Түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау, негізгі ойды анықтау, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіру;
2) оқылым:
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану, хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер, оқылым стратегияларын қолдану, қажетті ақпаратты таба білу;
3) жазылым:
мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру, хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу, сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу, эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, үндестік заңы, емле заңдылықтары;
орфоэпиялық норма: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал;
лексикалық норма: сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним;
грамматикалық норма: туынды сөздер, күрделі сөздер, зат есімнің мағыналық түрлері, сын есім, шырай категориясы, сан есім, мағыналық түрлері, төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі;
пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |