Орындаған: МҚТӘ-11 магистранты Кайржанова Айым. 9-тақырып: Модернизм туралы мағлұмат Əдебиет пен өнердегі «модернизм»



бет1/4
Дата24.02.2022
өлшемі25,5 Kb.
#133028
  1   2   3   4
Байланысты:
9 семинар КАЖБ
doc450202810 515310656, doc450202810 515310656, doc450202810 515310656, doc450202810 515310656, doc450202810 515310656, doc450202810 515310656, doc450202810 515310656, doc450202810 515310656, 7 семинар, Документтттт, ИНКЛЮЗИВ 1 СЕМИНАР , Шляпы, Түзету жоспары 3 тоқсан, тыныс ж. патоф. Наташа

Орындаған: МҚТӘ-11 магистранты Кайржанова Айым.
9-тақырып:Модернизм туралы мағлұмат

Əдебиет пен өнердегі «модернизм» ұғымына берілген анықтамалардың біркелкі емес, көптеген көзқарас эстетикалық теориялардың қақтығысынан тұратыны нақты мысалдар арқылы негізделді. Зерттеу барысында əдебиетіндегі модернистік ағымдар өзіне дейінгі шығармашылықтағы философиялық негіздер мен көркемдік-эстетикалық принциптерді қайта қарау негізінде туып отырғаны дəлелденген. Қазіргі əдебиет теориясындағы «модернизм» мен «постмодернизм» ұғымдарына байланысты əлемдік концепциялар талдана отырып, қазақ əдебиетінің даму жолындағы, идеялық-эстетикалық жаңашыл ізденістер туралы толымды мағлұматтар берілген. Модернистік ағымдардың теориясы қарастырыла отырып, қалыптасқан жаңа поэтикалық парадигмалар жөнінде тұжырымдар жасалған.


Философияда, əдебиетте модернизмнің туу кезеңі туралы пікірлер əртүрлі. Еуропаның қоғамдық ғылымдарында, əсіресе философияда модернизмді Ф.Бекон, Р.Декарт, Дж.Локк есімдерімен тығыз байланыстырады. Модернизмнің ХХ ғасырда пайда болғаны туралы айтылып жүр. Ондай пікірлерді ұлттық əдебиеттанушыларымыздың тарапынан да байқауға болады. Мысалы, профессор А.Ісімақова: «Модернизмнің туған жылы да белгілі – 1910, Вирджиния Вулфтың айтуы бойынша, сол жылғы күз. Философтар модернизмнің басталуын Гегель, Кант, Вольтер, Декарт, Руссо, Паскаль еңбектерінен табуды ұсынады. Бірақ бұлар модерн деп атаған құбылыс көркемдік модернизмнен басқаша», – деген пікір білдіреді.Десек те, модернизм тарихына азын-аулақ көз жүгіртсек, ол тек əдебиет емес, сондай-ақ кино, театр, музыка, мүсін, сурет, дизайн, сəулет өнеріне де тиесілі екенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет