақ өлкесінде түңғыш мектептердің қызметіне жаңа бағыт берді. Қазақ даласында тұңғыш кітапханалардың ішіңде ерекше көзге түскен 1833 жылы ашылған Семейдегі қоғамдық кітапхана. Алғашында кітап қоры 260 том болған, бұл кітапхана жылдан-жылға өсе бастады.

XIX ғасырдың екінші жартысында өлкеде әртүрлі мектептердің ашылуына әсерін тигізген басты фактор кітапханалар ғана болған жоқ. Қазақстандағы халық ағарту ісі екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар ата-аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді.

Діни білім беру жүйесіңде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттерде жұмыс істеді. Азаматтық сипаттағы жай оқу орындары мұғалімдер, дәрігерлер, тілмаштар даярлады. Бұл оқу орны балаларды, соның ішінде қазақ балаларын да түрлі мамандыққа үйретті. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуына кедергілер болды. Олар ұстаздардың жетіспеуі, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеуі болды. Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында Ыбырай Алтынсарин терең із қалдырды. Ол Қостанай облысында 1841 жылы дүниеге келді. Ыбырай атасы Балқожа бидің қолында тәрбие алды. Ағартушылық идеяларымен жігерленген ол ауылдарды аралап халыққа адамзаттық білім берудің мәнін түсіндірді.

Алтынсаринның ісін жолға қоюдағы терең із қалған жарқын істерінің бірі-ауыл шаруашылық мектеп ұйымдастыруы болды. Ол өзі орыс-қазақ мектептерінің “жушылары үшін оқу құралдарын жазды. Ол ұлттық әдебиет пен мәдениетті Ыбырай қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. Сонымен қатар қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялауда белгілі болды.

Қазақ халқының тарихы жөнінде мәліметтер жинаған ағартушы өз шығармаларының әсіресе тәрбиелік мәніне көңіл аударды. Ы.Алтынсарин ұлы педагог, жаңашыл ағартушы болып қойған жоқ сонымен қатар кейінгі ұрпақтарға мұра қалдырған ғалым-этнограф. Белгілі бір дәуірдің қайратксрі бола отырып Алтынсарин өзінің дүниетанымында қандай да бір қарама-қайшылықтардан айырыла алмады. Барлық ағартушылар сияқты, ол ағарту ісінің әлеуметтік қайта құрушылық рөлін асыра бағалады.

XIX ғасырдың екінші жартысы -орыс демократиялық мәдениетнің көтерілген кезі.

Әдеби процесстер екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен әдебиет бағытында жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар, ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақ және басқалар түрінде дамыды. XIX ғасырдың басқы кезінде өткен көптеген айтыстарда Жанақ, Жамбыл, Сара, Сүйінбай, Біржан сал сияқты ақындар өткір сөзділігімен ерекшеленді.

Қазақ әдебиеті.

Жазба әдебиетінің негізгін салушы, ұлы ойшыл ақын Абай 1845 жылы дүниеге келген. Абай әндері, өлеңдері қазақ даласында кең тарады. Ол қазақ қоғамындағы жаналық прогресс аталуының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адам өзінің қоршаған болмысқа саналы қитынасын қалыптастыруға тиісті. Абайдан да кейін қазақ қоғамының ғылыми өмірі тағы басқа да көптеген Бабажанов, Қ.Халди, М.Шорманов, Шәкәрім сияқты ғұламалар шығармаларымен байыды.

Шәкәрім өз заманының жан-жақты білімдар адамы болды. Ол ғылымның, білімнін қоғам мен адам өміріндегі рөлін жоғары бағалады. Ол шығыстық тілді білді. Стамбул мен Париждің кітапханаларымен архивтерінде жұмыс істеді. Оның ғылыми ықыласының аясы тарих, философия, музыка, әдебиет, дін мәселелерін қамтыды қазақ әдебиетінің ғылыми мен халыққа білім беру тарихының тұтас беттері Ахмет Байтұрсынов есімімен байланысты.

Ахмет қазақ ойшылдарының солардың ішінде Абайдың ақын, философ оқымысты ретіндегі мәні мен орнын айқындап берді. Педагог және ағартушы ретінде Байтұрсынов халықтың надандығына қайғырды. Дәл осы білімге, ғылымға, мәдениетке тартылуынан ол халықтың бостандыққа жету жолын көре білді. Оның Петербургте 1900 жылы “Қырық мысал”, ал 1911 жылы Орынборда “Маса”деген екінші кітабы шықты.ХІХ-ХХ ғасыр шегінде қазақ қоғамының, ғылыми ойы отарланған өлкенің, артта қалған қоғамдық қатынастардың ауыртпалықтарын Ахмет басынан өткерді.

XX ғасыр қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870 жылы "Түркістан уәлаяты" газетінің бірінші нөмірі басылып шықты. Оның беттерінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтары жөніндегі материалдар басылды,1911жылы бірінші қазақ журналы “Айқап” жарық көрді. “Айқап” қазақ қоғам өмірінің барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір сүруге көшуін, сөйтіп, егіншілік мәдениетін меңгеруін жақтады. Қазақ авторларының кітап шығаруы ұлғайды.

Петербургте, Қазанда, Ташкентте Абайдың, Шоқанның, Ыбырайдың, М.Дулатовтың және көптеген ақын-жазушылардың шығармалары басылып шықты. Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын шарпыды. Алайда, халыққа осы рухани байлықтар мен мәдениет жетістіктерінің бәрі бірдей жете қойған жоқ.

ХІХ-ХХ ғасыр басы қазақ халқы музыкалық мәдениетінің бұрын кездеспеген өрлеу кезеңі болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Қазанғап, Ықылас, Сейтек өлмес күйлер шығарды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың, Ақан серінің, Мұхиттың, Балуан Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Естайдың және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы адамдардың туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғаттық сұлулығын дәріптеді, білім-болмысында өнегелік және эстетикалық бағалықтарды сақтады.

Құрманғазы Сағырбайұлы- аса көрнекті күйші, сазгер музыканың классигі.Ұлы күйшінің бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы күрес жолында өтті. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі-“Кішкентай” шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған. “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Адай” сияқты күйлерінде азат өмірді аңсаған халықтың үміті, өмір тартысы суреттелген.

Аспаптық музыка өнерінің алыбы Құрманғазының алпыстан астам күйлері сақталған, соның ішінде “Балбырауын”, “Қызыл қайың” оның қазақ халқы мәдениетіне қосқан үлесімен орны ерекше дараланып тұрады. Дәулеткерей Шығайұлы-сазгер, күйші, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Тұрмыстық саланы бейнелеген күйлері “Желдірме”, “Қос алқа”, “Тартыс”, “Ақбала қыз” басқа да туындылары- Дәулеткерей шығармашылығының тамаша үлгісі.



Дәулеткерей- ол кездегі әдебиетпен өнердің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ақан сері Қорамсаұлы- сазгер, дарынды күйші. Жас кезінен өнерімен көзге түскен, жайдары ақ көңіл мінезімен сері атанған ол 16 жасынан өнер жолына түскен. Оның “ Маң-маң кер”, “Сырымбет”, “Балқадиша” әндері халықтың музыка мәдениетінде ерекше орын алды.

Ән мен күйдің мелодиялық формалық құрылысы, ырғақтық орындаушылық әдістері сан- алуан. Мысалы: Құрманғазының романтикалық лирикаға негізделген, Дәулеткерейдің: әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға малынған, Тәттімбеттің: құбылмалы, ойнақы, текпе жыр іспетті Қазанғаптың күйлері.

...Ал осынау жырларда, шырқалған әндерде, қосыла шерткен күйлерді замана үні, кешелі-бүгінгі ұрпақ дауысы дабыл қағады. Өйткені, ән- мәңгілік, жыр-мәңгілік. Сол әніміз бен күйімізден халқымыздың дарқан дарынын, өнер сүйгіштік кескін-келбетін аңғарғандай боламыз. Сондықтанда оны қастерлейміз.

Халық әндерінің ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткені аян. Кез-келген әннің әрбір әнді өз өңірінің ерекшеліктеріне, өзінің орыңдаушылық қабілетіне қарай өңдеп айтады. Бұл сонау кезде жазу-сызу болмаған ел үшін заңды құбылыс.

Ол қоғамдағы әлеуметтік шиеленісушілікті, қарапайым адамддардың тыныштық пен аман есендікте өмір-сүргісі келетін ынтасын білдірді. Айталық Құрманғазының алғашқы музыкалық шығармасы -“Кішкентай” Исатай мен Махамбет көтерілісіне арналған болса. Динаның “1916 жыл”деген күйінің шығуына 1916 жьглғы көтеріліс себеп болды. Егер Ыбырайдың “Гәкку” әні сүйіспеншіліктің ән -ұранына айналды десек, онда Мұхиттың “Зәуреші” академик А.Жұбановтың берген сипаттамасы бойынша нағыз “ Реквием ” (қаралы музыкалық шығарма) Абай мен Жаяу Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениеттің элементтерімен бай екендігімен ерекшеленеді. Әміре мен Майраның аспанды тебіренткен үндері ғасырлар бойы жасайды, қазақ мәдениетінің тамаша үлгілері. Жалпы алғанда XX басында қазақ халқы мәдениетінің дамуына мейілінше әсерін тигізген өлкедегі саяси, қоғамдық ахуал, қазақ ұлттық интелигенциясының жарық жұлдыздарының қызметі. Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері көптеген салаларды тамаша нәтижелерге жетті.

Ыбырай 1841 жылғы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Орынборда ашылмақ қазақ- орыс мектебіне жаздырып қойыпты 1850 жылы сол сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі- Ыбырай болған. Мектепті бітіргеннен кейін Ы.Алтынсарин Орынбор облыстық басқармасында іс жүргізуші және тілмаш болып қызмет істеді. Сонда жүріп ол мектепке мұғалім қызметіне тағайындалуын сұранды. Бірақ бұл мәселені шешу оңай емес еді. Қазақ ауылдарында әлі мектеп жоқ еді, ал мектеп ашу үшін патша үкіметінің рұқсаты және қаражат керек еді. Жергілікті орыс мұғалімдерінің көмегімен Алтынсарин ауылда бастауыш мектеп ашуға рұқсат етілуін қоймай сұрана берді.

Содан тек 1861 жылы ғана ол Торғай мен Ырғызда қазақ балалары үшін бастауыш мектептер ашуға рұқсат алды.

Ақырында, 1864 жылы 8 қаңтарда орасан көп жиналған халық алдында қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп Торғайда салтанатты түрде ашылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Мектепте, одан кейін мектеп инспекторы қызметінде жүріп, Алтынсарин педагогикалық еңбектер жазды. 1876 жылы Алтынсарин Петербургке және Қазанға барды. Орыс географиялық қоғамының жинақтарында және жергілікті газеттерде жарияланған мақалаларының үстіне, 1879 жылы ол “Қазақ хрестоматиясы” және “Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы” деген екі кітап бастырып шығарды, бұдан біраз кейінірек “Мәктубат” деген кітап жарыққа шықты. Оның “Қазақ хрестоматиясының” ең басында жазылған “Кел, балалар, оқылық!” деген атақты өлеңі халық ағарту ісінің нағыз гимні болып табылады. Алтынсариннің шығармаларында Жиренше, Қара батыр, Жаныбек батыр, Тазша бала, Қарлығаш туралы, Жақсылық пен Жамандық туралы қазақ аңыз-ертегілері, “Қобыланды батыр” поэмасынан алынған үзінділер, қазақтың мақалдары мен мәтелдері мол пайдаланыдды. Алтынсарин қазақ көркем прозасын бастап берген адам. “Бай мен жарлы баласы”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, “Балық неде!” , “Асыл шөп”, “Надандық” деген және басқа әңгімелерінде Алтынсарин еңбек пен білімді дәріптейді, адамгершілікті, қайырымдылықты мадақтайды және жалқаулықты, өтірікті, ұрлықты, надандықты келеке етеді. “Байлық- жерде, еңбекте” деген сияқты ақыл айтып отырады.

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыс тауларында,тобықты руының жайлауында туды. Абайдың Бақытына оның туған шешесі Ұлжан тамаша мінезді әйел еді. Оның табиғи адамгершілігі, байсалды ақылдылығы және баласын ерекше сүйетіндігі Абайға туған ұясын мұндай жағдайда сирек кездесетін сүйкімді етіп отырды. Абай шығыс тілдерін үйренуге ұмтылуымен қатар оның орыс тілі мен орыс әдебиетіне де ықыласы ауды. Абайдың өлеңдерінде езілген, правасыз және артта қалған қазақ халқының қайырсыз тағдыры жөнінде терең өкініш сезіліп отырды. Ақынның өкініші әсіресе “Қалың елім қазағым, қайран жұртым” бейнеленді. Бұл өлеңде ақын қорлыққа түсірілген бейнесін айқын суреттеді.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсыменен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың

Абай халықты келешек үшін күреске шақырды. Абай Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың, Л.Толстойдың мұрасын кір жуытпай қадірлеуші болып алды. 1886 жылдан бастап Абай Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аудара бастады, сөйтіп оларды ең алғаш өз халқына түсінікті етті. Атақты Біржан, ақын Байкөкше, соқыр әйел- ақын Ажар, әнші Алғамбет Абайдың жазған өлеңдерін жаттап, шығарған әндерін салды; жас ақындар Мағауия, Бейсембай, Сара Зейнеп және басқалары Абайдың өлеңдерін қазақтың кең даласына таратты.

Мәдени байланыстар.

Реформадан кейінгі жылдарда өндіргіш күштердің қауырт даму жолына түсуі, бүкіл ресейлік нарықтың орталықтануы капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейіп, әсер етті.

Қазақ ауылына, қоныс аударып келген орыс, украин шаруаларының тұрақ мекендеріне, оның мазмұны мен түрлеріне әсер етті. Ресей сауда қатынастарының тіпті шалғай қазақ ауылдары өміріне, мәдениетіне де жасаған ықпал әсері де болды.ХІХ ғасырдың басында Қазақстан қалаларындагы халық санында, әлеуметтік-экономикалық дамуда түбірлі өзгерістер болды. Халық саны, таптың құрамы жағынан әр түрлі дәрежеде қоныстар қалыптасты. Қазақ жерінде жаңа 19 қала пайда болды.

1851 жылға дейін Ресей мен Цинь империясының арасындағы байланыстары негізінен Кяхта қаласы арқылы жүзеге асырылатын. Құлжа сауда шарты сонымен қатар Қазақстан мен іргелес Жаркент, Ақсу, Шәуешек қалаларының сыртқы саудасына біртіндеп шай, жібек, қант сияқты қазақ рулары үшін күнделікті тұрмысы үшін аса қажет тауарлардың көлемін көтерді. Жоғарыда айтылғандай Шығыс Қазақстанның елді мекендері сонымен қатар Шыңжаңмен саудаға қатыса бастады. Қазақ жері арқылы Ресейдің Шыңжаң тауар айналымының қарқындалуы Англия тарапынан бәсекелестікті күшейтті. Қытай мен саудаға жылдан-жылға тауар айналымын ұлғайтқан қазақ саудагерлері үлес қосты. Қытай шайын пайдаланған қазақтар Ресей мемлекетінің Шыңжаң мен шекаралық саудаға жол ашуын өз мүделерінің пайдасына епті пайдаланды. Қазақтардың белгілі көпестері Жандыбаев, Жақыпов, Шаянбаев аттары бүкіл Шығыс Түркістан сауда әлеміне белгілі болды. Қазақ саудагерлерінің Қытайға шығаратын басты тауары мал мыңдап Құлжа, Қарқар тағы басқа ірі сауда орталықтарының базарларына кең түрде сатылды. Қазақ өлкесі арқылы дамыған сауда байланыстары өзара тиімді болды, екі елдің арасында тығыз шаруашылық байланыстарға әсер етті, кейбір саяси қайшылықтарға қарамастан, кейінгі кезенде де дәстүрлі байланыстарға жол ашты.

Бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрлар, дайындау, еңбекші бұқараның мәдени деңгейін арттыру қажет болды. Өлкеде мәдени құрылысты жүзеге асыруда біраз кедергілер тұрды. Бұрынғы отар шет аймақтардың қатарында Қазақстанда да зиялылыар аз болатын, олардың алаш қозғалысына қосылған бірқатары революция барысында зардап шекті.Ұлы державалық шавинизмнің айқындамасы барынша күшті болды. Олар: Бұратаналарды темір қырсауда ұстау керек деді.

Еңбекшілердің жаппай сауатсыздығын жою шұғыл міндеттердің бірінс айналды. 1924 жылғы сәуір айында Қазақ АКСР-інде “Сауатсыздық жойылсын” қоғамы ұйымдастырылды, ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді.

1921 — 27 жылдары республикада 200 мыңдай адам оқыды. Көшпелі аудандарда ересектерді жекелеп және топтап оқыту жүйесі ұштастырылды. Алайда сауатсыздықты жою үрдісі баяу ілгеріледі. 1928 жылдың аяғына қарай жалпы республикада сауатты адамдар 25%, қазақтар арасында 10% - тей ғана болды. Қазақ АКСР Орталық Комитетінің Төралқасы мен халық коммисарлары Кеңесі 1931 жылы желтоқсан, айында республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізді.

Қазақстанның халыққа білім беру шығыны жылдан жылға өсіп 1928 жылы-12 млн сом, 1932- жылы 60, 1937 жылы- 447, 1940 жылы — 682 млн сом болды.

Ересек халық арасындағы сауатыздықты жою ісіне комсомолдар белсене қатысты. Олардың бастамасы мен 1928 жылы Бүкіл қазақстандық мәдени жорық басталып, ол сауатсыздықты жоюдың пәрменді формасының қайта құру кезеңіне айналды. 1931 жылы оған 5 мыңға жуық комсомол- мәдениет жауынгерлер қатысты. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде барлығы 65 мың комсомол мәдениет майдандарында еңбек етті. Олар сонымен бірге мұғалімдер, мәдени бұқаралық және саяси-тәрбие жұмысының ұйымдастырушыларына болды.Тек мектептегі ғана емес, оқу үйлеріндегі клубтардағы, қызыл мүйістердегі, жиналыстардағы қоғамдық саяси тәрбие де бірінші орында тұрды,- деп еске алады сол кездегі комсомолецтердің бірі. Қолымызға газеттерді алып жүріп, коммунистік партия, революция туралы бесжылдық жоспардың міндеттері, колхоздар мен совхоздар, елді индустрияландыру, жұмысшылар мен шаруалардың одағы, елдің қорғанысы және әрине, әйелдерді күңдіктен азат ету туралы әңгімелерді өткізетінбіз.

Халық арасындағы сауатсыздықты жою жөнінде республика 20- жылдардың бас кезінде басқа аймақтардан едәуір артта қалды. Күштеп ұжымдастырудың салдарынан аштық басталды. Ұжымдастырудың асыра сілтеу зардаптарына, аштық пен күйзеліске қарсы күрес сауатсыздықты жою үрдесін тежеді.1936-жылы сауатсыздықты жою пункттерінде жарты млн-нан астам адам оқыды. “Ауыл мұғалімі” журналының республикалық “Төте жол” газетінің әдістемелік көмегі нәтижесінде ересектерге айналған.

Мектеп мұғалімдерінің жұмыс тиімділігі артты. Республикалық баспасөз беттерінде сауатсыздықты жоюдың ұйымдастырушылық оқу-әдістемелік және басқа мәселелер қызу талқыланып, бұл жұмыстың барысы баспасөз бетіндс үнемі жарияланып отырды.1939-жылдың өзінде-ақ республика халқының сауаттылығы 65%- ке, ал қазақ халқы арасында 40%- ке жетті. Бірқатар қалалар Алматы, Қарағанды, Қарсақбай, Степия өнеркәсіпті қоныстары жаппай сауатты аудандарға айналды.

1926- 39 жылдар ішінде 9-49 жас аралығындағы барлық Қазақстан халқының сауаттылығы 25,2%- тен 83,6%- ке, соның ішінде әр адамдар арасында 35,5%- тен 90,3%- ке дейін, әйелдер арасында 14,5%- тен, 75,8%- ке дейін жетті.

Республика құрылуының 20 жылдығына қарай еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою негізінен айақталды. Халыққа білім беру саласында қазақстанда көптеген істер атқарыдды. 1926- жылы мамыр айында республиканың Халық коммисарлары кеңесі “Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын”қабылдады. Мектеп құрылысында бір жылдық және екі жылдық мектептердің үлес салмағын кеміту мен “үш жылдық” және “төрт жылдық” мектептердің үлес салмағын көбейтуге бағыт алынды. Мектепте қазақ қыздарын сондай- ақ басқа да шығыс ұлттарының қыздарын тартуға ерекше көңіл бөлініп, олар үшін Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада арнаулы мектептер ашылды. Ағарту ісіне жұмысалатын шығын өсті.1924- 25 жылдарда ол РКФСК - де жалпы алғанда 30 тиын Қазақ АКСР- і бойынша 68,9 тиын болды. 1930- 31 оқу жылында отырықшы аудандарда 1931- жылдың көктемінен бастап көшпелі халық бар аудандарға жалпыға бірдей оқу енгізілді. Қазақстан үкіметі халыққа білім беру ісіне қаржы бөлуді едәуір ұлғайтты: оқушыларға интернаттар, жатаханалар желісін көбейту, стипендиялар беру, оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, аяқ киіммен, киім-кешекпен, көлікпен және тағы басқа тегін жабдықтау түрінде материалдық көмек көрсетуді көздеді. Барлық жерде жалпыға бірдей білім беру жөніндегі қоғамдар қорлар құрылды. Мәдени құрылыс үрдісін жеделдетуге ұлттық зиялылар қауымының көптеген қайраткерлері елеулі ықпал жасады. Олар ана тілінде бірегей оқулықтар мен оқу құралдарын жасауға белсене қатысты. Ана тілі жөніндегі оқу құралдары, сауатсыздықты жою жүйесіне арналған оқулықтар, 20-жылдары бірнеше рет басылып шыққан. А. Байтұрсынов құрастырған суретті әліппе. Ж.Аймауытов және басқалардың қостілділік, оқушыларға адамгершілік тәрбие беру проблеммаларын алға қойған ана тілін оқыту әдістемесі кеңінен танымал болды.

20-жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу- әдістемелік әдебиетті жасауға С.Сейфулин, С.Садуақасов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов жөне басқалар да белсене қатысты. Қазақ тіліндегі оқулықтарды өзірлеу мен шығаруды Қазақ АКСР Мемлекеттік баспасы жанындағы құрамына А.Байтұрсынов, Ә.Бакейханов, С.Садуақасов, Х.Болғанбаев, Ж.Аймаутов енген редакциялық алқа мүшелері, ұйымдастырып отырды. Басуға ұсынылған алғашқы кітаптар қатарында Абай өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың мысал-жұмбақтары жинақтары болды, оларды басып шығаруға Қазан қаласына тапсырыс берілді. Сол кезде Том университетінің студенті болған Қ.И.Сатбаев орта мектепкс арналған қазақ, тіліндегі алғашқы алгебра оқулығын, Бөкейханов география оқулығын құрастырды.

Мектеп жемісі халықтың көп ұлтты құрамына сәйкес келді. 20- жылдардың орта шенінде республикада 20 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеп оларды оқыту көп жағдайда ана тілінде жүргізілді. Сонымен бірге екі тілде- орыс және өзбек, қазақ және татар, орыс және неміс тілдерінде т.б тілдерде оқытатын аралас мектептер де болды. Алайда Қазақстандағы мектеп құрылысы елеулі қиындықтарға да кездесті.1931- 32 жылдардағы аштық салдарынан балалар саны күрт азайып, жетім балалар саны көбейді. 1932 жылдың күзінде балалар үйлеріне 68 мың бала орналастырылды, ал 1933- жылдың қаңтардың 1-інде мыңнан астам панасыз балалар есепке алынды.1932 жылы аштықтың бас кезінде тек Шығыс Қазақстан облысында ғана 1687 бала шетінеді. Екінші бес жылдықта мектеп құрылысы қарқын алып жалпыға бірдей бастауыш білім беруді жүзеге асыруда бірсыпыра ілгерлеу байқалды. Орта буын мектептерді, орталау мектептер мен орта мектептердің, әсіресе ұлт мектептерінің жоғары кластарын нығайтуға көп көңіл бөлінді. 30-жылдардың екінші жартысында колхоздар мен совхоздардың қаржысына салынған интернаттар желісі ұлғайды. 1934-35 оқу жылында интернаттар саны 127- ден 221-ге дейін көбейді.

Республикада мұғалімдер саны артты. Соғыс қарсаңында олардың саны 44 мыңнан асып түсті. 1939 жылы 160 мұғалім ордендермен және медальдармен марапатталды, мұғалімдердің едәуір тобына “Қазақ КСР- інің еңбек сіңірген мұғалімі” атағы берілді, олардың ішінде С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев және басқалар сияқты халық ағарту ісінін көрнекті қайраткерлері болды.1928- жылы қазақстанда тұңғыш педагогика институты ашылып, оған кейіннен ұлы ақын Абайдың есімі берілді.

1931-32 жылдары Орал және Қызылорда пединституттар ашылды. 1925- 32 жылдар ішінде педтехникумдар саны 14- тен 29- ға жетіп, оларда 4821 оқушы оқыды. Алматы зоотехникалық- мал дәрігерлік институты (1929ж) ауылшаруашылық -жоғары оқу орындарының тұңғышы болды. Оның ізінше Қазақтың ауыл шаруашылық институты ашылды (1930)

1931 жылдың наурыз айында Алматы медицина институты алғашқы оқу жылын бастады, ол кезде оны Санк-Петербург әскери-медицина академиясын қамқорлыққа алған еді.

1934 жылы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы республиканың мәдени өміріндегі ірі оқиға болды. 1940 жылдың өзінде-ақ онда 15 кафедра жұмыс істеп, ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Қазақ кенметалургия институты Алматы университетпен бір мезгілде ашылды.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. 30- жылдары елдің әр түрлі аймақтарындағы жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. Республиканың жоғары оқу орындары мен әскери мекемелерінің мыңдаған өкілдері педагогтық жұмыс пен ғылыми жұмыс жүргізді. Олардың арасында Б.Дубровский, Н.П.Орлов, М.П.Иванов, И.С.Бахал, К.П. Персидский және т.б көрнекті ғалымдар болды. Республиканың жоғары мектебіне С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфулин, А.Байтұрсынов, О.Жандосов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов және т.б қазақ халқының білім мен мәдениет қайраткерлері зор үлес қосты. Қоғамдық жаратылыстану- география, этнография және тарих- археология секцияларының жұмысына С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Жолдыбаев, т.б көрнекті ғалымдар белсене қатысты. Қазақстанда ғылымның дамуына Қ.И.Сатпаев зор үлес қосты. Ғылыми қызметкерлер, соның ішінде ұлттық зиялылар кадрларының саны едәуір артты. 1935 жылы профессор С.Асфендияров жазған Қазақстанның көне заманынан бергі тарихы (1 бөлім) басып шығарылды. 20-30 жылдардағы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану проблемалары жөнінде С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов жинақталған еңбек жазды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде 1700- ден астам ғалым еңбек етті.

Бұл жылдары қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Оның бастауында С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Б. Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұханов Ғ.Мүсірепов және т.б болды. Қазақ драматургиясында зор табыстарға жетті. М.Әуезовтың “Айман- Шолпан”, “Түнгі сарын”, Б.Майлиннің “Жалбыр”, Ғ.Мүсіреповтың “Қыз- Жібек”, “Қозы-Көрпеш-баян сұлу”, Ж.Аймаутовтың “Мансапқорлар”, “Ел қорғаны” т.б бірегей туындылар дүниеге келді.

20 жылдардың аяғы 30-жылдарда қазақ әдебиеті дарынды өнерпаз жастармен (Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Ж.Сыздықов, Ж.Сайн, Ә.Сарсембаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, А.Жұмағалиев, Д.Әбілев, Қ.Бекхожин)толықты. Аса көрнекті қазақ ақындары Н.Байғанин, Ш.Қошқарбаев, И.Байзақов, Ж.Жабаев жан тебірентерлік өлеңдер мен дастандар туғызды.

М.Жұмабаев-Гетенің, Гейненің, М.Горькидің, В. И. Ивановтың, Д.Мамин- Сибиряктың, А.Байтұрсынов - Н.А.Крыловтың, Ж.Аймаутов- А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Ф.Шиллердің, Ғ.Тоқайдың шығармаларын қазақ тіліне аударды, Ә.Бөкейхановта шебер аудармашы болған.

Алайда 30- жылдардағы сталиндік жазалау шаралары болмағанда қазақ әдебиетінің даму барысы толымдырақ болар еді. Қазақ зиялыларының 230 дайының өмірлері өте аянышты репрессия құрбаны болды.

Қазан төңкерісі өнерпаздық шығармашылыққа кең өріс ашты. Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда халық үйлері, клубтар, хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды.

М.Әуезовтың “Бәйбіше тоқал”, “Еңілік Кебек”, Ж.Аймаутовтың “Елқорғаны”, Е.Ерданаевтың “Малқамбай”, Р.Мәлібаевтың “Әдет күні” деген пьесалары қойылып қазақ жеріндегі оянышты көріністер көрсетілді. Халық музыкасын зерттеуде. А.Затаевич 2300- ден астам халық күйлері мен әндерін жазып алып Қазақ халқының 1000 ені, (1925) және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі (1931ж) деген жинақтар жариялады. Сазгерге 1932 жылы Қазақстанның халық ертісі” атағы берілді.

1925 жылы Парижде, 1927 Германияда Бүкіл дүниежүзілік музыка көрмесіндегі концертке қатысқан Әміре Қашаубаев өзінің талантына Еуропаның көзі ашық қауымын тәнті етті. 1926 жылы қаңтар айында Қызылорда да тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды, Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов болды. Театрды талантты режиссер, және актер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы пьеса “Еңілік Кебек” болатын.

С.Сейфулиннің “Қызыл сұңқарлар”, Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”, Б.Майлиннің “Шаншар молда” пьесалары қойылды.

1937 жылы театрға Қазақ Академиялық драма театры атағы берілді. 30-жылдардың ортасында Ақтөбеде, Шымкентте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды. 1933 жылы Алматыда Ұйғыр музыкалық театры ұйымдастырылды. 1937жылы Қызылордада Корей театры ашылды.

1934 жылы тұңғыш рет хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі “Амангелдіні” қойды.1934 жылы қаңтар айында Қазақтың музыка, қазіргі опера және балет театры ашылды. Алғашқы маусымның өзінде авторы Әуезов “Айман- Шолпан”, 100 рет қойылды.

1934 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. (жетекшісі.А.Жұбанов) 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ашылды. Қазақстанның жас өнері 1938 жылғы мамыр айында өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп толғанын көрсетті. Онкүндікте “Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші К.Байсейітоваға КСРО халық әртісі атағы берілді. П.Г.Хлудовтың шеберханасы қазақтың кәсіби кескіндеме өнерінің орталығына айналды. Оның талантты шәкіртінің бірі қазақ суретшісі кейіннен “Қазақстанның халық суретшісі” атағын алған Әбілхан Қастеев еді.

1934 жылы Алматыда кітапхана техникумы, Орал Семейде педагогикалық техникумдар, Өскемен саяси-ағарту техникумы жанынан кітапхана бөлімдері ашылды. 1930 республикада 290 бұхаралық кітапхана болса, 1939 жылы оның саны 3304-ке жетті. 1939 жылы А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы ашылды. Революцияға дейін бірде-бір клуб мекемесі болмаған республикада 5237 мәдениет үйлері клубтар жұмыс істеді.1939 жылы 38, оның ішінде колхоз-совхоздарда 20-дан астам театр және 1104 киноқондырғы болған еді.



Бір жағынан осындай дамумен қатар, екінші жағынан, әсіресе қызыл террор ешкімді аямады, ұлттық зиялылыр қынадай қырылды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұқсан келтірді. Жаңа құрылыстың қазақ халқының ұлттық мәдениеті гүлденуі мейлінше қажет болған зор мүмкіндіктері табанға салып тапталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет