«Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерліктері» Дайындаған: Сейілханова Ә. Оразбаева Жарқынай



Дата06.01.2022
өлшемі238,49 Kb.
#109707
Байланысты:
СРСП-тарих-3

«Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерліктері»

Дайындаған: Сейілханова Ә. Оразбаева Жарқынай

IT-медицина 101

Тексерген: Исмагулова Д.

Жоспар:

  • Жаугершілік замандағы қазақ батырлары;
  • Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткендер;
  • Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары;
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Жаугершілік замандағы қазақ батырлары

  • Талай жаугершілікті бастан кешіріп, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай, бертін келе ұлт азаттығы үшін күрескен Исатай Махамбет, Сырым, Амангелді сынды ақберендердің есімдері айрықша жарқырап көрінеді. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес.

Ұлы Отан соғысы

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды.
  • Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б.
  • Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.

«ҚАРА АЖАЛ»

Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат Бигелдинов 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады.


Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды.

Кеңес Одағының батырлары;

  • Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. Қ. К. О. Б.:

Бұған қоса Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер Б.Бейсекбаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1996), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1998), ғарышкер-ұшқыш Т.Мұсабаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995) атақтары берілді

Қорытынды

  • Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалған басты игілік деп білуге міндеттіміз. Осы, қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы бар байлығымыз – тағы да осы батырларымыздың бізге аманат тапсырған қазынасы. Осыны біз бүгін көздің қарашығындай қадіріне жетіп, сақтай білуіміз парыз. Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, олардың тереңнен тамыр тартқан туған жер, Отан туралы идеясын бірінші қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде-бір халық мұрасы бұл идеяны айналып өтпеген. Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы-бізге жеткен барлық тарихи мұралардың алтын арқауы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • https://www.inform.kz/ сайты;
  • «Қазастан тарихы» Қ. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф. Қозыбақова, С. Саржанова – Алматы, 2011.
  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет