Ахметов Ғ. Б., Текжанов м-х. А., Ахмадиева А. Т., Иманқұлов Р.Қ. МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2009



бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі3,85 Mb.
#33416
  1   2   3


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ахметов Ғ. Б., Текжанов М-Х. А.,

Ахмадиева А.Т., Иманқұлов Р.Қ.


МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫғы
Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы

Павлодар


Кереку

2009


УДК 348.97(075.8)

ББК 67я73

М86
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:

Ағыбаев А.Н. – заң ғылымдарының докторы, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;

Исаев А.А. - заң ғылымдарының докторы, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;

Олжабаев Б.Х. – заң ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.


Құрастырушылар: Ахметов Ғ.Б., Текжанов М-Х.А.,

Ахмадиева А.Т., Иманқұлов Р.Қ.

М86 Мұсылман құқығы : юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / құраст. : Ғ.Б. Ахметов,

М-Х.А. Текжанов, А.Т. Ахмадиева, Р.Қ. Иманқұлов. –

Павлодар : Кереку, 2009. – 70 б.
ISBN 9965-573-27-1
Оқу құралында мұсылман құқығының пәні, жүйесі, қайнар көздері, мұсылмандық мектептердің құқығы мен отбасының құқығы және қылмыстық құқық, жалпы ислам құқығының басқа салаларына тигізетін әсері қарастырылған.

Студенттерге (бакалаврларға), магистранттарға, оқытушыларға және мұсылман құқығының мәселелерін зерттейтін барлық адамдарға арналған.


УДК348.97(075.8)

ISBN 9965-573-27-1 ББК67.я73




© Ахметов Ғ.Б. және т.б., 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ., 2009


Материалдардың дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауап береді
Кіріспе
Кеңестер Одағы кезінде мұсылман құқығы пән ретінде еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқытылмады. Сол кездегі идеологияны уағыздаушылар: Ислам діні халықты аяусыз езіп қанауға бағытталған, олай болса, құдайға сену керектігін және Аллаһ тағаланы мойындау- әдепсіздік деп көрсетуге тырысқан. Осының салдарынан біздер мұсылман діні мен мұсылман құқығы ұғымын түсіне білмедік. Жалпы, мұсылман құқығы – бұл жекеленген құқықтық жүйе, оны көптеген ғасырлар бойы әлемге кеңінен тарап өмір сүріп келе жатқан басты діндердің бірі екендігін қазіргі дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Аллаһ тағала кезең – кезеңдерде өзі жаратқан тіршілік иелеріне қалайша, қайткенде бақытты өмірге жетуге болатындығын көрсететін түрлі мекендер мен уақыттарда сан алуан қауымдарға әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберіп отырған. Құран Кәрімде көрсетілген осындай діни кітаптың жалпы саны төртеу: Тәурат, Інжіл, Зәбур, Құран. Мұсаға – Тәурат, Ғайсаға – Інжіл, Дәуітке – Зәбүр, Мұхаммедке – Құран түсірілген.

Қазақстан Республикасы егемендік алуына байланысты жоғарғы оқу орындарында мұсылман құқығы пәні оқытыла бастады (1суретті қараңыз).



1сурет - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ислам - мұсылмандық дін, Мұхаммед (салла–л–лаһу ғалейһи уа салам – аллахтың оған салауаты болсын) пайғамбар дінге жол салушы. Басты пікірі – бір Құдайға бас ию, Ахирет күнінің келетініне сендіріп, бес парызды өтеу:

- дін оқуының негізгі постулаттарын мойындау;

- күніне бес уақыт намаз оқу;

- игілікке жұмсауға қаржы ( зекет) беру;

- рамазан айында ораза ұстау;

- Меккеге қажылыққа бару.

Қазіргі кезде Ислам діні дүние жүзіндегі 67 мемлекетте таралған. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың желтоқсанынан ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достығы) елдерінің қатарына қосылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елінде 130 ұлттың өкілі тұрады [1]. Осы ұлттардың әрқайсысының қайталанбайтын материалдық және діни мәдениеттері, тарихы, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бар.

Келтірілген ұлттардың ішінен 46 ұлт пен ұлыс өкілдері ислам дінін уағыздашылар. Мұсылмандар ішінде - сүнниттер тобына 37-сі кіретін болса, ал қалған 9 тобы – шииттер қатарына жатады.



Павлодар қаласында ұлт өкілдерінің достық үйі (Здание дома дружбы) жұмыс істейді (2 суретті қараңыз) [2].


2 сурет - Достық үйі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет