Орындаған: МҚТӘ-11 магистранты Кайржанова Айым. 9-тақырып: Модернизм туралы мағлұмат Əдебиет пен өнердегі «модернизм»



бет4/4
Дата24.02.2022
өлшемі25,5 Kb.
#133028
1   2   3   4
Байланысты:
9 семинар КАЖБ

табиғатты», жасандылық пен табиғилықты бөліп келген шарттылықтардың бұзылуын зерттеді.
Модерн мен постмодерннің өзара қатынасы жайлы күрделі дау-дамайлы мəселені таразыға салар бұрын «модерннің» не екенін (постмодерннің тұрғысынан) қарастыру керек, өйткені модерннің күрделілігі мен қарама-қайшылығы «постмодерннен» кем түспейтіні белгілі. Брэдбери мен Макфарлейн модернді футуризм мен нигилизмнің, жаңашылдық пен ескішілдіктің, натурализм мен символизмнің жəне классицизмнің əдеттен тыс қоспасы деп бағалайды.
Модернизмге баға берудің жəне анықтаудың қиындығы зерттеушілердің осы терминге əртүрлі мағына беретіндіктерінде жатыр. Оны біресе өзіне тəн əлеуметтік жəне мəдени институттары бар жаңа қоғамдық формация деп бағалайды, біресе оны етене құндылықтары, көріністері жəне нанымдары мен сенімдері бар мəдениет түрі деп көтермелейді; біресе сананы, ғылымды жəне білімді жоғары қоятын прогрестің, жаңашылдықтың, заманауи жəне т.б. түсініктерін ту еткен түр деп түсінеді. «Мұндай екіұштылықта модернитидің айналасындағы теориялық дискурстардың соншалықты күрделі жəне жиі шатысқан түрде кездесетініне таң қалуға болмайды, əрі бұл жаһандану мен модернитидің қатынастарына баға беруді қиындата түсетіні сөзсіз»
Модерн іштей көптеген «модернизмдерге» бөлшектеніп кетеді, ал олардың əрқайсысының өз тарихы, пайда болу шарттары жəне өзіне тəн ерекшеліктері бар. Модернизмді (сондай-ақ постмодернизмді де) анықтаудың қиындығы «қайсыбір түсініктердің мəн-жайын пайымдағанымызша, ол соншалықты түсініксіз əрі көмескілене түседі» дейтін бағзы философиялық ойды еске түсіреді.
Негізінен алғанда модерн дəуірі тарихтың белгілі бір кезеңі ретінде феодализм дəуірінен немесе аграрлық қоғамнан бөлек. Модерн капитализммен жиі теңестірілуде. Əйткенмен кейінгі немесе кемелденген капитализмде модерн капитализмнің жалғасы ма, жоқ əлде жаңа сатыға – посткапитализмге өтуді дəйектей ме деген сұрақтар да пайда болды. Мұндай көзқарас модернизмнің уақыттық «хронологиялық» ауқымын түбегейлі түрде өзгеруге мəжбүр етті. Басында оның пайда болуын ХІХ–ХХ ғ., одан кейін индустриалдық төңкеріс дəуіріне (ХІХ ғ. ортасы), сонан соң Ағарту дəуіріне (ХVIII ғ.), кейінірек Жаңа уақыттың басталуы мен капитализмнің туындау кезеңіне (XVІІ ғ. басына) апарса, бұл күнде оның басталуын көбіне Қайта өрлеу дəуірімен байланыстыруда.
Модернге дейін əлем өзін қозғалысы тұрақты, бағзыдан мəңгілікке дейін орныққан ғаламдық тəртіп есебінде ұсынады. Онда ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа пəлендей ештеңе өзгереқоймайды. Ал модернистік эстетикада қандай да бір өзгерістер əлеуметтік апат деп қабылданды, жаңашылдық неге апарып соғары белгісіз, ол жаңашылдықтар қалыптасқан тəртіпті бұзатын қауіпті жағдай деп қарастырылды. Модернизмде (капитализмде), Маркс айтқандай, дүниенің бəрі қозғалысқа түседі, өзгермелі болады. Адамдар үйреншікті мекендерін тастап, тəуір тірлік іздейді. Бұл жаңалықтар адамдардың əлеуметтік жəне эмпирикалық тəжірибесін, сезімдері мен дүниетанымын түбегейлі түрде өзгеріске түсіреді. Көптеген зерттеушілер тілге тиек ететін, Маршалл Берман анықтағандай, «модерн болу дегеніміз — билікті, өсуді, біздің өзіміздің жəне əлемнің өзгерісін қалайтын, қолда бардың бəрін қиратуға бейімділік. Модерндік жағрапия мен этникалықтың, тап пен ұлттың, дін мен идеологияның барлық шекараларын бұзып өтеді; бұл тұрғыда модернити бүкіл адамзатты біріктіреді деп айтуға болады. Бірақ бұл оғаш бірігу, бөлінгендіктің бірлігі; ол бізді тұрақты дезинтеграция мен жаңаланудың, күресу мен қарама-қарсылықтың, екіұдайылық пен азаптың иіріміне тартып алады»
Энтони Гидденс модернитидің модернге дейінгі əлемнен басты өзгешелігін дəстүрдің қуатына, өткенмен байланысына, əлеуметтік тəртіпке негіздеген болатын; модернити өткеннен қол үзуді өзінің конститутивті қағидасы ретінде қарастырады. Яғни, тұрақты түрде жаңару, өткеннен (көнеден) бастарту. Өткеннен ажырау, алдыңғы қатарға уақыттың, бұрынғының жəне қазіргінің (сондай-ақ болашақтың) үздіксіз байланысындағы уақыт пен тарих мəселесін шығарады. Уақытты сезіну мен бұрынғының бірігуіндегі тарихи сезім өзгерді. Ең алдымен, бұл сезімді Гамлеттің ауызына «уақыттың жібі үзілді...» деген сөзді салып берген модернист Шекспир жеткізді.
Фредерик Джеймсон модернизм жəне постмодернизмнің арасындағы қатынастардың қалыптасқан төрт түрін бөлектейді: пропостмодернистік/ антимодернистік (сəулетшілер Чарльз Дженкс пен Роберт Вентури, жазушы Том Вулф жəне тағы басқалар), антипостмодернистік /промодернистік (əдеби сыншы Хилтон Крамер, New Criterion журналы жəне Юрген Хабермас); про- модернистік/проантимодернистік (Жан Франсуа Лиотар); жəне модернистік/антимодернистік түр (оған сəулет өнерінің итальяндық тарихшысы Манфредо Тафруди жатқызылады).
Шамасы, қатынастардың осынау төрт түрін түсіндіруде мағына бар сияқты. Пропостмодернистік/антимодернистік түр оның жақтастары постмодернизмді (постмодернитиді) модернизм мен модернитиден өзгеше термин жəне феномен ретінде қарастырады, сондай-ақ олар постмодернитиді тарихи кезең ретінде, немесе постмодернді мəдениет түрі ретінде модерннен бөліп қарайды дегенді білдіреді. Бұл Джеймсонның пайымдауынша, оның бар осалдығына қарамастан, барынша дəйекті жəне мығым бағыт болып табылады.
Антипостмодернистік/промодернистік түр, оның жақтастары постмодерн(изм)ді термин ретінде, тарихи кезең жəне мəдениеттің бір түрі ретінде теріске шығарады дегенді білдіреді. Бұл бағытты да дəйекті əрі мығым құбылыс деп есептеуге болады. Мұның өзінде постмодернизмді теріске шығару жолдарының əртүрлі болуы ғажап емес. Басты келіспеушіліктер осы екі негізгі түрлердің арасында туындайды, ал қалған екеуі жартылай жəне сенімсіз болып табылады.
Жалпы «модерн» дəуірінен кейін өмірге келген «постмодерн» дəуірінің туу тарихы туралы да пікірталастар көп. Бүгінгі таңда дүниежүзілік əдебиеттануда, философияда, лингвистикада, мəдениетте жəне жалпы өнер атаулыда өзекті мəселе болып отырған «постмодернизм» ұғымы əдебиетке қашан енді жəне əлемде «постмодернистік» көзқарас қашан пайда болды, «постмодернизм» термині пайда болған кезде «модерн» мен «постмодерн» дəуірлерін бөлетін хронологиялық шекара қайда деген сауалдарға жауап берудің өзі қиындық тудыруда. Сондықтан да «70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдарының күрделене түскенін» айтып жүрміз
Зерттеушілердің көпшілігі «модерн» дəуірінің өткен күнге айналғанын, ал «постмодерн» өзінің құқығына қашан ие болғанын нақты белгілей алмай жүр. Ал, осыны анықтауды қажет ететін сұрақтарға жауаптардың көптігін жəне жүйесіз нұсқаларын жиі кездестіреміз. Тіпті, «постмодерн дəуірі мен постмодернизм кезеңін» (М.Эпштейн) сөз етпей тұрып, «модерн дəуірімен бірге модернизм идеялары да аяқталды ма» деген маңызды сауалдарға жауап беруде Еуропаның əдебиетті зерттеуші-ғалымдарының ой-пікірлері де бір тоқтамға əлі де келе қоймағанын аңғарамыз.
Қайшылыққа толы пікірлерді бір ізге түсіріп жүйелер болсақ, модернизм теориясының жалпы деген принциптері турасында мынадай тұжырымдар жасауға болады:

  • – əлемдік əдебиет контексінде модернизм эстетикалық доктрина ретінде алдыңғы дəуірлердің рухани құндылықтары мен дүниетанымдық қырларын жаңаша парықтаудан барып дүниеге келді;

  • – дəстүрлі эстетикалық ұстанымдарды басқаша екшеудің мысалдары ретінде еуропалық əдебиетте импрессионизм, символизм, жаңа драма, кубизм, имажизм, футуризм, экзистенциализм жəне тағы басқа мектептер мен ағым-бағыттар пайда болды;

  • – еуропалық модернизм дүниежүзілік соғыс сияқты адамзат көшіндегі ауытқулар мен əлеуметтік-тарихи дағдарыстар тұрғысында белең алып, əлем келбетін, өмір шындығын танытуда өз əлеуетін тауысып біткен позитивизмге қарсы тұрудан басталды;

  • – модернистер өз дəуірлерін ірі тарихи жаңарулар мен түбегейлі өзгерістердің кезеңі деп қарады;

  • – алғаш тəжірибе түрінде енгізіліп, кейін теориялық тұрғыдан негізделген «сана ағымы», А. Бергсонның интуиция жəне сана өзгерістері мен өмір құбылыстарының ұқсас жағдайларын сабақтастыру, З. Фрейд пен К. Юнгтың адам əрекетерін санадан тысқары қарастыратын психоанализ хақындағы тұжырымдамалары модернистер үшін айрықша маңызға ие болды.

Модернизм қоғамдағы қайшылықтардың барынша тереңдеген уақытында рухани-мəдени құлдырау, санадағы дағдарыстар белең алып кеткенде, оған қарсы реакция ретінде жаңа құндылықтар ізденістері кезінде пайда болғанын білеміз. Қазақ прозасында ХХ ғасырдың алғаш кезеңдерінде көрініс беріп, қайтадан үзіліп қалған модернистік поэтика желісі 1960 жылдардан бастап қайта өрістеуінде əлемдік тəжірибелермен аналогиялар байқалмай қоймайды. Дүниежүзілік соғысты адамзаттың ең үлкен дағдарысы, адам баласының рухани-ұждандық тұрғыдан ең ірі құлдырауы деп санаған əлем модернистері көркем ойлауды жаңа көкжиекке бағыттау, түп-тамырымен қайта қалыптау деп білсе, 1960 жылдардан бастап қайта өріс ала бастаған қазақ модернизмі маркстік- лениндік эстетикаға көзсіз берілуден бастартудан, тоталитарлық сана үстемдігінен арылуды ойлай бастаудан, «жарқын коммунизмге бет алып бара жатқан» өз қоғамдарының болашағына шүбə келтіруден барып күш алды.
Модернизмнің басты мақсаты – мəдениетті «модернизациялау», яғни «жетілдіру». ХХ ғасырдың басындағы авангардистік ағымдардың манифестерін оқып қарасаңыз, барлығының да мəдениетті жетілдіру проблемасын көтергенін байқар едіңіз. Алайда модернизм де біркелкі емес, ала-құла, көптеген мүдде, көзқарас, эстетикалық теориялардың қақтығысынан тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет