Білім беру бағдарламасы 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді өмірге енгізу мен дамытупроблемалары: мемлекеттік тіл жəне тіл саясаты



бет72/80
Дата31.01.2022
өлшемі342,43 Kb.
#116533
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
Байланысты:
Әлеуметтік лингвистика

2.Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді өмірге енгізу мен дамытупроблемалары: мемлекеттік тіл жəне тіл саясаты. Орталықтандырылған КСРОмемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке орай, демократиялық негізде тəуелсізмемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа əлеуметтік-саяси ақуал қоғамның да, оныңазаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге, халық пен оныңтарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мəнінде тəуелсіз елдің тіліде тəуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тəуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғыкіріптарлықтан, ұлттық кемітушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттікмəртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сəйкестілігі (идентичность)қалыптастыруға ұмтылды. Дегенмен, бұл көпұлтты болып келетін республикалардабіреулер үшін қуаныш сезімін тудырса (республиканың титулдық ұлттары үшін), ендібірқатарына (орыс, орыстілділер үшін ) салмақты қауіп-қатер əкелетіндей көрініп, тілдікөмірді шиеленіссіз қалдырмады. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланғанбайырғы халық тілдерінің (республиканың титулды ұлты) өз мəртебесіне лайық қызметатқаруына айтарлықтай кедергілер жасады. Мұның себебі біріншіден, «мемлекеттік тіл»ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағандығына байланысты болса, екіншіден оның өзмəнінде жұртшылыққа дұрыс ұғындырылмауынан, үшіншіден оны жариялағанКонституция, Тіл туралы заңдардың халықаралық құжаттарға (БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б.)сəйкестенбеуінен болып отыр.

Ал біздің елімізде қазақ тілінің Конституциядағы мемлекеттік мəртебесінебайланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігінде мынадайанықтама берілген: «Мемлекеттік тіл – тұрғылықты халықтың жəне ҚазақстанРеспубликасы азаматтарының басым көшілігінің тілі» (Қараңыз: 67-б.). Дегенмен,мемлекеттік тілді мемлекеттікң негізі ресми тілі, тұрғылықты халықтың жəне басымкөпшіліктің тілі деп анықтау жеткіліксіз. Өйткені мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болғантілдің сол елдің əлеуметтік-коммуникативтік жүйесінде өзіндік орны мен рөлі болуқажет.Сондықтан оған белгілі ғылым Б.Хасанұлы: «Государственный язык – основнойкомпонет социально–коммуникативный системы определенного государства,выделенный в официальное положение в ранг государственного являющийсяобязательном к использованю всем населением на всей территории страны в различныхсферах жизни»,-деп анықтама беріп толықтырады. Олай болса Қазақстан үкіметі менПарламенті тəуелсіздік жағдайына екінші бір тілдің (орыс тілінің) мемлекеттік тілқызметіндеқолданылуын егемендік иесі Қазақстан халқының бірлігін бұзуға əрекет депбағалап, Тілтуралы заңды, оны жүзеге асыру шаралар халықаралық нормаларғасəйкестендіруі қажет.Мемлекеттік тіл - мемлекетпен байланысты туындаған саяси əріəлеуметтік лингвистикалық категория. Қандайда бір тілдің мемлекеттік тіл ретіндетанылуы, дамуы қоғамның, мемлекеттікң əлеуметтік-эканомикалық құрлымына, саясикүштерінің мүдделерінде, олардың ұстанған ішкі, сыртқы саясаттарына, халықтыңəлеуметтік лингвистикалық бағыт-бағдарына байланысты болады. Демек, мемлекеттіктіл дегеніміз – елдің барлық аумағында жəне түрлі өмір салаларында қолданылуыбаршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дəрежедебелгіленген, белгілі бір мемлекеттің əлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгікомпоненті.

14 практикалық сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тілдің қолданыс өрісін кеңейту мəселелері

Тапсырмалар:

1. Əлем мемлекеттіерінің тіл саясатын жүргізудегі өнегелі тəжірибелері

2. Қазіргі кезеңдегі тілдік ақуал жəне тіл саясаты

3. Парлементаризмнің тіл саясатын дамытудағы жəне мемлекеттік тілдің рөлін

нығайтудағы орны

4. Тіл саясаты жəне бұқаралық ақпарат құралдары

14 ОЖМӨЖ мазмұны: Ұлттық тіл мен ұлттық болмыссабақтастығы. Ұлттық тіліміздіңфункциялық қызмет дəрежесі(қазақ тілінің қоғамдағы рөлітуралы)

Тапсырмалар: ойтолғау жазу

Есеп беру түрі:Реферат, сұрақ жауап, жоба қорғау, деңгейлік тапсырмалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет