Жоба 2019-2020 оқу жылында 9(10)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша



Дата10.03.2020
өлшемі25,04 Kb.
#59829
Байланысты:
705b7bd29bfd4468a450aeca9e1f7249

ЖОБА
2019-2020 оқу жылында 9(10)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша

НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 509 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар)бұйрығына сәйкес 9(10)-сынып оқушыларына қорытынды аттестаттау келесі нысандарда өткізіледі:

1) ана тіліндегі жазбаша емтихан (оқыту тілінде) - жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра);

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілінде), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).

9(10)-сынып білім алушыларына арналған емтихан материалдары (тапсырмалар және балл қою сызбалары) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі - ББ), республикалық мектептердің 9(10)-сынып білім алушылары үшін және 11(12)- сынып білім алушылары үшін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлейді. Қорытынды аттестаттаудың мазмұны және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі тұрғысынан ерекшеліктерімен реттеледі.



Әр пән мен оқыту тілі тұрғысынан емтихан тапсырмаларына материалдар дайындау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады.

1. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі - ҰБА), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі - НЗМ) білім беру ұйымдарының мамандары (жаттықтырушылары) үшін «Жалпы білім беретін мектептердің 9(10)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» тақырыбында оқу курстарын ұйымдастырады.



Өткізу мерзімі: 13-17. 01. 2020 ж.

2. ББ емтихан материалдарын әзірлеу және сараптау жөніндегі жұмыс топтарын құрады. Тәжірибелі пән мұғалімдерінің ішінен әзірлеушілер мен сарапшылар топтарының жұмыс құрамы ББ бұйрығымен бекітіледі.



Өткізу мерзімі: 2020 ж. 01.02. дейін.

Оқу пәндері бойынша әзірлеушілер тобы қорытынды аттестаттау тапсырмаларының нұсқаларын дайындайды:

- жалпы білім беретін мектеп үшін 2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);

- гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған мектептер үшін – 2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);

- арнайы ұйымдар, арнайы сыныптар мен топтар үшін-1 нұсқа.

- білім беру ұйымдарындағы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін – білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес нұсқа (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы (ескерту – ЕБҚ бар білім алушылар үшін қорытынды аттестаттау бойынша оқу тапсырмаларын білім беру ұйымдарының педагогтары әзірлейді және педагогикалық кеңесте бекітіледі).

Қорытынды аттестаттау өткізілетін күні әрбір оқу пәні бойынша әзірленген тапсырмалардың негізгі нұсқалары пайдаланылады.

Білім алушы дәлелді себептермен қорытынды аттестаттау өткізілетін күні болмаған жағдайда, пән бойынша қосымша емтиханда қорытынды аттестаттау тапсырмаларының қосымша нұсқалары пайдаланылады.

3. ББ басшылары білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына, пән мұғалімдеріне 9(10)-сынып білім алушыларын даярлау үшін қорытынды аттестаттаудың оқу пәндеріне арналған ерекшеліктер туралы хабарлайды.

Іске асыру мерзімі: 2020 ж.10.02. дейін.

4. Пән мұғалімдері 9(10)-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға 2020ж.15.02. бастап дайындайды.

5. «Оқу пәндері бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыру және сараптау» курсынан өткен тренерлер 2020 жылдың 13 мен 17 қаңтар аралығында емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеушілер мен сарапшылар үшін аймақтық оқыту семинарларын өткізеді.

Өткізу мерзімі: 2020 ж. 01.02. – 15.02. аралығында.

6. Әзірлеушілер тобы әр оқу пәні мен оқыту тілі бойынша емтихан материалдарын дайындайды.



Дайындау мерзімі: 2020 ж. 16.02. - 31.03.

7. Әр аймақтың сарапшылар тобы әр пән мен оқыту тілі тұрғысынан емтихан тапсырмаларының материалдарын ерекшелікке сәйкестігіне сараптама жүргізеді. Сараптамалық қорытындымен бірге емтихан жұмыстарының материалдары ББ жіберілуі тиіс.

Сараптама жүргізу мерзімі: 2020ж. 01.04 – 10.04.

8. Әзірлеушілер тобы сарапшылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, емтихан жұмыстарының материалдарын өндеуді жүзеге асырады.



Өңдеу мерзімі: 2020ж. 10.04 – 29.04.

9. Әзірлеушілер тобы емтихан материалдарының соңғы жобасын ББ-на ұсынады.



Тапсыру мерзімі: 2020 ж. 30.04.

10. Қорытынды аттестаттау материалдарын ұйымдастыру, әзірлеу, сараптау, көбейту, жеткізу үдерісінің барлық қатысушылары ақпаратты жарияламау туралы құжатқа қол қояды (қоса беріледі).

11. Емтихан жұмыстарының материалдары ББ-ның бұйрығымен бекітіледі.

Бекіту мерзімі: 2020 ж. 04.05-06.05.

12. ББ қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 1-3 күн бұрын білім беру ұйымдарына бекітілген емтихан жұмыстарының материалдарын жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.



13. Білім беру ұйымдарының басшылары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуы мен құпиялылығына жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет