Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 30. Тақырыбы: ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері



бет48/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 30. Тақырыбы: ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері.

1.1. 12 жылдық Білім беру концепциясы.

1.2.Білім берудегі тұлғалық-бағдарлық бағыт.
Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазакстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міңдеттері:
- 12 жылдық мектептегі білім беру максатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оку-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
- 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылык-экономикалық негіздемесін дайындау;
- Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
- Әлемдік үрдістер мен отандык тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдык жалпы орта білім беруге көшудін негіздемесі.
- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
- Жалпы орта білім беру құрылымы.
- Білім беру мазмүнын жаңартудың негізгі бағыттары.
- Білім беру процесін үйымдастырудың ерекшеліктері.
- Педагогикалық кадрлар.
- Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
- Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
- 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуынын карқындылығы;
- постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
- халықаралык ынтымақтастык, нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы. [8; 47]
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр.
Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп сонғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды.
Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жүмыстар басталды.
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық есуді толық камтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ыкпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
- Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылыктың болмауы.
- Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
- Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамта-масыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақ- талуы.
- Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік касиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі аныктау мотивтерінін болмауы, өзіндік кызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.
Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардын ішінде дамыған еддерден: АКШ., Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдык окыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.
Қазақстанның 12 жылдық. білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялык міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмүны оқушының өмірдегі құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының окуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себепші болады. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын камтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың каркынын арттыру кажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушыны тұлғалык дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физио-логиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.

1 практикалық сабақ тақырыбы. Педагогика – адам туралы ғылымдар жүйесінде.


Жоспар:
  1. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.


  2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет