Іс-әрекет мезгілдерінің берілуі орындаған: Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 1-курс магистранты Айым Дәуіт



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94735
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Іс-әрекет мезгілдерінің берілуі

ІС-ӘРЕКЕТ МЕЗГІЛДЕРІНІҢ БЕРІЛУІ

Орындаған: Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының

1-курс магистранты Айым Дәуіт

Тексерген: филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Бердібай


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Жоспары:


1.ҒАЛЫМДАР ПІКІРІ
2.ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ
3.ІС-ӘРЕКЕТ МЕЗГІЛДЕРІНІҢ БЕРІЛУІ

ҒАЛЫМДАР ПІКІРІ

  • Белгілі зерттеуші А.В.Бондарконың тұжырымындауынша, темпоралдылық − функционалды-семантикалық құрылым, мұнда шақтардың грамматикасына қоса синтаксистік құрылымдардың, лексикалық бірліктердің түрлі деңгейдегі комбинациясы қамтылады: «Категория темпоральности является двусторонним единством темпоральной семантики и системы разноуревных средств ее выражения в языке, то есть функционально-семантическая категория» [1, 8]. Басқа да орыс ғалымдары осындай қорытындыға келісе отырып, мынадай тұжырым жасайды:
  • «Темпоралдылық дегеніміз − мәтінді коммуникативті-семантикалық бірлік ретінде анықтайтын және құрылымдайтын объективті-субъективті синтаксистік категориялардың бір түрі. Бір жағынан, заттар әлемін, олардың уақыт бойынша орнын объективті түрде көрсете отырып, екінші жағынан, сөйлеуші әлемнің темпоралды бейнесін (мәлімдемеде бейнеленген "шындықтың бір бөлігін") түсіне отырып орнатады және оқиғалардың уақытша ағымында оның ұстанымын көрсетеді»[2, 19].

Функционалды-семантикалық өріс концепциясына негізделген зерттеулер қазақ тіл білімінде де соңғы кездері қарқынды жүргізіліп келеді. Олардың көшбасында М.М.Копыленко, З.К.Ахметжанова еңбектері тұрады. Мәселен, М.М.Копыленко орыс және қазақ тілдеріндегі сан категориясын функционалды-семантикалық аспектіде қараса, З.К.Ахметжанова тәуелдік, қимылдың өту сипаты, компоративтік категорияларын орыс тілі деректерімен салғастыра зерттеді [4].
З.Қ. Aхмeтжaнoвa кoмпaрaтивтіліктің функциoнaлды-ceмaнтикaлық өріcінің нeгізіндe caлыcтырудың функциoнaлды-ceмaнтикaлық кaтeгoрияcы жaтaды, aл oны лoгикaлық caлыcтыру кaтeгoрияcының тілдік көрініcі дeйді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет