Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 2. Педагогикалық кәсіп пен іс әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет20/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 2. Педагогикалық кәсіп пен іс әрекеттің жалпы сипаттамасы.

2.1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.

2.2. Педагогикалық іс әрекет әлеуметтік іс әрекеттің ерекше түрі ретінде.

2.3. Педагогикалық іс әрекеттің кәсіби стандарты: білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттері.
1.«Педагогика» атауы гректің “paidagogas” деген сөзінен шыққан. «Пайдос» - бала, «аго» - жетектеу дегенді білдіреді. Егер тікелей аударса «баланы жетектеуші» мағынасын білідіреді. Ежелгі Грецияда құл құлиеленушінің баласын мектепке апарып, мектептен алып қайтатын құлдарды педагог деп атаған. Кейіннен педагогика ұғымы кең мағынаға ие бола бастады. «Педагог» деген атаққа баланы тікелей мағынада жетектейтін емес, өмірде баланың жетекшісі болатын адам ие болды.
Қандай-да болмасын ғылым саласының пайда болуы, дамуы қоғамның өмірлік мұқтажынан – талабынан туады. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы - қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамыды. Ежелгі грек философтары (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит) ертедегі шығыс елдерінің тәрбие туралы оқуларын қорытып, жиыстырып білім мұрасын ілгері дамытты. Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды. Ол – «Шешендікке тәрбиелеу туралы» еңбегінде өзінің риторика мектебінде мұғалім болып істеген бай тәжірибесін қорытады. Балалар мектепте тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлуі қажет деп есептеді. Мұғалімнің білімді, ұстамды, балаларға үлгі болуы және оларды жете білуі қажет деп санады. Феодалдық қоғам тұсында (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтері ұсынған адамның, рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарастарының орнына «о дүниелік өмірге» дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. Кейбір шіркеулердің жанында да мектептер ашылып, онда ер балалар ғана оқыды. Монастырь және собор мектептерінде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды. Мұсылман мектептері балаларды құдайға, құдай қалаған үкіметке бағынуды талап етті. Медреселерде мұғалім болғысы келгендер араб философиясымен шұғылданды. Мұсылман мектептерінде балаларды қорқытып ұстау, ұрып жазалау үлкен орын алды. Қайта өрлеу дәуірінде гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар балаларды бағалауды жақтады. Гуманистер (Ф.Рабле,Т.Мор, Ткампанелла) жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деп есептеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. ХVІ ғасырда чех халқының ұлы педагогі Ян Амос Коменский, швейцарияның педагог-демократы И.Песталоцци және тағы басқалар прогресшіл позицияларды ұстады.
2.Жалпы білім беру ісінде және оқу-тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық міндеттерін шешу жас мамандардың біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.
Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін маман иесі. Тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыған орай мұғалім – тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берген. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып-білуге - өз тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынды.
Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бір өзенді екі рет кешіп өтпейтіндігі сияқты, оқушыға әр уақытта бір өлшеммен қарауға болмайды. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқалай приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі.
3. Қазіргі мәдениеті жоғары адамдар өзара даудамайды ақылмен, өзара келіс сөзбен шешетіндіктен, оларға шектен тыс сезім реакциясының қажеттігі мүлде болмайды да, жұмылдырылған энергияның өзі дене күшіне жұмсалмайды. Әрине, қазіргі адамдар да ашу-ыза кернегенде еріксіз жұдырығын түйіп, тісін қайрайды, алайда мұның барлығы – сол кездегі қалпы, ал дене күші іштей сейілгенімен, ағзаны одан әрі зақымдай түседі. Әсіресе, мұғалімдер өзін-өзі меңгере білуі, ұстамдылық, ізеттілік, ақиқаттық, тұрғысынан өнеге көрсетуі керек. Сондықтан, педагогтың кәсіби мәдениеті, болмысы мен ерекшелігі оның педагогикалық техникасынан, яғни: сыртқы бейнесі және педагогикалық бағыттылығы, өз сезімін басқаруы, дене қимыл қозғалысы мен келбет – пішіні қатынас құралы ретінде байқалады.
Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге асыру керек. Сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады:
а) Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты орнатады.
ә) Балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны қалыптастырады.
б) Оқу материалының оқушылардың санасында қабылданып, нығайтылуына әсер етеді.
в) Оқушылардың білім және тәжірибе жұмыстарын дұрыс ұштастырып үйлестіреді.
Педагогикалық сөйлеу мәдениетін жүзеге асыруда әр мұғалімнің өз стилі болатындығын тәжірибе дәлелдейді.
Мұғалімнің сыртқы бейнесі, киген киімі эстетикалық жағынан тәрбиешіге, ұстазға лайық болуы керек. Киген киімі, өзіне шақ ұнамды, қонымды, түс жағынан ұнамды, сыпайыкерлікті көрсететіндей болу керек. Сыныпқа кіргенде әбігерленбей салмақты, денесін бірқалыпты басқарып, оқушыларға ықыласты амандасып, жылы мейрімді көзқараспен пейіл көрсете білу – оқушыны бірден өзіне тартып баурап алуға ықпал етеді.
Мұғалім адамдарды тәрбиелеуші, жетілдіруші, үнемі ықпал жасаушы маман иесі болғандықтан, оның кәсібінің ерекше белгісінің бірі – педагогтік әдеп. Педагогтік әдеп, кең мағынасында педагогикалық процесте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде, жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа. Педагогтік әдеп жай ғана сыпайылық білдіру емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділік пен іскерліктің жиынтығы. Мұғалімнің әрбір қадамында, баламен ара қатынасында сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстамдылық, ілтипаттылық, кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол табу, оны тыңдай білу, түсіне білу педагогтік әдептілік белгілеріне жатады. Әр нәрседен хабары мол мұғалім оқушылардың жүрегінен жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік-жігер, ұстамдылық, ілтипаттылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл-оспаққа үйірсектік, көзқарас және дауыс ырғағының мол болуы.
Қазіргі кезде мұғалім мамандығына қойылатын талаптың бірі – оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестер мен демократиялық, гуманитарлық және жариялылық принципті негіздерде қарым-қатынас жасау арқылы педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білуі. Себебі, тек басқа адаммен қарым-қатынас жасау барысында ғана адамның ішкі жан дүниесі, көзқарасы мен қасиеттері айқын көрінеді. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет